Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Наурыз айының 24-25 жұлдызы аралығында Алматы қаласында Мейбукан годзю-рю каратэ-додан 400-ден астам спортшылардың басын біріктірген Қазақстан чемпионаты өтті. Аталмыш додаға ауданы-мыздың намысын арқалап 19 спортшы барып қайтты. Айта кету керек, үшеуі – нәзік жандылар. Бапкерлері Ерұлан Салықов пен Фархат Мұрсалиев шәкірттері үшін шалқып қайтты. Себебі, қырандар командалық есеп бойынша ауданымызды екінші орынға қондырды. Ерекше қабілеттерімен көзге түскен 7 жасар Алихан Тоғызбай, Ержан Сәкенов пен 8 жасар Ботакөз Молдахан мен 10 жасар Саера Қожамқұлова сынды спортшылар болашақта Қазақстан атын әлемге паш ететіндеріне сендірді жиылған көпшілікті. Жарысқа арнайы Жапон елі Окиново аралынан ұшып келген Бүкіләлемдік Мейбукан Годзю-рю каратэсі Ассоциациясының Президенті, қара белбеу…
Жұма, 06 Сәуір 2018 09:16

Турнир на призы А.Саматова

Очередной ежегодный республиканский детско-юношеский турнир по греко-римской борьбе на призы ветерана спорта, мастера спорта Аманбека Саматова, состоявшийся в конце марта в физкультурно-оздоровительном комплексе г.Есика, собрал 600 юных рыцарей борцовского ковра со всех уголков Казахстана. В первый день турнира на торжественный гала-парад вышли сборные Актюбинской, Жамбылской, Мангыстауской, Карагандинской, Павлодарской, Кызылординской, Восточно-Казахстанской областей, районов Алматинской области, г.Талдыкоргана и г.Алматы. После исполнения государственного Гимна РК турнир открыл секретарь районного маслихата, мастер спорта по боксу Бекет Ахметов. Бекет Толегенович рассказал о жизненном и спортивном пути Аманбека Фазыловича, который четверть века непосредственно участвовал в соревнованиях республиканского и международного уровней, готовил для республики титулованных спортсменов, много…
Жұма, 16 Наурыз 2018 14:08

Аян – Еуропа чемпионы!

Жерлесіміз сөгетілік Аян Байғазы дзюдодан 3-4 наурызда Анталияда өткен 2001-2003 жылғы жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогін жеңіп алды. Бас бапкер Ғайнолла Есенғалиев бастаған ұлдар мен қыздар арасындағы байрақты бәсекеде Қазақстан қоржыны 5 алтын, 2 күміс, 7 қоламен майланып, командалық есепте 2 орыннан көрінді. Аян Нұра ауылындағы О.Жандосов атындағы орта мектепте 7 сыныпқа дейін білім алған. Қазіргі уақытта Талдықорғандағы облыс-тық дарынды балаларға арналған спорт мектебінде тәрбиеленіп жатыр. Алғашқы жаттықтырушысы Сәтжан Шарғыновтың айтуынша, ол 4 сыныптан бастап спорттың осы түрімен айналысқан. Түрлі додаларда 81 кг. салмақта топ жарған Аян Асхатұлы бірінші айналымдағы қарсыласы Түрік азаматын басымдықпен ұтқан. Екінші айналымда славяндық, үшіншіде канадалықты шаршы…
Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 16:43

Елорданың құрметіне

Ұғынғанға дерт көп, денсаулық біреу. Ал оның айнымас серігі – спорт. Аудан тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортшыларды қолдау мақсатында Астананың 20 жылдығы қарсаңында аудандық дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде волейболдан аудан чемпионаты өтті. Ерлер арасындағы турнирге спорт жанашыры, аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, аудандық мәслихат депутаты Сейітхан Қырқынбаев, спорт жанашыры Серік Нүсіпәлиев қатысып отырды. 9 команда бәсекеге түскен шара тартысты өтті Сонау 1985 жылдан бері әлемдік спорт тарихында ойып орын алған қалқып ұру бәсекесі ауданымызда да жыл санап қарышты даму жолында. Оған осы турнирде жоғары ойын үлгісін көрсеткен командаларымыз дәлел. Айталық, Қазақстан округінің құрамасы, қаракемеліктер және есіктік «Алиф»…
Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 12:54

«Толағай» сайысы өтті

Тәлімді тәрбие отбасынан басталса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Ата-ана шаңырақтың іргетасы. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор. Жақында Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің 2 сыныптары арасында «Толағай» отбасылар сайысы өткізілді. Сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. 6 кезең бойынша өткен сайысқа үш сыныптың белсенді, спортқа жақын ата-аналары және әр сыныптан төрт оқушыдан қатысты. Әр сыныптың өз аты, таңбасы, ұраны және бір түсті спорттық киімі болды. «Қыран» тобы көк түсті, сынып жетекшісі Қ.Мамбетова, «Сұңқар» тобы қызыл түсті, сынып жетекшісі М.Амиракынова, «Тұлпар» тобы ақ түсті, Б.Салимбаева. Оқушылар…
Жыл сайын Алматы қаласында дәстүрлі өтетін футболдан турнирге биыл ауданымыздың намысын қорғап «Альтаир» командасы барған еді. Алматы облысынан және Алматы қаласынан жүзден жүйрік шыққан 12 команда ала доп бәсекесінде бағын сынады. Рафик Жаргиловтың шәкірттері айтулы додада дес бермей үздік үшінші орынды қанжығалап қайтты. Ақтық сында былтырғы алматылық чемпиондар «Алматытелеком» құрамасымен шық-қан жерлестеріміз 3-1 есебімен жеңді. – Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының депутаты, «Альтаир» ӨК басшысы Сейтхан Қырқынбаевқа команда атынан алғысымызды білдіреміз. Осы жолы да қолдау көрсетті. Үнемі командамызға демеу беріп жүретін шынайы спорт жанашырына рахметтен артық айтарымыз жоқ, – дейді «альтаирлықтар». Айтып өтейік, осыдан екі ай алды ғана осы құрамада өнер көрсеткен…
Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 12:49

Спорт жаңалықтары: Волейбол

Ұғынғанға дерт көп, денсаулық біреу. Ал оның айнымас серігі – спорт. Аудан тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортшыларды қолдау мақсатында Астананың 20 жылдығы қарсаңында аудандық дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде волейболдан аудан чемпионаты өтті. Ерлер арасындағы турнирге спорт жанашыры, аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, аудандық мәслихат депутаты Сейітхан Қырқынбаев, спорт жанашыры Серік Нүсіпәлиев қатысып отырды. 9 команда бәсекеге түскен шара тартысты өтті. Сонау 1985 жылдан бері әлемдік спорт тарихында ойып орын алған қалқып ұру бәсекесі ауданымызда да жыл санап қарышты даму жолында. Оған осы турнирде жоғары ойын үлгісін көрсеткен командаларымыз дәлел. Айталық, Қазақстан округінің құрамасы, қаракемеліктер және есіктік «Алиф»…
Жексенбі, 03 Желтоқсан 2017 21:38

Спорт – өмір көркі

Жуырда Жаңашар ауылдық округіне қарасты Космос ауылында қашықтыққа жүгіруден жарыс өтті. Жарыс Комсомол көлінен басталып, Космос ауылында мəресі сызылды. Спорттық шараға 30-дан аса ауыл тұрғыны қатысты. Бұл спорттық іс-шараның ерекшелігі – ауылымызда алғаш рет ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарын саламатты өмір салтын ұстануға шақыру болды. Жарыс 5 шақырымға созылды. мини марафонда ең жас қатысушы ретінде жетінші сынып оқушысы Бекжан Шарапбеков тіркелсе, ең үлкен атлет ретінде 50 жастағы Абдурашид Бахтиев қатысты. Ауыл жастары белсене атсалысып, іс-шара жоғарғы деңгейде өтті. Қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталып, сыйлықтар тарту етілді. Гулшат ЛАВЬЯЕВА, Жаңашар ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы
Жексенбі, 03 Желтоқсан 2017 21:30

ҚИЫНДЫҚТЫ ЖЕҢУДІҢ ЖОЛЫ – жақсы көру

Оның өмірге құштарлығының сыры – жақындарының махаббатында. «Қиын сәттерде өзіңді жақсы көретін адамдарды ойлау керек. Анаңды, мысалы. Бауырларыңды. Олардың қиналғанын көргің келмесе, қандай қиындықтарға да шыдайсың», – дейді ол. 15 жасында жоғары кернеулі тоққа түсіп, 100 күн ауруханада, 2,5 ай үйде төсекке таңылып, сол қолынан айырылған Дінислам Елұзақ – бүгінде таэквандодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Мақаламызда түрлі спорт сайыстарында ауданымыздың абыройын қорғап, көпке үлгі болып жүрген азаматтың жан сыры, спорттағы жетістіктері, өмірлік ұстанымдары туралы сыр шертпекпіз. 1985 жылы сонау Моңғолияда дүниеге келген Дінислам 1991 жылы атамекенге қарай ағылған ұлы көште ата-анасымен бірге елге оралып, Түрген ауылына қоныстанды. Сондағы қазақ орта…
Жапон елінің тарихынан күні бүгінге дейін жібі үзілмей келе жатқан джиу-джитсу әлемдік сахнадан ойып тұрып орын алған спорт түрі. Жыл сайын джиу-джитсудан дәстүрлі өткізілетін әлемдік турнир биыл да жалғасты. Италия мемлекетінде тізе қос-қан кіл мықтылар арасында жерлесіміз Қанат Жақыпбаев та бар-тын. 77 кг салмақта қайыповтық Қанат топ жарып, Әлем чемпионы атанды. Иә, бұл Қанат Еркінұлының алғашқы асуы емес. Ол осыдан 3-4 жыл бұрын да бұл ерлігін қайталаған еді. Нақтырақ айтсақ, 2013 жылы Польшада өткен, 2014 жылы Португалияда өткен әлем чемпионатында топ жарған. Сөйтіп, небәрі 28 жасында әлемнің үш дүркін чемпио-ны деген атақты ерен ерлігімен қорғап шықты. 10 жылға жуық спорттың…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама