Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 04 Сәуір 2019 21:02

200 мәрте қой көтерді

200 мәрте қой көтерді mezet.kz

  Тескенсу ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Армысың, әз-Наурыз!» атты мерекелік шара өтті.

  Ашылу салтанатында округ әкімі Б.Доғалов барша округ тұрғындарын мерекемен құттықтады. Жиынға екі мыңдай тұрғын жиналып, концерттік бағдарламаны тамашалап, арнайы тігілген қазақ үйлерден көже ішіп, алтыбақан теуіп, қазақтың ұлттық дәстүрлерінен көптеген көріністердің куәсі болды. Қазақ ұлттық күресінен алты түрлі салмақта ауыл жастары өнер көрсетті. Спорттық ойындардан арқан тарту, кір тасын көтеру, қол күрестіру, қой көтеру сынды ойындар өткізілді. 32 килограмм кір тасын көтеру сайысында 75 мәрте, қой көтеру сайысында 200 мәрте қойды көтеріп, топ жарған Дүйсен Әлібеков үздік деп танылып, бағалы сыйлықтармен бірге арнайы сыйлыққа берілетін екі қойды иеленді.

Ж.Болғамбай      

        Тескенсу ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы. 

 

Read 53 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама