Бейсенбі, 04 Тамыз 2016 14:29

Жерлесіміз – «Алтын қолғап» иегері

Бұндайда қазақ бәрекелді, демей қоймас. Жерлесіміз Б.Майлин атындағы орта мектептің түлегі Надира Маратова қос бәйгеден бірінші келді. Нақтылап айтсақ, Қазақстан бойынша бокстан өткен ҚР мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасындағы спартакиаданың жеңім-пазы атанды. Бұл бәсеке Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың спорт кешенінде өткен-тін. Екіншіден, 17-24 шілдеде Сербия мемлекетінің Суботица қаласында жалауы желбіреген 34-ші «Алтын қолғап» халықаралық турнирінде де чемпион атанды.

 

+80 кг салмақта өнер көрсе-тетін жерлесіміз халықаралық турнирдің ақтық сынында әлем чемпионатының жүлдегері болгариялық Екатерина Дмитрованы жеңген. – Шыны керек, бұл үлкен жеңіс. Себебі, болга-риялық былғары қолғап шебері өз мемлекетінің жеңімпазы. Өзіндік жылдамды-ғымен әрі дәлдігімен ерекшеленген боксшы Надираға лайықты қарсылас бола білді, – дейді бұл турасында жеңімпазымыздың бапкері Тілек Манап. Сонымен қатар алдағы басты жоспарымен де бөлісті бапкер: – Ендігі үлкен мақсатымыз – келер жылы Аргентина мемлекетінде өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысып, топ жару. Бұл Надираның өміріндегі ең үлкен белестің бірі. Осынау биікті бағындырса, аудан, облыстың ғана емес, еліміздің даңқын шығаратын спортшылар қатарына енер еді. Сондықтан қазірден бастап көп уақытымыз дайындықпен өтуде. Тынымсыз төккен теріміз өз жемісін береді деген сенімдеміз.

Ендеше, жерлесімізге біз де тілектеспіз. Өркенің өссін, Надира!

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Қаралды 1261 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама