Бейсенбі, 27 Сәуір 2017 10:50

Кубок иегері анықталды

Жақында Есік қаласындағы төменгі стадионда футболдан аудан әкімі кубогінің ақтық кезеңі өтті. Ауқымды шараға аудандық мәслихат хатшысы, бокстан КСРО-ның спорт шебері Бекет Ахметов, спорт жанашыры Руслан Қалиев, қала әкімі Бауыржан Бименов пен дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабеков қатысты.

 

Дене шынықтыу-сауықтыру кешенінде өткен бәсекенің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Бекет Ахметов қатысушыларға сәттілік тілей отырып:

– Құрметті футболшылар, «Дені саудың – жаны сау» – деген сөз бекер емес. Тәуелсіз Қазақстанның болашағын өздеріңіз секілді спортпен шұғылданатын жастар құрау керек. Сондықтан, өздеріңізге қолдан келгенше жағдай жасалуда. Оның бірден-бір дәлелі өздеріңіз тұрған спорт кешені – деді. Сондай-ақ, Руслан Қалиев те қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Шара барысында футболдан 2016-2017 жылғы чемпионаттың бірінші және екінші лига жүлдегерлері мен жаңімпаздары марапатталды.

Екінші лигада «ПМК-Шелек» ІІІ орын алса, ІІ орын «Шадай батыр» командасына, І орын «Қазақстан» командасына бұйырды. Бірінші лигада ІІІ орынды «Байрам» құрамасы еншіледі. «Альтаир» командасы ІІ орынға табан тіреп, «Намыс» командасы жүлделі І орынды қанжығалады. Сонымен қатар, ерекше ойын үлгісін көрсеткен ойыншылар да құралақан қайтпады. Амир Тоқаев «Үздік қақпашы», Жанұзақ Рысбаев «Үздік қорғаушы» номинациясын еншіледі. Жәдігер Рахманов «Үздік жартылай қорғаушы» атанып, «Үздік шабуылшы» атағы Бахтияр Имнахуновқа бұйырды. Жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталып, медаль мен кубоктар табысталды.

Марапаттаудан соң әкім кубогінің ақтық кезеңіне жолдама алған түргендік «Байрам» командасы мен асылық «Шадай батыр» командасы алаңда кездесті. «Нағыз мықты алып та жығады, шалып та жығады» – деп бекер айтылмаса керек, қос мықты да ауа райының қолайсыздығына қарамастан көз сүйсіндірер ойындарымен кездесудің көркін қыздыра түсті. Осылайша, ойынның алғашқы таймында қарсыласынан басым түскен түргендіктер есеп ашты. Алайда, екінші таймда намысқа тырысқан «Шадай батыр» футболшылары есепті теңестіріп, артынша тағы бір голдың авторы атанды. «Байрам» жігіттері де оңай шағылар жаңғақ емсетігін көрсетіп, қарсыластың қақпасына тағы бір голын тоғытты. Негізгі уақытты 2:2 есебімен қорытындылаған командалар, жеңімпазды пенальти тебу арқылы анықтады. Нәтижесінде, 3:1 есебімен асылық «Шадай батыр» командасы аудан әкімі кубогінің иегері атанды.

Марапаттау сәтінде ойындарына сүйсінген Бекет Ахметов спортшыларға алғыс айтып, кубок пен медаль, алғыс хаттарын табыстады.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 2476 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Спортшыларымыз ерледі Кубок иегері анықталды »

Соңғы жаңалықтар

Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тустукбаев Бағлан Ахихатұлы, 1989 жылы 7 сәуірде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Әділхан Азамат Әділханұлы, 1993 жылы 11 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келдім.…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет