Бейсенбі, 21 Қыркүйек 2017 14:34

Отбасы – өмір аясы

Жақында отбасы күніне орай Көктөбе ауылдық округінде «Отбасы – өмір аясы» атты эстафеталық ойын өтті.

Ата-ана мен оқушы арасында ізгі қарым-қатынастың орнауына ықпал ету, отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету, ұлттық салтдәстүрлерді, отбасы тәжірибесін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға төрт отбасы қатысты. Ойын қызықты әрі тартысты өтті. Жарыс соңында командаларға мақтау қағазы мен сыйлықтар табыс етілді. Ақмарал КЕТПЕНОВА, Көктөбе ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы.

Қаралды 146 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама