Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Сәрсенбі, 26 Желтоқсан 2018 18:29

«Өмірдің әр мезеті таңғажайып»

  Желілік басылымның аты – mezet. Мезет, мезгіл, мерзім, уақыт, сәт – синоним сөздер. Десек те, мезеттің жөні бөлек. Мезгіл – тәулік, жыл маусым уақыттарын белгілесе, сәт – кірпік қаққанша, көзді ашып-жұмғанша уақыт өлшемі. Сол секілді әр синонимдік сөздің өз орны, өз қолданыс түсінігі бар. Ол мезет сөзі іс-қимылдың, адамның әр кездегі көңіл-күйін, өмірдің әрқилы өзгерістерін көрсететін өлшем. «Жиырма бес жыл сарғая күткенім осы бір қуанышты мезет еді» –  дейді Ілияс Есенберлиннің «Алтын құс» романының кейіпкері.

  Сондықтан қымбатты оқырман, көрермен, mezet.kz желілік басылымның жазушылары! Өздеріңіздің күнделікті өміріңіздегі осындай сәттерді желілік қысқа тілмен айтқанда пост арқылы, яғни, шағын әңгіме, мөлтек сыр, сырға толы жыр дегендей... Ал сол мезеттердің суретін, әрине, жан толқытатын сезімтал жүрекке жететін фото суреттер, клип-түсірілімдер мезет басылымын көркейтері анық. Бір қарағанда, қиын секілді көрінетін осы түсірілім, қойылымдар ғаламторда қаптап жүр. Бұларды тек кездейсоқ қана интернет беттерін ақтарып отырып таба аласыз.

  Мезеттің ұсынысы: арнайы желідегі арнайы мекенжайға жіберсеңіздер көптің көзайымы болары хақ. Мысалы: фотосуреттер, күнделікті тұрмыс сәттері, табиғат, жануарлар әлемі, пейзаж, күлкілі, әзіл-оспақ суреттер, бейнежазбалар.  

Желілік басылым редакторы Х.АХМЕТЖАНОВ

Read 231 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама