Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 11:22

Қасиетті күндегі көктөбеліктер қуанышы

 

Өткен аптаның қасиетті жұмасында Көктөбе ауылындағы мешіттің жанынан асхана ашылды. Кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары болып қолға алған игі шараның тұсаукесеріне «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы, ауданның құрметті азаматы Хайролла Ахметжанов, ауданның бас имамы Сапархан Төреқұлов, округ әкімі Болат Жасыбаев, ауыл имамдары мен жергілікті тұрғындар келді.

Жиылған көпшілік үшін жайылған ақ дастархан басында құран оқылып, түрлі тағылымды әңгімелер айтылды. Көктөбеліктерді қуаныштарымен құттықтаған Хайролла Ахметжанов кәсіпкерлерге ризашылығын білдірді. Округ әкімі Болат Жасыбаев асхананы салуда көмек қолын созған азаматтардың иығына шапан жапты. Ауданның бас имамы уағыз айтып, асыл дінімізде жақсылық жасау – әр мұсылманның міндеті екендігін жеткізді.

Осыдан бір жыл бұрын қасиетті Рамазан айында ауылымызда ауызашар бердік. Өкінішке орай, сол күні ауа-райы бұзылып, жаңбыр жауып, ауызашарымыздың берекесін кетірді. Содан ауыл тұрғындарымен ақылдасып мешіттің жанынан асхана салуды ұйғардық – дейді ғимараттың негізгі демеушілері, кәсіпкерлер Дулат Юсупов пен Берік Сыдықов. Алдымен кәсіпкерлер жеке меншікте болған жерді сатып алған. Кейіннен, сол жерге шатыр жасауды ғана жоспарлаған. «Көп түкірсе – көл» – деп бекер айтылмаса керек. Тұрғындар аталған кәсіпкерлермен ақылдаса келіп, асхана салуды бастап кеткен. Сыйымдылығы 350 адам болатын нысанның құрылысына 25 млн теңге жуық қаржы жұмсалған. Оның 5 млн теңгеге жуығын ауыл тұрғындары жинап берген. Қалған шығынды Дулат Юсупов пен Берік Сыдықов мойындарына алған.

Қуанышқа басқосқан ауыл тұрғындары жомарт жандарға алғыстарын білдіріп, сый-сияпаттарын ұсынды.

Оқылды 8094 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 29, 2024

Көктерек қашан «ауыл» болады?

Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…
Нау 29, 2024

Аудан әкімі тағайындалды

Кеше аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХІХ сессиясында аудан әкімі лауазымынаТалғат…
Нау 29, 2024

Межелер пысықталып, жоспарлар…

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы…
Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет