Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Күндер бойынша реттелген элементтер: Бейсенбі, 24 Қаңтар 2019
Бейсенбі, 24 Қаңтар 2019 16:27

Вниманию читателей!!!

Редакция газеты «Еңбекшіқазақ»  сообщает, что лоторея, организованная с целью привлечь подписчиков газеты на полный год (12 месяцев), будет разыграна 31 января 2019 года в 11:00, в зале заседаний городского акимата по адресу: г. Есик, ул. Алматинская, 112. Телефон для справок 4-19-21

Published in Жарнама
Бейсенбі, 24 Қаңтар 2019 16:12

Оқырман назарына!!!

Есік, Шелек пошта бөлімшелерінен бір жылға жазылған оқырмандарымыздың аты-жөнін түгелдей теріп, редакция ұйымдастырған лоторея ойындарына қатыстырмақпыз. Осы шараны өз көзімен көріп, әділ өтуін бақылаймын деушілерге есігіміз ашық!

Өтетін уақыты  31.01.2019 ж. , сағат 11.00-де, мекен-жайымыз  Есік қаласы, Алматы көшесі , 112-үй. Қала әкімдігінің жиын залы , тел: 4-19-31

Редакция

Published in Жарнама

Мектепке дейінгі білімдегі ұлттық тәрбиенің басты кілті – тіл тазалығы. Осы мәселе еліміздің білім беру жүйесінде, соның ішінде үш тілде білім беруге көшкен балабақшалар мен бастауыш сыныптарда қалай сақталып отыр? Әлі ана тілін толық меңгермеген балалардың тілі балабақша мен бастауышта қойыртпаққа айналуы қоғам тарапынан алаңдаушылық туғыза бастағаны байқалады.

Журналистік зерттеу барысында 5 мектепте болдық. Сонда байқағанымыз – балалар бір-бірімен орысша сөйлеседі. Директордың бөлмесін таба алмай, дәлізде тұрған оқушылардан көмек сұрадым. Аралас мектептегі 6-сыныптың оқушысы: «қазақша түсінбеймін», деп жауап береді. Әрі қарай диалогымыз орыс тілінде жалғасты.

«Бүгінде үш тілді еркін меңгеру – табыстың кілті. Бұл – дамыған 30 елдің қатарына кіруді мақсат еткен еліміздің дамуына қосқан білімнің үлесі» дейді. Үштілділік білім орталығы директорының міндетін атқарушы Сара Сейітқызы. Үштілділік ел Президентінің 2007 жылғы «Тілдердің үштұғырлылығы» мəдени жобасынан бастау алған. Ал үш тілді білім беру 2015 жылы «100 нақты қадам» бағдарламасынан қарқынды қолға алынып, Ұлт жоспарының 79-қадамы жəне үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы негізінде жүргізіліп жатыр. Орталық басшысының мəліметінше, 2013 жылдан бастап 1-сыныптан ағылшын тілін оқыту 2012 жылғы жаңа стандартта көрсетілген. 2016-2017 оқу жылында ағылшын жəне орыс тілі 1-сыныптан бастап енгізілді. Бұл балаларға қиындық туғызып жатқан жоқ па? Өйткені олар үш тілде оқып-жазуды 1-сыныптан бастап үйренеді. Алдымен бала жағдайын білетін ата-анадан сұрадық. 5-сыныптан кеш, 1-сыныптан ерте үлкен ұлы 5-сыныпта, ортаншысы 2-сыныпта оқитын Əсия Базарбайқызы: «Қазір балалары мектепке барған біздің буында «Ағылшын тілін 5-сыныптан бастап оқытқанда да кеш қалған жоқпыз ғой, бізден де аудармашылар, елшілер шықты» деген уəж туындаған. Бірақ бұрынғыдай оқытсақ, балаларға қиын тиеді. Өйткені жоғары сыныптарда кей пəндерді ағылшын тілінде оқытады. Алайда бұл тілдерді 1-сыныптан оқытуды қолдаймын деген сөз емес. Өйткені өзі білім алатын тілде оқып-жазуды меңгермеген балаға алғашқы жылы өзге тілдің əріптерін үйрену ауыр. Барлық проблеманың зардабын көретін алдымен ата-ана. Үлкен ұлым оқығанда қатты қиналдым, өйткені мектепте неміс тілін оқығанмын, сондықтан қадағалай алмаймын. Амал жоқ, қосымша мұғалім жалдап оқыттым», дейді. Жарайды, кірісі көп қалалықтар осылай жол тауыпты, ал ауылдық ата-аналар қайтпек? Бұл айтарлықтай проблема, себебі еліміздегі бүкіл мектептің 5285-і, яғни 71 пайызы ауылдық мектептер. Ақпараттық талдау орталығының 2016 жылғы зерттеуінше, 247,4 мың бала – тұрмысы төмен отбасынан. Гарвард университетінің түлегі, сарапшы Шыңғыс Мұқан бұған басқа қырынан қарайды. «Жалпы, қазіргі əлем қос тілді. Бүгінгі адамзат арасында бір тілден гөрі қостілді білетін адамдар көп. Əр он адамның бірі үш тілді меңгерген. Демек, өзге тілдерді білу – əлемде қалыпты жайт. MIT (Massachusetts Institute of Technology, ғылыми-зерттеу инс-титуты – А.Ш.) тұжырымынша, адамның тіл үйренуге деген қабілеті 10 жасқа дейін жоғары болады, ал əрі қарай ол қабілет жойылып, фундаменталды ғылымды, математика сынды пəндерді үйренуге қабілеті арта түседі екен», дейді Ш.Мұқан. Əрі қарай бала тəрбиелеп отырған сарапшы өз ойын: «Болашақ» бағдарламасы бойынша Бостонда тұрғанда Алаш атты ұлым шет тілі ретін де испан тілін 1-сыныптан бас тап оқыды», деп сабақтайды. Десе де, көптің көкейінде сұрақ бар: əлі ана тілінің əліпбиін толық меңгермеген балаға өзге тілді үйрету қаншалықты қисынды? Мүмкін балалар біз ойлағаннан əлдеқайда алғыр болар... Мектепке бардық. Партаға отырдық. Шыңғыс есімді сары баланың қасынан орын табылды. Балалар бағдарлама бойынша 2-сыныпта оқи алуы керек екен. Шыңғысқа өзімнің білмейтінімді, оның оқып беруін өтіндім. Ол ағылшын тіліндегі «cat» сөзін «сат» деп оқыды. Апайы түзетті. Бала күдіктенетіндей емес, мағынасы бар сөз. Ал бұл мысық сөзінің ағылшыншасы дұрысында «кəт» деп оқылады. Басқа балалар білетін болар деп өзге оқушының жанына жайғастым. Ағылшын тілі оқулығын ашып едім, Еңлік қыз маған үрке қарады. Жылы жымиып, кітаптағы сөзді оқып беруін сұрағанымда: «Мен ағылшынша оқи алмаймын!» деп бір-ақ кесті. Өзін мақтай отырып себебін сұрағанда: «Əріптерді білемін, бірақ оқуы басқа», деді. Ал мұғалім (аты-жөнін жазудан бас тартты) бұл проблеманың басты себебін үйдегі бекіту жұмысының болмауында деп түсіндіреді. Мұндайда отбасында ағылшын тіліне қызығушылық танытатын ата-аналардың балалары алда келеді екен. Себебі аптасына өтетін екі сабақ жеткіліксіз. Мысалы, 4-сыныпта бұрынғы бағдарламамен аптасына 1 сабақ болады, олардың деңгейі қазіргі аптасына 2 рет өтетін 2-сыныптағы оқушылармен бірдей. Сыныптағы 25 баланың деңгейі əртүрлі. Бағдарлама бір болғанымен қабылдау басқа, соған сəйкес 2-сыныпқа өтсе де ағылшын былай тұрсын, əлі қазақ əріптерін шатастыратын балалар бар. Содан келіп ағыл шын тіліндегі сөздерді де өзі зорға меңгеріп жүрген қазақ əріптерімен оқиды. Бұл – бірін ші қиындық. Екіншісі одан да салмақты, себебі бала бойында пəнге деген кері реакция пайда болды. Мұның соңы мұғалімге проблема, ата-анаға уайым алып келеді. Ал ол шешімін таппаған жағдай да ағылшын тілі мұғалімі сенімнен айырылады, ата-ана қалтасынан қағылады. Өйткені бала оқу керек. Тұйық осы талапқа тіреледі. Әлемнің бірде-бір елінде үш тіл мүлдем оқытылмайды Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы əлемдегі ең əлеуетті 30 елдің бастауыш сыныптарында қанша тіл оқылатынын зерттепті. Депутаттың дерегінше, екі тіл 1-сыныптан 4 елде, 2-сыныптан 5 елде, 4-сыныптан 12 елде оқытылады. Алайда əлемнің бір де-бір елінде үш тіл мүлдем оқытыл майтынын алға тартқан М.Бақтиярұлы балабақшада жəне бастауыш сыныптарда барлық пəн тек ана тілінде оқытылуы керек екенін əрдайым айтып келе жатқанын жеткізді. Бұған ХІХ ғасырда өмір сүрген америкалық саясаткер Бригам Яңның (Brigham Young): «Балаларыңыздың ана тілін толық меңгергеніне көңіл аударыңыз, сонан соң барып оған жоғары сапалы білім алуына рұқсат беріңіз», дегенін қоса кетейік. Əлемдегі көптеген мемлекеттерден, əсіресе ТМД елдерінен Малайзияға тіл үйренуге баратындар жыл санап артып келеді. Өйткені ол – ағылшыншаны ресми тіл ретінде қабылдаған ел. Сонда білімін жетілдіріп келген тіл маманы Мадина Мұсатаева: «Орыс тілін білу біздің балаларға керек. Мен мұны ағылшын тілінің маманы ретін де айтып тұрмын, өйткені орыс тілін білген балаға ағылшыншаны алып кету оңай. Екі тілдің сөйлем құрылысы, грамматика, лексикасында да көп ұқсастық бар. Бір-ақ сөз айтайын: interesting – интересный. Ал оның қазақшасы – қызықты. Мұндай жаттауға жеңіл, өте ұқсас сөздер мыңдап кездеседі. Орысшаға жетік болу ағылшынды тез үйрену үшін қажет. Екіншіден, əлем мойындаған классикаларды өз тілінде оқи алады. Бұдан бөлек, ғарышты бағындырған көрші ел, сол себепті ағылшын тілінде де таппайтын кейбір ғылыми деректер бар. Түпнұсқасы орыс тілінде», дейді. Оның айтуынша, ағылшын тілінің балаларға қиындық туғызып жатқан себебі қазіргі мектептегі оқулықтар көзге, яғни сурет арқылы есте сақтауға арналған. Ондағы сөздер тез жатталады əрі тез ұмытылады. Жəне жаттауға берілген сөздер көбіне күнделікті өмірге қажетсіз. Ал адам білгенін, үйренгенін қолданбаса, оның бəрі өздігінен ұмытыла береді. Кей əдістемелер əлі де кеңестік кезеңнің сарқыты, бұл қазіргі балаларды жалықтырып жібереді. Дегенмен, ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы: «Бала бастауышта бар пəнді тек ана тілінде оқуы керек», деді ғой.

Орыстілді мектептің оқушылары қазақшаға неге шорқақ?

Журналистік зерттеу барысында 5 мектепте болдық. Сонда байқағанымыз – балалар бір-бірімен орысша сөйлеседі. Директордың бөлмесін таба алмай, дəлізде тұрған оқушылардан көмек сұрадым. Көздері дөңгелене бір-біріне қарайды. Қайталадым. Аралас мектептегі 6-сыныптың оқушысы: «Қазақша түсінбеймін», деп жауап береді. Əрі қарай диалогымыз орыс тілінде жалғасты. Мен одан қазақ тілі деген пəнді қай сыныптан бастап оқитынын сұрадым. 1-сыныптан бастаған екен. Жауабынан соң: «Сонда саған қарапайым сұрақты түсінуге бес жылдық білім жетпеді ме?», деп сұрадым. Иығын қиқаң еткізді. Бір пəнді 5-6 жыл оқыса да бұл балалар қазақшаға неге шорқақ? Ең алдымен балалар үшін алаңдаймыз. Оқушылар бастауышты бітіргенде қазақша жол көрсете алатын жағдайға жетпесе, ертең «Қазақстан тарихы» пəнін қалай түсінеді? Жаңартылған білім мазмұны бойынша барлық мектептер оқыту тіліне қарамастан «Қазақстан тарихы» пəнін қазақ тілінде өтетін болды емес пе?!. Орта білім беруді əдістемелік жағынан қамтамасыз етіп отырған Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті А.Мұхамедханова бұл сұраққа: «6-сынып 5-тен келді. 5-сыныпта жаңа бағдарлама болған жоқ. Ал жаңа жүйеде сөйлеуге мəн берілген. Бұрынғы бағдарламада қалай болды? Грамматика, грамматика, грамматикамен төрт сыныпты тəмамдады. Олар сөйлеген жоқ. Қазіргі бағдарламада, байқасаңыз, тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым бойынша үйретіледі. Мысалы, қазір мұғалімді тыңдағаннан кейін балаларға тапсырма былай беріледі: «Отбасың, ата-анаң, туыстарың туралы айт». Яғни, айт, түсіндір, сөйлес, қарым-қатынасқа түс, салыстыр, өзің істе деген сөз. Сіз сұрақты екі жылдан соң қойыңыз, қазіргі 1, 2-сынып балалары басқа. Өз ойын еркін жеткізеді», деп жауап берді. Статистика комитетінің мəліметіне қарап, қазақ мектептерінің саны жыл сайын көбейіп келе жатқанына қуанасың. Бірақ неге сан сапаға айналмай тұр? Мəселенің мəнісі мынада: 1) аралас мектеп ақсатып тұр; 2) 45 минуттық тіл; 3) əдістеме əлсіз. Тарқатайық. Біз барған білім ұясы – аралас мектеп. Адамды, əсіресе баланы орта тəрбиелейді. Ал оқушылардың қазақ сыныбына барса да қазақшаға жетік болмауы осының салдары. Себебі, қазақ тілі – тек 45 минуттық тіл. Дəлізде қазақша шүйіркелескен бала ларды көрмедік. Жол көрсетуге қазақшасы жетпеген оқушылар қазақ сыныбындағы-ларды да орысша сөйлетеді. Ал жоғарыдағы көзбен көрген екі мəселені жалғыз шешуге əдістеме қауқарсыз. Оны бағдарлама дайындап отырған академия өкілінің өзі-ақ айтып берді. Жапониядағы Цукуба (University of Tsukuba) университетінің аға оқытушысы Қуаныш Тастанбекова бұл сұраққа басқаша жауап берді. Оның айтуынша, кез келген тілді үйренуге алдымен мотивация керек. Біз қазір ағылшын тілін жанталасып, қаржымызды салып үйреніп жатырмыз, өйткені қажет. Оны білсең, сұраныстағы маман, табысты адам боласың. Міне, қазақ тілі не деген осындай көзқарас қалыптаспайынша, балалар бес жыл былай тұр сын, 11 жылда да сөйлеп кетпейді. Халықаралық деңгейдегі маманнан «Қазақшаға қажеттілікті туындата алмай тұрып өзгесін енгізу көңілге қона ма?» деп сұрадық. «Білім саласындағы тіл саясатымен айналысамын. Бұл – менің зерттеу тақы рыбым. Қазақстандағы 1-сыныптан ғана емес, балабақшадан бастап енгізілген үштілділік саясатын екі себепті сынаймын. Біріншісі – психо-лингвистикалық себеп. Бір тілді толық меңгермей, бір тілде абстрактылық, логикалық ойлау қалыптаспай өзге тілді енгізу үлкен мəселелер туындатады. Екінші себеп − жүйелілік. Елімізде ауыл мектептері түгілі кейбір қалалық білім ошақтарының өзінде білім сапасында едəуір алшақтық бар. Оны жою үшін алдымен тек екі тілді жоғары деңгейге шығаруымыз керек. Ондай жағдайға əлі жеткен жоқпыз. Ал бұл нəтижеге жетпей тұрып үшінші тілді немесе басқа да жаңа пəнді енгізу керісінше білім сапасын төмендетеді», дейді Қ.Тастанбекова. Ағылшын тілін жапондар 2012 жылға дейін тек 7-сыныптан бастап оқытқан, қазіргі бағдарлама бойынша 5-сыныптан аптасына 1 рет оқиды екен. Ал 2020 жылға қарай 3-сыныптан коммуникативтік пəн ретінде оқытуды қолға алып отыр. Бірақ оған психо-лингвистер өз зерттеулерін алға тартып, қарсылық танытып жатқанға ұқсайды. Жапондар баланың бойында əлеуметтік дағдыларды дамытуға, қоғамға, ортаға бейімдеуге, өзгелердің еңбегін бағалауға үйретеді. Мəселен, ондағы мектептерде еден жуушы деген қызметкер жоқ, балалар бəрін өздері істейді. Бүгінде 22080 оқушы бастауыш сыныптарда білім алуда. Енді сол «22080 баланы қалай тəрбиелеп жатырмыз?» дегенге сəл ойланып көрейікші. Шынында біздің балалар өнертапқыш болса дейміз, ал ол үшін білімнен де бұрын табандылық, қайсарлық қажет. Бұл бізде неге сирек? «Пəленшенің өз жаңалығын ашарда 100 рет, түгеншенің 90 рет тəжірибе жасағанын балаларға айтпаймыз» деп шағым данамыз. Ал оның түбі тереңде боп шықты. Білімді игеру үшін де алдымен қажыр керек, ал оны игі лікке жұмсау үшін тəрбие қажет. Сондықтан тəрбие білімнің тасасында қалмауы тиіс. Себебі əл-Фараби айтқандай, «Тəрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы».

Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан» 26 желтоқсан, 2018 жыл.

 

Published in Жастар
Бейсенбі, 24 Қаңтар 2019 15:45

Тарихи мүмкіндіктер кезеңі

2019 жылды жастар жылы деп жариялап, Қазақстанның болашағын әр салада қолдауымыз керек. 

Н..Назарбаев.

«Егеменді елдің ертеңі – білімді ұрпақ», – деп Елбасымыз айтқандай мемлекетіміздің болашағы жарқын болуы жас ұрпақтың қолында. Биыл – жастар саясаты үшін  тарихи жыл. Президентіміз өз Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялап, жастар мәселесіне ерекше мән беретінін алға тартты.  Осыған орай, ауданымыздағы жастарымыздың қал-ахуалы мен болашаққа жоспарын білу мақсатында аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі, «Жас Отан» ЖҚ аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Айбек Ілебаймен сұхбаттасқан едік.

– «Жастар – ел болашағы» деген еді Елбасы бір сөзінде. Ауданымыздағы ел болашағының тұтқасын ұстар азаматтарға қандай жағдай жасалуда?

Мемлекетіміздің болашағы жарқын болуы жастарымыздың тікелей қатысы бар екені рас. Шындықты жырлап шарқ ұрған ақын Мұхтар Шахановтың «12-3=?» атты поэмасында айтқандай, жастар көктем іспеттес. Көктемде тал егіп, оны күтіп баптамасақ, күзде жемісін бермейді. Сондықтан, қазірден бастап өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне мән беріп, жағдайын жасауымыз керек. Елбасымыз осыны ескеріп, әр жолдауында барынша қамқорлығын көрсетуде. Қазіргі күнде мемлекеттік қызметте жұмыс атқаратын жастардың саны артқан. Әрине, оларға мүмкіндіктер қарастырылып, қолайлы жағдай туғызылған соң. Мәселен, облыстық «Жастар жолы» жобасы аясында жастарға қызмет көрсету орталығына әкімдік тарапынан 5 997 000 теңге қаражат бөлініп, материалдық -техникалық базамен қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда аудандық Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінен 5 кабинеттің бөлінуі қарастырылуда. Аталмыш кабинеттердің үшеуінде жастардың игілігі үшін тегін интернет-кітапхана, фото-видео студия, мәжіліс залы қызмет жасайтын болады. Қалған екі кабинетте жастар орталығының мамандары мен жастар орталығының жетекшісі кабинеті болады. Бұл да болашағымызға жаңа мүмкіндіктерге жол ашу деп білемін. Аудан жастары облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық ресурстық орталық ұйымдастыратын шараларға қатысып қана қоймай, көз қуантарлық нәтижелерге қол жеткізіп жүр.

– Ерекше атап өтетін шаралары-ңыз.

– «Жүректен жүрекке»  байқауына біздің ауданымыздан 2 команда қатысты, «Республикалық Жетісу аймақтық лигасы» жайдарман ойындарына 2 командамыз қатысуда. Облыстық «Айбын» әскери-патриоттық, спорттық ойынында 15 ауданның командаларының арасынан суырылып шығып, бас жүлдені иеленді. Қазіргі уақытта облыс әкімінің сыйлығына арналған, жылда дәстүрлі түрде өткі-зілетін «Көшбасшы – 2018» жастар сыйлығында ауданымыздың жас дәрігері Азамат Аубакиров жеңімпаз атанды.

– Жұмыссыз жастардың санын азайту – бүгінгі күннің басты мәсе-лесі. Бұл жайында не айтар едіңіз?

– Әр адам алдымен, білім алсам, сосын жұмысқа орналассам деп мақсат қояды. Дипломын қолына алған соң, мамандық бойынша жұмыс таппай сеңделетіні тағы бар. Себебі, бірден бастық болсам, жоғарыдан көрінсем дейді. Оның бәрі төменгі қызметтен, үлкен еңбекпен келетінін ойлана бермейді. Аталған мәселені шешу мақсатында аудандық жұмыспен қамту орталығымен тығыз байланыстамыз. Біздің орталыққа жұмыс сұрап келген жастарды аталмыш орталықтың тікелей жетекшілігімен жүргізілетін «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына ұсынып, жалақы төленетін тәжірибеден өтуге бағыттаудамыз. 2017 жылы 105 студент тәжірибеден өтіп, 45-і жұмысқа орналасты. Ал 2018 жылы 118 жас тәжірибеден өтіп, 53-і жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, жылда дәстүрлі түрде бірнеше рет «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» атты шара өткіземіз. Жәрмеңкенің өтуіне жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жұмыспен қамту орталығы тікелей атсалысады. Ауданымыздағы мекемелер мен жеке шаруашылықтар бос жұмыс орындарын ұсынып, жас мамандар өз біліміне сәйкес немесе ұнаған саласын тауып, жұмысқа орналасады. Үстіміздегі жылы бізге жұмыс мәселесімен келген 17 жас-ты тікелей аудандық жастар ресурстық орталығының ықпалымен әртүрлі салада тұрақты жұмыспен қамтыдық. Одан бөлек, 2005 жылы бекітілген «Жасыл ел» бағдарламасы жыл сайын ауданымызда толыққанды жүзеге асырылып келеді. 2018 жылы 125 жас маусымдық жұмыспен қамтылды. Бәйтерек, Балтабай, Ақши, Түрген, Қаракемер ауылдық округтерінде жұмыс жасап, тиісті жалақыларын алып отырды. Көптеген ауылдың жұмыссыз жас-тарын, жазғы демалыстағы студент жас-тарымызды, отбасылық жағдайы төмен жастарымызды жұмыспен қамтып, аянбай еңбек етуге шақырамыз жылда. Ауылдың көркеюінде, тазалығында «Жасыл ел жасақшылары» белсенділік танытатыны белгілі. Қоқыстарды жинап, қоғамдық орындарды сыпырып, көше бойында тазалық жұмыстарын жүргізеді. Ауылдың қарттары мен ардагерлеріне көмек қолын созып, әрдайым қолдау көрсетіп отырады.  Биылғы жылы осы бағыт бойынша жұмыстарды барынша жандандыруды жоспарлап, арнайы жұмыс жоспарын да жасап қойдық.

– Жалпы, өз замандастарыңызға көңіліңіз тола ма? Оларға не жетіс-пейді деп ойлайсыз?

– Қазіргі заман – ақпарат пен техни-каның дәуірлеп тұрған шағы. Жас буын еліктегіш келеді. Бір жерден бір нәрсені көрсе, соны дұрыс деп санап, еріп кететіндері де баршылық. «Әй» дейтін әжені де, «қой» дейтін қожаны да тыңдай қоймайды. Соның салдарынан ұлттық құндылықтарымыз бен қазақи менталитетіміздің ұмытылып бара жатқаны ішімді ашытады. Әрине, бәріне бірдей топырақ шашудан аулақпын, дәстүрімізді сыйлап, ділімізді ұмытпаған жастар да баршылық. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» дегендей, кейбір қаракөз қарындастарымыздың етегін ашып инстаграмға сурет салғанын, бауырларымыздың соған намыстанбай, тамашалап отырғанын көргенде, қандай әке, қандай ана боларына алаңдаймын. Заман ағымына сай болу, жаңа технологияны меңгеріп, дамыған мемлекеттер қатарына енеміз деп талпынғанымыз жөн-ақ, алайда таяқтың екі ұшы болатыны секілді пайдасыз ақпараттар мен мағынасыз контенттер өскелең ұрпаққа зиянын тигізбесе екен.

– Жасыратыны жоқ, білімді, білікті жастар ауылда қалып жұмыс істегісі келмейді. Себебі, оларға жағдай жасалмайды. Осы проблема қашан шешімін таппақ?

– Иә, сұрағыңыз өте орынды. Алайда, ауылдағы жас мамандарға жағдай жасалынбайды деген пікіріңізге қосылмаймын. Мемлекет басшысы түрлі бағдарламалар жасап, ауылды көркейтуге барынша бағыт беруде. Ауыл жастарының қалаға қарай ағылуы, төрт жыл бойы дайын асқа үйренген кейбір жастардың мал-қорадан қашуынан туындауы мүмкін.  Әйткенмен, бүгінгі күні, керісінше, өздерінің туған ауылдарына барып қызмет етуге дайын жастар көп. Бұған бірден-бір дәлел ауданымызда «Дипломмен ауылға!» мем-лекеттік бағдарламасының қарқынды жүзеге асырылуы. Аталмыш бағдарлама арқылы кәсіптік білімі бар жас маман өзінің тіркеуде тұрған ауылында тұрақты жұмысқа орналаса отырып, тұрғын үймен қамтамасыз етілуге және жәрдемақы алуға мүмкіндігі бар. Статистикаға көз жүгіртсек, 2018 жылы аудан бойынша осы аталған мемлекеттік бағдарлама аясында 20 жас бюджеттік несие алса, 30 жас маман көтерме жәрдемақыға қол жеткізген. Сонымен қатар, жергілікті бизнеске қолдау көрсету саласы бойынша да ауданымызда жүйелі жұмыстар қолға алынып, жастардың өз кәсіптерін ашуына толық мүмкіндік қарастырылған. Әлі де білімді жас мамандарды ауылды елді-мекендерге тарту жұмыстары тұрақты және жүйелі түрде жүргізіледі деп ойлаймыз. Кәсіпкерлер «Туған жер» бағдарламасы аясында, өз  ауылдарына спорт мектептерін, бала-бақша, ойын алаңдарын салып беріп жатқанын көзіміз көріп жүр. Шыны керек, қазақылықтың қайнар көзі ауылымызды көркейтуге тырысып жүрген жастарды көргенде көңіл қуанады.

– Белгілі себептермен оқуға түсе алмаған жастарды оқытып, мамандық беру қалай жүргізілуде?

– Мектеп оқушысының білім көрсеткі-шін арнайы тест арқылы анықтау – замана көрінісі. Бақ пен бап қатар шабар бұл сынақтан кейде түлектер сүрініп жатады. Біздің орталыққа бұл мәселе бойынша да жастарымыз хабарласады. Өз тарапымыздан түсіндіріп, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегі «Қайта даярлау курстарына» бағыттаймыз. Мысалы, биылғы жылы аталған жоба бойынша 565 жас оқытылды. Оның ішінде көбінесе, техникалық мамандықтар: аспаздық, дәнекерлеуші, тігінші мамандары даярланды. Елімізге пайдасы тиер мамандар әзірлеп, әркімнің икемі мен қабілетіне қарай білім беріп, жұмыс табуына осылайша ықпал жасаймыз.

– Мемлекет басшысы 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Тұтас бір жылды солай атауының себебі қандай деп ойлайсыз? Қандай өзгерістер күтесіз? 

– Елбасымыз өзінің әрбір Жолдаулары мен Үндеулерінде жастар қауымын үнемі тілге тиек етіп, бізге үлкен сенім артады. Биыл айрықша назар аударып, жастар мен отбасы институтын кешенді қолдауды мемлекеттік саясаттың басымдығына айналдыруды тапсырды. Жастарды бір серпілтіп, бойына жігер сыйлағандай болды. Бұл жыл кейбір айтулы даталар тәрізді ұрандатып, желеулетіп өткізетін мереке емес, жастарға берілген зор мүмкіндіктер кезеңі деп білемін. Нақты ұсыныстар қабылданып, жастардың жан-жақты көмекке ие болуын қамтамасыз етеді деген үміттемін. Жас отбасыларға үй беріліп, оқуын жаңа аяқтаған түлектерді жұмыспен қамту бірнеше есеге көбейеді, түрлі конференциялар мен білімді жастарға ғылыми қолдаулар ұйымдастырылады деген ойдамын.

– Жаңа жылдық жоспарларыңызбен бөлісе кетсеңіз.

– Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Бүгінгі жастар креативті идея мен ойға жүйрік. Алдағы  жылы жастар бағытын өзгертіп тәжірибеге көбірек мән беріп, тың және жаңа идеялар әкелсек деген ойдамыз. Жастардың мемлекеттік бағдарламалар аясында білім алуына, жұмысқа кіруіне, өз кәсібін ашуына мүмкіндіктер беріледі. Толық ақпаратпен қамтамасыз ете отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ашық аспан астындағы тарихи орындарға сая-хат, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұлттық ойындар бағытында іс-шаралар өтуіне басымдық береміз. Аудан жастары өз мүмкіндіктерін осы уақытқа дейін толық көрсетіп, дұрыс бағытта жұмыс жасап жатқандықтан, аудандық жастар ресурстық орталығы облыстық рейтингте 5 жыл қатарынан үздік үштіктен түскен жоқ. Бұл – біздің ғана емес, ауданның мақтанышы, аудан әкімінің риясыз бізді қолдауы. Сондай-ақ, ел басқарып отырған ағалардың жастарға көңіл бөлуі мен ауданымыздың абыройы үшін аянбай еңбек етіуінің нәтижесі деп білемін. Елбасымыз: «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің ертеңі де биік болады», –  деп ерекше айтқан. Ендігі біздің міндетіміз – дамыған ғасырда заманауи озық технологияларды игере отырып, еліміздің абыройлы жүгін алып жүру. Тәуелсіздік – біздің басты байлығымыз Барлық күш – жігерімізді мемлекетті нығайту мен елді дамытуға бағыттаймыз. Межеміз мұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта жалынды жастардың жағымды жаңалықтарымен сіздерді әлі талай қуантамыз деп сендіремін.

– Сұхбатыңызға көп рақмет! Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз. Жастар жылы жемісті де табысты жыл болсын!

 

Әңгімелескен Жансая ЫСҚАҚ

Published in Жастар
Бейсенбі, 24 Қаңтар 2019 15:41

«Бала — айнадағы өзің»

«Баланың рухани өміріне тереңдей қарай алмаған адам нағыз тәрбиелеуші бола алмайды» дейді Василий Сухомлинский. Балалар үлгі тұтып жүрген адамдарының өзіне көрсеткен әдепсіз қылықтары мен оның бойындағы кейбір жағымсыз іс-әрекеттерді ешқашан ұмытпайды. Баланы емес, ата-ана алдымен өзін тәрбиелеуі керек. Ата-анаға қарап бала өседі. Психологтардың басым көпшілігі, жанұяда мән берілмей, елеусіз қалған балалар өскенде өзін ерек санап, өзіне таңырқаумен болатындығын айтқан. Ата-аналар балаларын ұзақ уақыт бойы өздерінен жырақта тастап кетулеріне болмайды. Өйткені, бала ата-анасынан алатын мейірім-шапағат, сүйіспеншілікті басқа ешкімнен ала алмайды. Сондықтан балабақша, орта мектеп, жатақхана, яғни ата-анадан жырақтағы кез-келген орын, жанұямен бірге тұрған «үй» сияқты жылулық пен рухани азық бере алмайды. Ата-анасынан айырылған балалар өскенде қоршаған ортасынан бөтенсініп, араласып кете алмай, шеттеліп тұрады. Тіпті, оларды қамқорлығына алып, мейірім көрсеткендерді де жат санайды. Бала жанұяда қандай қарым-қатынас көрсе, түзде соны қолданады. Үнемі сынап-мінелген бала кінәлау мен айыптауды үйренеді. Бітпейтін ұрыс-керістің ортасында өскен бала айналасындағыларымен, тіпті өзімен де тату тұра алмайды. Төзімді әрі кешірімді бол деп өскен бала сабыр мен шыдамдылықты сіңіреді. Жанұя тарапынан қолдау көріп өскен бала өзіне сенімді болады. Бағаланған бала бағалау мен қадірлеуді үйренеді. Сүйіспеншілікпен өсірген бала сүюді әрі өзгенің жүрегінен орын алуды үйренеді. Көңілі қуаныш пен күлкіге толып өскен бала өзгелердің көңілін табуды біледі. «Бір түп раушан өсіріп, алғашқы гүлдің қуанышына бөленудің, гүлді адамға беріп, сол сәттен толғанысты бастан кешудің, жаңа адамды тәрбиелеудегі маңызы, егістік жерді жыртумен, астық өсірумен, ащы тер мен алақандағы күсті және еңбек рақатын танумен бірдей» деп В.Сухомлинский айтқандай, дені сау, тәрбиелі бала өсіргісі келген адам дұрыс тәрбие бере білуі керек. «Балаларды тәрбиелей отырып отбасы еліміздің болашақ тарихын тәрбиелейді» деген екен А.Макаренко. Өзінің баласы үшін орынды мақтаныш сезімін басынан кешіретін жақсы ата-ана болу үшін, өзінің тәрбиелік стилін мұқият қайта  талдау керек және ол жақсы жетілдірілмеген болса, оны жақсы жағына қарай өзгерту қажет. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы мен жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор екенін ұмытпайық. 

 

Айымыз бен күнімізге, жайқалған әсем гүлімізге теңеп, қолымыздағы барымызды, керек десең, жанымызды беруге дайын бүгінгі бүлдіршіндеріміз – ертеңгі жанымыздың саясы, мақтанышымыз болсын десек, тәрбиелі АДАМ  болуына атсалысайық!

 

Баспаға әзірлеген Алмагүл НҰҒМАН.

Published in Мақалалар
Бейсенбі, 24 Қаңтар 2019 15:33

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

Кей-кейде балаларымыздың айтқан сөздері мен істерінен, жалпы бойынан өз қылықтарымызды танып күліп немесе үркіп қалатын кездеріміз аз кездеспейді. Неге десеңіз, бала – анасы мен әкесінің тікелей көшірмесі, амал-әрекеттерінің таразысы. Олай болса, алдымен өзімізді тәрбиелеуден бастау керек сияқты. Жағымсыз әдеттерден арылып, өсек-өтірік айтпауды, біреуді сыртынан ғайбаттап, жақсылығын жоққа шығаруды доғаратын болсақ өзіміз де, артынан баламыз да оңалады. Есесіне, еңбекке баулып, көмекке мұқтаждарға қол ұшын созуды, мейірім мен бауырмалдықты көрсетсек күнделікті тіршілігімізде – өткенге өкініп, сан соқпайтын боламыз. Бүгінде балаларымыздың өзі қоғамның белді бір мүшелеріне айналды. Себебі, үйінде ата-анасының тәрбиесін көрсе, балабақшаға барып тәрбиешінің тәлімімен түлейді. Артынша мектеп табалдырығын аттап мұғалімнің межесінен өтеді. Салыстырады. Өзінше бір қорытынды шығарады. Тіпті, кейде бірінші сыныпта оқитын қызымның «Анашым, апайымыз осылай деп айтты сол дұрыс па, әлде олай емес пе?» деген анықтау мақсатында қойған сұрақтарына жауап беру үшін де терең ойланатын сәттер болады. Немесе балабақшадағы қызымның «Сіз былай деп айтып едіңіз ғой, тәрбиеші былай деді» деп екіойлы болып келгенінде балам үшін ең дұрысы қайсысы болар екен деп толғанатын кездер де аз емес. Өміріміздің ең маңызды бөлшегі – балаларымызды тәрбиелеуді қоғам болып біржақты қолға алу қажет. Таразының бір басында бала тағдыры, тәрбиесі, болашағы тұрғанда бейқам болудан сақтану маңызды. Ендеше, осы тұрғыда педагогтарымыздың да айтары бар екен...  

Бәйтерек орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Гүлмира Батырханова:

«Келешек – бүгіннен»

Қазақ халқы ежелден бала тәрбиесіне зор мән берген. Ана, ұстаз ретінде мен үшін балалардың тәрбиелі болып өсуі  маңызды. «Тәрбие басы – тал бесік» деп бекер айтпаған дана халқымыз. Қазіргі технологияның дамыған заманында балала-рымызға тәрбиені дұрыс беріп жатырмыз ба?  Қоғам бала психологиясының дамып-жетілуіне қалай әсер етіп жатыр? Осы секілді сұрақтар  көптің көкейінде жүргені еш шүбәсіз.

Біздің тәрбиелеп жатқан балаларымыз  Z  ұрпақтары болып саналады. Өзіміздің тілмен айтқанда «біліп туғандар».  Бүлдіршіндеріміз өзімізге ақыл айтқанда, таңырқап қалатын сәттеріміз аз емес. Бұл ұрпақтың жақсы жағы – ақпаратты тез қабылдап алуға бейім. Сонымен қатар, Z  ұрпақтары темірдей қатал тәртіппен берілетін тәрбиеге көне бермейді. Себебі олар еркіндікте  өз ойларын ашық айтып, қалаған жұмысын жасағанды жақсы көреді. Осындай ерекшеліктерімен өсіп келе жатқан балаларымызға тәрбие беруде бірнеше мәселелерге мән беру керек. Балаңыздың не айтқысы келетінін, ойында не тұрғанын толығымен жеткізбейінше сөзін бөлмеңіз. Әр сөзіне мұқият қарап отырғаныңыз жөн. Сондай-ақ, бірнәрсе үйретер болсаңыз, өз сөзіңіз бен ісіңізге сенімді, дәлелмен жеткізіңіз. Баланың қоршаған ортаны тануға деген қызығушылығын арттырыңыз. Қазіргі біздің басты проблемамыз жұмысбастылықпен балаға көп көңіл бөлмеуімізде. Балаңызды сыртқа көп шығарыңыз, қыдыртыңыз, таза ауаға  көп шығуын қадағалаңыз. Дүниені виртуалды әлемнен емес шынайы көзбен көруге жағдай жасаңыз. Тағы да баланың дегенін орындай беру жөн емес. Қалаған нәрсесін істей бермей, әр нәрсенің орны бар екендігін, межесі бар екендігін үйретіңіз. Ол өзінің іс әрекетін түсіндіруді үйренсін. Істеген істі мойынмен көтеру  керектігін үнемі есіне салыңыз. Ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды, сенімсіздік танытқан мәселелерде ата-анасымен кеңесуге болатынын білуі қажет. Баланы тым еркелету де қате. Бала тазалық пен ұқыптылыққа  үйренсін. Бұл денсаулығына да пайдасын тигізеді. Әрдайым мотивация беріңіз. Өмірде мүмкін емес нәрсе жоқ екенін, бірнәрсені істей алмаса, қорқыныш сезімі болса, сабырлық танытыңыз. Ешқашан күлмеңіз. Өзіне берілген тапсырманы өзі орындауы керек, қанша қиын болса да сіз орындауға асықпаңыз. Тек жол сілтегеніңіз жөн. Баланы қатарластарымен теңдей көріңіз. Бала – болашағымыз. Мына дамыған заманда  өз көзқарасын қалыптастырып, ойын білдіре алатын бала ғана өмірге нық сеніммен қадам басады.  Дұрыс тәрбие алған ұрпақ –  дұрыс тәрбие бере алады.

Published in Жастар
Бейсенбі, 24 Қаңтар 2019 15:29

Жолдау – жаңғырудың жаңа жолы

Сарқылмас қазынаны сақтаған мекен – аудандық кітапханада жуырда дөңгелек үстел өтті. Тақырыбы – «Жолдау – жаңғырудың жаңа жолы». Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жас буынға тереңінен түсіндіруге «НұрОтан» партиясының аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғожаев атсалысты.

Сонымен қатар, жазушы, ардагер журналист Шаяхмет Құсайынов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен Б.Шарғынова, Абылай хан атындағы, В.Терешкова атындағы, Рахат №1, «Білім-инновация» лицейінен оқушылар мен ұстаздары, мектеп кітапханашылары қатысты. Баршаға ортақ тақырыпқа байланысты пікір білдіріп, ойларымен бөліскен жас буын қонақтарға сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. «Осынау жатқан кең-байтақ жер мен кемелденген елдің ертеңі – жастар. Жастарымыз білімді, білікті, ізденімпаз, талапты болса ғана дамыған отыз елдің қатарынан көрінеміз», – деген Қуат Сұлтанұлы Жолдаудың маңызды тұстарын жалпыға ортақ тілмен жеткізді. «Рухани жаңғыруға бәріміз де атсалыса аламыз. Бастысы – өз тарихтарыңды жетік білулерің керек», – деп ой толғаған Шаяхмет Құсайынұлы оқушыларға аз-кем тарихтан сыр шертті.

Көлемі кіші, ауқымы тар болғанымен әрдайым оқырмандарын жинап, мәнді де мағыналы әңгіме өрбітіп, келелі кездесулер ұйымдастырудан талмайтын аудандық кітапхана ұжымы келген қонақтарға алғыс білдіріп, оқушыларға оқуда озат болуларына тілектестік білдірді шара соңында.

 Алмагүл НҰҒМАН.

 

Published in Жастар
Бейсенбі, 24 Қаңтар 2019 15:26

Тарихтан сыр шерткен ширек ғасыр

Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Бұл жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді», – деген болатын. Өлкеміздің мақтанышы «Алтын адамның» мекені, тарих қойнауына сапар шектірер киелі орын Есік археологиялық-өлкетану музейі 25 жылдығын тойлады жуырда. Айтулы датаны атап өтуге қалалық әкімдік, «Алтын адам» әжелер ансамблі мен Қаракемер мәдениет үйінің өнерпаздары және қала тұрғындары қатысты.

Алғашқы болып құттықтау сөз алған музей директоры Нарима Тойжанова:

– Музей – қоғам мүшелеріне, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін мәдени және рухани мекеме болғандықтан, бүгінгі тәуелсіз еліміздің жастарының ұлттық сана-сезімінің өршіл болып қалыптасуына және оларды Отаншылдық рухта тәрбиелеу үшін атқарар рөлі өте зор. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» деген болатын. Сол сияқты өткенімізді білмей, келешекті болжай алмаймыз. Сондықтан мәдени орындар мен музейлерді жиі аралап, рухани дүниетанымымызды байы-тып жүрейік, – дей келе, облыс бойынша музейлер арасында 2 орын алғандығын мақтанышпен хабарлады. Мәдениетті өркен-детудегі белсенділігі мен ұлы тұлғалардың өмірін, шығарма-шылығын дәріптеп, ұлттық құндылықтарды насихаттауға қосқан зор үлесі үшін қастерлі орын қызметкерлері Бота Ибраимова М.Тынышбаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің, Индира Қожағұлова мен Дыбыскүл Ахметбайқызы еліміздің мәдени саласы тұжырымдамасын жүзеге асыруға және дамуына атсалысқаны үшін құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ, музейдің ашылуына септігін тигізіп, жолдасының ізін жалғап, отын өшірмей, тарихи мұраларға көзінің қарашығындай қарап, зейнет жасы келсе де 10 жыл аянбай қызмет атқарған Дыбыскүл Ахметбайқызын бейнетінің қызығын көрсін деп демалысқа зор қошеметпен шығарып салды. Келген қонақтар тәтті тілегі мен жылы лебізін білдіріп, сый-сыяпатын, камзолын кигізіп, иығына жаулығын жапты. Кеш соңы рухани мекеннің әр іс-шарасынан қалмай, өнерлерін паш етіп жүретін «Қаракемер» мәдениет үйінің директоры Арайлым Мамырбекқызы мен өнерпаздарының ән-күйімен жалғасын тапты.

Жансая ЫСҚАҚ

 

Published in Мақалалар
Бейсенбі, 24 Қаңтар 2019 15:21

«Еңбек» помогает бизнесу

«Доходы растут, когда человек трудолюбив, является профессионалом своего дела, получает достойную заработную плату или имеет возможность открывать и развивать собственное дело»,  – говорит в Послании Президент РК Нурсултан Назарбаев. Особое внимание Глава государства отводит развитию занятости и бизнеса в сельских регионах: «Нужно выстроить систему массового обучения сельских предпринимателей». Инструментом по выполнению этой задачи является  Программа продуктивной занятости на 2017-2021 годы «Еңбек». Программа  реализуется по 3 направлениям,  ее целью является содействие продуктивной занятости населения и вовлечение граждан в предпринимательство. Оператором программы выступают Министерство труда и социальной защиты РК и региональные центры занятости. О ходе реализации Программы «Еңбек» в Енбекшиказахском районе рассказывает руководитель районного центра занятости Берик  ИМАНБАЕВ.

– Берик Адилжанович, кто является участником Программы «Еңбек» и какие направления в ней определены?

– В число участников Программы «Еңбек» входят все категории граждан, нуждающихся в получении работы, желающие открыть собственный бизнес. Первое направление: подготовка кадров с техническим и профессиональным образованием с учетом потребностей рынка труда, краткосрочное профессиональное обучение рабочих кадров по востребованным на рынке труда профессиям и навыкам. Второе: обучение основам предпринимательства, расширение микрокредитования на селе. Третье: содействие в обеспечении занятости безработных и самостоятельно занятых путем повышения мобильности трудовых ресурсов. Также в помощь гражданам, ищущим работу, создана единая цифровая площадка по трудоустройству. Активными мерами по обеспечению занятости в 2018 году было запланировано охватить 4565 человек, ее участниками на начало января 2019 года являются  7202 жителя  района.

– Насколько  востребовано профессионально-техническое обучение?

– В 2018 году по первому  направлению Программы: обеспечение техническим и профессиональным образованием  курсы  краткосрочного профессионального обучения прошли 565 человек, из них трудоустроены на постоянную работу 433 человека. Государством было выделено  на реализацию профтехобучения  128,6 млн тенге. Также подготовкой профессионально-технических кадров было охвачено 150 выпускников 9-11 классов.    В 2019 году на прохождение краткосрочных курсов планируется направить 250 граждан из числа безработных и самозанятых, профтехобразование получат 150 выпускников школ.

– В Послании Президента РК акцент сделан на  развитии массового предпринимательства. Насколько эффективно работает система обучения бизнесу и кто является партнерами центра занятости?

–  По второму направлению Программы в 2018 году курсы «Бастау бизнес» закончили 256 человек из 297 записавшихся на них. Получили микрокредиты в общей сумме 414,652 млн тенге 96 начинающих предпринимателей. Партнером центра  в обучении бизнесу является Национальная палата предпринимателей «Атамекен». Центр предоставляет региональному филиалу «Атамекен» списки желающих учиться на курсах «Бастау бизнес». Остальное берет на себя  Национальная палата, организуя тестирование участников, их обучение на курсах в Есике и Шелеке, выдавая сертификаты, предоставляя помощь в разработке бизнес-проектов, проводя консультации по маркетинговым, юридическим, бухгалтерским и прочим вопросам.  

–  Есть ли у «выпускников» «Бастау бизнес» гарантии получения микрокредитов?

– Окончание курсов не означает «автоматического»  кредитования. Микрокредитные организации, сотрудничающие с центром занятости: Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства и Аграрная кредитная корпорация, учитывают такие факторы, как наличие залогового имущества,  «чистую» кредитную историю будущих заемщиков. Не все претенденты на кредиты им соответствуют. Однако государство не оставляет начинающих предпринимателей без финансовой поддержки. Согласно постановлению Правительства РК от 23 августа 2018 года № 513 утверждены «Правила предоставления государственных грантов для реализации новых бизнес-идей участникам  Программы «Еңбек». В прошлом году такие гранты в размере 100 месячных расчетных показателей, на общую сумму 14,8 млн тенге, получили 62 человека. В 2019 году гранты будут предоставлены 70 гражданам. 

– Успешно ли идет диалог с работодателями и трудоустройство нуждающихся в рабочих местах?

– Развитие рынка труда через содействие занятости населения и мобильность трудовых ресурсов является третьим направлением Программы. В 2018 году на социальные рабочие места  по заявкам работодателей был направлен 151 человек вместо 120 по плану, стопроцентно освоено 24 млн тенге бюджетных средств, выделенных на социальное трудоустройство. Из граждан, устроенных на социальные рабочие места, впоследствии 131 человек принят работодателями на постоянную работу. В 2019 году планируем охватить социальным трудоустройством 130 жителей района. На молодежную практику в 2018 году были направлены 118 человек вместо 90 по плану. Из них 100 человек получили постоянную работу.  В 2019 году возможность пройти молодежную практику с перспективой трудоустройства планируется предоставить  95 выпускникам организаций образования.

Также в третье направление входят общественные работы, трудоустройство  людей с ограниченными возможностями, обеспечение мобильности трудовых ресурсов. Направление на общественные работы в прошлом году получили 997 безработных, из них 435 получили постоянное трудоустройство. В 2019 году  такими работами планируетсяохватить 400 безработных. Центром занятости трудоустроен 161 человек с ограниченными возможностями, 112 постоянно, 7 прошли обучение на курсах «Бастау бизнес». Отметим, что идет реализация «Дорожной карты 2017-2025 годов» по управляемому перетоку работников компаний. Центром подписано 6 «дорожных карт» с крупными предприятиями района: АО «Аллель Агро», АО «Голд продукт», АО «Фуд мастер», ТОО «Бостан», ТОО «Аdal сүт», АО «АПК «Адал».

– Насколько эффективно используется  «цифровая»  площадка по трудоустройству?

 – По методике прямого трудоустройства на портале Enbek.kz на сегодня  зарегистрированы  155 работодателей и 704 соискателя работы, с использованием «цифровой» площадки  созданы 2423 рабочих места. Трудоустройство по данной методике в прошлом году составило 2003 человека. Портал дает возможность работодателю оперативно найти нужного специалиста, а ищущим работу ознакомиться с вакансиями и условиями трудоустройства.  

И.ТУРАНИН.

Published in Ресми
Бейсенбі, 24 Қаңтар 2019 15:18

Сынақ сәтті аяқталды

1-15 желтоқсан аралығында ақылы тест тапсыруға өтініш берген Еңбекшіқазақ және Талғар ауданының 826 үміткері 18-19 қаңтарда бабы мен бағын сынады.

Райымбек батыр атындағы орта мектепте өткен ҰБТ-ның бастапқы күнінде 184 түлек талап пен тәртіп шеңберінде тест алаңына енді. Ал екінші күні 620 үміткер аудиторияға бет түзеді. Нәтижесінде, ең жоғарғы балл 118-ді көрсетті, сәйкесінше, ең төменгісі – 44 балл. Оның ішінде 399 түлек өз ауданымыздан. Қолда бар мәлімет бойынша ауданымыздың бұл сынақтағы жалпы орташа көрсеткіші 63,5-ті құрап отыр.

Айтып өтейік, ақылы негізде өткен бұл тесте бағын сынап, шекті балдан жоғары алған үміткерлер еліміздің кез келген оқу орнының ақылай бөліміне түсуге құқылы.

 Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Published in Жастар
Page 1 of 2
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама