Күндер бойынша реттелген элементтер: Бейсенбі, 01 Тамыз 2019

Құрметті талапкерлер!

Баршаңызға мәлім, жыл сайын ата-аналарыңыз, жақындарыңыз және ұстаздарыңыз асыға күтетін сәт жақындап қалды.

1 тамызда білім беру гранттарына ие болған оқуға түсушілердің аты-жөндері белгілі болады.

Гранттарды үлестіру үрдісі толығымен автоматтандырылған және ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады, нәтижесінде адами фактор толықтай жойылған. Сонымен бірге, мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жоғары оқу орындары қауымдастығы, ректорлар кеңесі, бұқаралық ақпарат құралдары, «Жас Отан» жастар қанаты, Студенттер альянсы, үкіметтік емес ұйымдар, «ADAL BILIM» жобалық кеңсесінің өкілдерінен құралған республикалық комиссия барлық процестерді бақылады.

2019 жылдан бастап гранттар білім беру топтары бойынша тағайындалады. Яғни әр талапкер оқуға түсер кезде нақты білім беру бағдарламасын таңдайды.

Сонымен қатар, үш жылдан бері «Алтын белгі» төсбелгісінің иегерлері, жалпы білім беру пәндерінен халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпаздары, жалпы білім беру пәндерінен халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары, республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаздары тек ҰБТ балдары тең болған жағдайда ғана артықшылық құқыққа ие болады. Басқа жағдайда барлығымен тең дәрежеде гранттық конкурсқа түседі.

Құрметті болашақ студент! Еліміздің дамуына үлес қосатын үлгілі маман иесі болуларыңызға тілектеспіз!

P.S. Байқау нәтижесін Ұлттық тестілеу орталығы (http://testcenter.kz/ru/), «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», zakon.kz, tengrinews.kz, informburo.kz сайттарында және «Узнай результаты конкурса» телеграм-ботта көруге болады.

Уважаемые абитуриенты! 
Как всем известно, приближается момент, которого ежегодно ждут ваши родители, близкие и учителя.

1 августа станут известны имена обладателей образовательных грантов.

Процедура присуждения грантов полностью автоматизирована и осуществляется посредством информационной системы, благодаря чему полностью исключен человеческий фактор. При этом комиссия, в составе которой были представители государственных органов, Национальной палаты предпринимателей РК «Атамекен», совета ректоров, средств массовой информации, молодежного крыла «Жас Отан», Альянса студентов, неправительственных организации, проектного офиса «ADAL BILIM» контролировала все процессы.

С 2019 года образовательные гранты присуждаются по группам образовательных программ. То есть, каждый абитуриент при зачислении в ВУЗ выбирает конкретную образовательную программу.

Наряду с этим, уже третий год, как обладатели нагрудного знака «Алтын белгі», победители международных и республиканских олимпиад по общеобразовательным предметам, победители международных и республиканских научных конкурсов, победители международных и республиканских спортивных соревнований имеют преимущественное право только при равенстве баллов ЕНТ. В других случаях они участвуют в конкурсе грантов на равных условиях.

Дорогой будущий студент! Желаем Вам стать специалистом, который внесет свой вклад в развитие нашей страны!

P.S. Результаты конкурса можно узнать на сайте Национального центра тестирования (http://testcenter.kz/ru/), на сайтах «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», zakon.kz, tengrinews.kz, informburo.kz и через телеграм-бот «Узнай результаты конкурса».

 

Ақпарат ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтынан алынды.

Published in Ресми
Бейсенбі, 01 Тамыз 2019 14:14

Ұлтаралық татулық – басты байлық

Көк байрақтың астында жатырқамай, жатсынбай 130-дан астам ұлт пен ұлыс тату тәтті ғұмыр кешуде. Әркім өз салты мен дәстүрін, әдет-ғұрпын ұстанамын десе де шектеу жоқ. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдардан бастап, көпэтносты еліміздегі татулық пен келісімді сақтауға, дамытуға, қауіпсіздігі мен бейбітшілігін қорғауға бар күш-жігерін салып, тұрақтылық пен ынтымақтастық құруға жіті көңіл бөлді. Еліміздегі әрбір этномәдени бірлестіктің емін-еркін жұмыс жасап, ойлаған игі бастамаларын жүзеге асыруға мемлекет  тарапынан қолдау зор. 54 ұлт пен ұлыс өкілдері тұратын біздің ауданда қазіргі таңда 8 этномәдени бірлестік жұмыс істеуде. Ешбір мемлекетте ұлыстарды қанатының астына алып, қамқорлық көрсететін Қазақстандай ел жоқ екенін тілге тиек етеді. Осы ретте өңірдегі этномәдени бірлестік басшыларынан бүгінгі хәл-ахуалы мен атқарып жатқан іс-шаралары туралы білген едік.

Надо НАДЫРОВ. Күрд мәдени орталығының төрағасы:

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары әр ұлттың алдында үлкен таңдау: Қазақстанда қалу немесе басқа елге кету деген ой тұрды. Бірақ барлық өзге ұлт өкілдері «Отанымыз – Қазақстан» деген ұранмен елде қалуды құп көрді. Бүгінгі күнге дейін достық туын желбіретіп бір шаңырақ астында өмір сүрудеміз. Біздің бірлестік 1999 жылы құрылып, содан бері 58 адам белсене жұмыс істеуде. Мен 2010 жылдан бері орталыққа төрағалық етемін. Мақсатымыз – жас ұрпақтың бойына патриотизмді сіңіру арқылы өз ұлттық әдет-ғұрыптарымызды ұмытпауға тәрбиелеу. Осы жылдың өзінде «Біздің күшіміз – бірлікте», «Күрд халқы – Қазақ халқының ынтымақты шаңырағында» атты ұранмен түрлі шаралар ұйымдастырдық. Жыл басында Түрген, Қарасай, Бәйдібек би, Ақбастау, Әймен, Бөлек ауылдық округтерінде Ұлыстың Ұлы күнінде өз мәдениетімізді танытып, қазақ халқының салт-дәстүрін сыйлайтынымызды көрсеттік. Сондай-ақ күрд тарихына тоқталып, әдет-ғұрпын, дәстүр-салтын насихаттайтын қысқаметражды фильм түсірдік. Ендігі кезекте спорттық іс-шараларға көңіл бөліп, зиянды әдеттерден аулақ, білімге құштар, саламатты өмір салтын ұстанатын жастарды тәрбиелеу басты мұратымыз.

Ирина Таркова. Славян этномәдени орталығының төрайымы:

Біздің басты байлығымыз – ынтымағымыз бен бірлігіміз. Бір үйдің баласындай тату тәтті өмір сүріп жатқанымыз қазақ бауырларымыздың қонақжайлылығы мен кеңпейілділігінің арқасында. Атадан мұраға қалған ұлттық құндылықтарымызды сақтауға мүмкіндік берді. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бөліп-жармай, бір-бірімізге құрметпен қарайтын зайырлы қоғамда өмір сүріп жатқанымызға үлкен алғыс білдіремін.  Орталығымыз алғаш 1992 жылы Ломоносов атындағы орта мектеп директоры Галина Сидельникованың бастамасымен ашылды. 2006 жылы ресми тіркеліп «Алматы облыстық орыс әтномәдени  бірлестігінің Еңбекшіқазақ аудандық филиалы» аталды. Сол кезңнен 2012 жылға дейін Нина Мантариди басқарды. Содан бүгінге дейін ұлтаралық келісімді ту етіп, бірлікті сақтап, ынтымақтастықты нығайтуды мақсат тұтып мен басшылық етіп келемін. Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы орта мектептің базасында жұмыс істеудеміз. Жас ұрпақтың тәрбиесі үшін орталық мүшелері тынбай еңбек етіп, әдет-ғұрпымызды жаңғыртып, бойына салт-санамызды сіңіруді міндет етеміз. Мысалы, «Масленица» мерекесі, «Рождество шыршасы» арқылы бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй ғана сыйлап қоймай, ежелгі мейрамдарымызды жаңғыртып отырамыз. Жуырда ұлттық тағамдарымызды, киімдерімізді дәріптеп, әдет-ғұрпымыздан хабар берер орыс ертегілер желісі бойынша көрініс ұйымдастырдық бүлдіршіндерге. Қойылым барысында өнерлі балалар орыс халық әндерін орындап, ұлттық билерін ортаға салды.

Баспаға әзірлеген Жансая ЫСҚАҚ

Published in Саясат

Күнтiзбе

« Тамыз 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет