Бүкіл әлемді жаратушы Алла Тағалаға мақтаулар мен сансыз шүкірлер болсын.Салауат және сәлем Пайғамбарымыз Мұхаммедке оның отбасы мен сахабаларына болсын.Ислам дінаралық рухани келісімді насихаттайтын дін.Ислам барлық уақытта адамдарды ынтымақ-бірлікке,бейбіт өмір сүруге шақырады.Алла Тағала Құранда былай дейді:(Айт, уа Пайғамбар)»Әй,кітап иелері!Қанеки,бізге де,сендерге де ортақ сөзге(мәмілеге)келейік те, Алладан басқа ештеңеге табынбайық,оған ештеңені серік етіп қоспайық,Алланы қойып бір-бірімізді ие тұтпайық»деп айт.Егер де олар теріс айналса,»Біздің мұсылман екендігімізге куәгер болыңдар»деп айтыңдар.(Әли Имран сүресі-64аят).Осылайша өзге дін өкілдерін келісімге шақырған. Кітап иелері дегені – иаһудилер мен христиандар.Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) Меккеден Мадинаға көш-кеннен кейін де ешкімді Исламды қабылдауға мәжбүрлемеген. Керісінше, басқа дін өкілдерімен жақсы қарым-қатынас және келісім жасаған. Татулық…
Еліміздің парламентіне талқылауға түскен «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы заң жобасы қазіргі таңда мемлекеттің дін саласындағы саясатының пәрменділігін арттыруға бағытталған. Мемлекеттік қызметкерлер қызметі мен лауазымын дін бірлестіктер мүддесіне орай пайдалануына тыйым салуы орынды. Дін саяси қызмет пен ықпал жасаудың құралы емес. Діни сенім мен діни қызметтің мемлекеттік басқару жүйесінің зайырлы сипатына сай іске асуы қазіргі өркениеттік құндылықтармен үндеседі. Ел аумағындағы 18 конфессияға тиесілі 3600-ден аса діни бірлестіктер тіркелгендігін назарға алсақ, бұл да мемлекет-дін қатынасын зайырлы жүйеге сай реттеудің жолы. Қоғам және мәдениет қайраткерлері діни көзқарасы мен ұстанымын көпшілік алдында жариялауға мұқият және салиқалы…
Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 16:39

Тәртіпсіз ел болмайды...

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың күнделікті шарықтап дамып жатқандығына барлығымыз куәміз. Соның арқасында әлемнің түпкіртүпкірінде болып жатқан жаңалықтар мен ақпараттарды да жылдам алып отырғандығымыз рас. Алайда, оның жағымсыз жақтары да кездесіп жатады. Оның дәлелі, жат пиғылды діни ағымдар өз тараптарынан ақпараттық тұрғыда белсенділік танытып, дін саласында білімсіз халықты дүрбелеңге салуда. Осының салдарынан қаншама отбасының шаңырағы ортасына түсіп, білімсіздіктің салдарынан қоғамда ыдыраушылық пайда болуы мүмкін еді. Мұндай келеңсіздіктердің болмауы үшін Елбасымыздың Жолдауларына сәйкес, мемлекет тарапынан арнайы бағдарламалар жасалып, ақпараттық-түсіндіру топтары құрылды. Әр аймақта қызу жұмыс жүргізіліп жатқандығына сіз бен біз куәміз. Бүгінде Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі тарапынан «Қазақстан Республикасының кейбір…
Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 16:20

Біз экстремизмге қарсымыз!

Қазақстандағы діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм қатерлеріне жол бермеу мақсатында, Шелек политехникалық колледжінің кітапханасында «Біз экстремизмге қарсымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шараға Шелек ауылдық округі әкімінің орынбасары Мөлдір Смадилова, Шелек ауылындағы №5 орталық мешіттің имамы Айтбекқали қажы Мұқанжанов, әскери шенді, ардагер ұстаз Әсет Алжанбай қатысты. Сөз кезегін алған колледж директоры Қуат Дүйсебаев бүкіл әлемнің саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани жағдайына ықпал етіп отырған діни экстремизм мен терроризм ХХІ ғасырдағы өзекті мәселе екені туралы өз пікірін білдірді. Ия, діни экстремизмнің көксегені – елді азғындату, тұрақтылыққа іріткі салу. Біз діни құндылықтар туралы білмейінше, халықтың мәдени тұтастығын қалыптастыру мүмкін емес.…
Жұма, 02 Желтоқсан 2016 11:27

Ислам дінінің асыл құндылықтары

Дәл осындай тақырыпта Түрген ауылының А.Жексембеков атындағы орта мектепте семинар өтті жақында. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Елім-ай» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асқан шарада Облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы-заңгер, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті дінтану факультетінің магистрі Тимур Нүсіпханұлы, Қызылжар ауылдық Қалыбек батыр мешітінің имамы Солтанбек Қарибаев кеңейтілген баяндама оқыды. Семинарды аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қайсар Асқарұлы жүргізіп отырды.
Бейсенбі, 15 Қыркүйек 2016 12:02

Ата-дініміз – діңгегіміз

Егемен еліміздің ертеңі жарқын, Тәуелсіздігіміздің тұғыры мығым болу үшін тер төгу – әрбірімізге міндет. Әсіресе, бүк-шігі беймәлім жаһанданған бүгінгі қоғамда. Бұл тұрғыда Елбасымыз: «Тәуелсіздікті алудан оны ұстап тұру ауырға соғады» деген еді. Расында, ес жиып, етек жиған тұсымызда құнсыздану кеңірдекке жабыс-ты. Ол аз десеңіз, сыртқы идеологияның күйін күйттеген шолақ балақтылар ата дінімізден жастарымызды адастырып әлек. Осы тұрғыдан ой өрсек, жақында Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің мәжіліс залында кеңейтілген кездесу өтті. «Жаңа діни ұйымдардың мәні және ерекшеліктері» деп айдар таққан жиынға ұйытқы болған «Елім-ай» қоғамдық қоры, қолдау білдірген аудандық ішкі саясат бөлімі. Жастармен кездесуде аталмыш колледж директоры Гүлнар Жошыбаева, Республикалық, облыстық ақпараттық түсіндіру…
Бейсенбі, 11 Тамыз 2016 11:17

Жас өркен, жат ағымнан сақтан!

Жақында Шелек әкімдігінің мәжіліс залында «Діни теріс ағымдардың жастарға әсері» тақырыбында кеңейтілген кездесу өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Елім-ай» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асқан жиынға Алматы облысы Дін істері басқармасы «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» оңалту бөлімінің басшысы Тимур Нүсіпханов, Алмалы ауылдық «Есенбай ата» мешітінің имамы Бағдат Дауытхан, сонымен қатар аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері, ауылдық округтердің ішкі саясат саласының мамандары, жастар және спорт нұсқаушылары, округ тұрғындары мен учаскелік инспекторлар қатысты. Кездесуді аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қайсар Асқарұлы жүргізіп отырды.
Бейсенбі, 28 Сәуір 2016 11:49

Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар

Қасиетті Ислам діні – бүкіл адамзат баласына жіберілген ең соңғы Алланың ақиқи діні. Сондай-ақ, адамзат баласының басын біріктіретіндігі жайлы қасиетті Құран Кәрімде: «Мүмин Мүминнің бауыры» деді ұлтына, ұлысына, шекарасына бөлместен. Сонымен қатар, Әл-Мәйдә сүресінде: «Бүгін діндеріңді толықтырдым, сендерге деген нығметімді тәмамдадым, сендердің діндеріңнің Ислам болуын қош көрдім» делінген. Осыдан кейін, кімде-кім Ислам дініне алып-қосары болмауға тиіс еді. Алайда...
Бүгінгі виртуалды жастар қоғамында пасық пейілді топтардың алдын орау оңайға соқпай жүр. Сауатсыздық салдарынан әлдекімнің етегінен еріп, жиһад деп желіп, көзсіз тәуекел, негізсіз ұрыстарға ұрынуда. Салдары, жанкеш болып өзін жарды, лаңкес болып түрмеге тоғытылды. Білімсіздіктен басынан бағын тайғызып, бақытын ұшырған сан түрлі тағдырлар жайлы Қаракемер мәдениет үйінде көрсетілген бейнефильм облыстық форумның шымылдығын түрді. Алқалы семинар «Діни тұрақтылық – ел дамуының кепілі» деп айдар тақты. Оған асыл дінімізді зерттеу жолында самайын ақ шалған зиялы қауым өкілдері қатысты. Атап өтсек, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті, философия ғылымдарының докторы Қайрат Затов, «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университеті проректорының дін…
Бейсенбі, 03 Наурыз 2016 12:37

Ислам дініндегі әйелдің орны

Ислам діні адамзатқа келмес бұрын, адамдар әйел затын бүгінгідей сыйламақ түгілі, ар-намысын таптап, кемсіткен екен. Ал, Ислам діні келісімен әйелдің қоғамдағы орны белгіленіп, ар-намысы қорғалып, еңсесі көтерілген. Яғни, Алла Тағала әйел затын қорламауды айтып, қорғайтындығын ескерткен. Алладан кім қорықпайды? Бәрі де Раббымыздың алдында бас иеді, әрбір жүрек Жаратушының барын сезіп, сескенетіндігі ақиқат. Өйткені, әрбір іс-әрекет үшін ақыретте сұралатындығымыз белгілі.
Page 1 of 2
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама