Жұма, 09 Тамыз 2019 12:27

Жақсылық пен ізгіліктің жаршысы

Жақсылық пен ізгіліктің жаршысы mezet.kz

Араға жыл салып, күллі Ислам үмметі аңсай күткен ұлық мереке – Құрбан айт та келіп қалды. Баршаңызды ең алдымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Еңбекшіқазақ ауданының имамдары атынан Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Әрбір мұсылман баласы Құрбан айт күні таңертең дәрет алып, өзінің алғашқы қадамын тазарудан, мұнан кейін үстіне кіршіксіз таза да жаңа киімдерін киіп, хош иіс себініп, мешітте көпшілікпен бірге мерекелік намаз оқудан бастайды. Осылайша мұсылман мерекесі құлшылықпен басталып, өзінің барлық сән-салтанатымен имандылық думанына жалға-сады.

Құрбан айт мұсылман ай күнтізбесіндегі зүлхижжа айының оныншы жұлдызында басталып, үш-төрт күн мере-келенеді. Негізінен, бұл айт мейрамы мұсылмандардың Мекке мен Мәдине шаһар-ларында қажылық парызын өтеу кезеңімен аяқталады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев-тың бастамасымен тәуелсіз еліміз «Құрбан айт»  мерекесінің алғашқы күнін республикалық деңгейде демалыс күні ретінде мерекелеп келеді. Биылғы қасиетті мереке тамыз айының 11-ші жұлдызына тап келеді. 07.00-дегі таңғы намаздан кейін құрбандық шалуға болады.

Құрбан айт мерекесінде мүмкіндігі бар әрбір мұсылман баласы Алла тағаланың риза-шылығы үшін құрбандық шалуы тиіс. Тіпті, Алла Елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім дүние-мүлкі мол бола тұра құрбан шалмаса, біздің мешітімізге жақындамасын», – деп қатаң ескерткен. Сондық-тан қорасында малы, яки қалтасында қаражаты бар кісі сараңдыққа салынбай, Алла жолында малын құрбан етіп, мұқтаж жандарға үлестіріп беруі керек. Бұл рәсім Құрбан айт намазынан кейін айттың үш күнінде орындалады. Сүйікті пайғамба-рымыз (с.а.с.) мерекенің бас-талуы мен құрбан шалудың уақытына қатысты: «Біздің бұл күнде алғашқы атқаратын ісіміз – намаз оқу, сосын қайтып келіп, құрбандық шалу. Кімде-кім осылай етсе, біздің сүннетімізге ергені. Ал кімде-кім бұдан бұрын құрбандығын шалатын болса, бұл құрбанының отбасына берілген еттен айырмашылығы жоқ. Мұның құрбан болуы мүмкін емес», – деген.

Айта кетейін, төрт түлік малдан тек қана қой, ешкі, сиыр және түйе ғана құрбандыққа шалынады. Қой мен ешкі бір жасқа, сиыр екі жасқа, түйе бес жасқа толуы керек. Алты айдан асқан тоқтының сыртқы көрінісі қомақты болса, құрбандыққа жарайды. Ал, ешкі міндетті түрде бір жасқа толуы керек. Қой мен ешкі бір кісі атынан құрбан етіледі. Ал, сиыр мен түйені бір адамнан жеті адамға дейін бірігіп құрбан етіп шала алады. Ең алдымен құрбандық малы сол жағымен құбылаға қаратып жатқызылады. Сосын бауыздайтын кісі «Бисмилләәһи Аллааһу әкбар» деп малды иегінің астынан өңешін, кеңірдегін және күре тамырларын кесе отырып бауыздайды. Малдың жаны шықпастан басын кесіп алу және терісін алу – мәкруһ амал. Малды бауыздап жатқанда «Бисмилләһ» сөзін әдейі айтпай қойса, ол малдың етін жеуге болмайды.

Құранда «Хаж» сүресінің, 28-аятында: «Құрбанның етінен өздерің жеңдер әрі міскіндер мен кедейлерге жегізіңдер», – делінген. Демек, құрбандыққа шалынған малдың етінен өзі және өзгелер де жей алады. Дұрысы, бұл мәселеде пайғамбарымыздың өсиетін басшылыққа алып, құрбан етін үшке бөліп, бір бөлігін мұқтаж жандарға, екінші бөлігін туған-туыстарыңыз немесе көршілерге, ал қалған бөлігін өз отбасына алып қалған жөн. Сондай-ақ, «барлығын Алла жолында атадым» деп құрбан етін түгелдей тұрмысы төмен жандарға таратып беруге де болады. Бір ескеретіні, құрбан шалушы адам сойылған малдың терісін пайдалана алмайды және қасапшыға ақы ретінде де беруіне болмайды. Терісі садақа ретінде берілуі тиіс. Айтпақшы, шалынған малдың бас-сирағы мен ішек-қарнын ысырап етіп  тастамай, оларды тазалап алып, мұқтаж жандарға үлестіріп беру керек. Құрбан айттың ең сүйікті амалы және осы мерекенің басты құлшылығы болған құрбандығымыз толықтай қабыл болуы үшін малдың жеуге жарамды болған ешбір ағзасы күл-қоқысқа тасталмауы қажет.

Жаратқан Ие баршаңыздың ізгі ниеттеріңізді қабыл етсін!

 

Сапархан ТӨРЕҚҰЛОВ,

ауданның бас имамы.

Read 39 times

Күнтiзбе

« Тамыз 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет