Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Жұма, 20 Сәуір 2018 12:36

Рухани келісім – бейбітшілік тірегі

 

Бүкіл әлемді жаратушы Алла Тағалаға мақтаулар мен сансыз шүкірлер болсын.Салауат және сәлем Пайғамбарымыз Мұхаммедке оның отбасы мен сахабаларына болсын.Ислам дінаралық рухани келісімді насихаттайтын дін.Ислам барлық уақытта адамдарды ынтымақ-бірлікке,бейбіт өмір сүруге шақырады.Алла Тағала Құранда былай дейді:(Айт, уа Пайғамбар)»Әй,кітап иелері!Қанеки,бізге де,сендерге де ортақ сөзге(мәмілеге)келейік те, Алладан басқа ештеңеге табынбайық,оған ештеңені серік етіп қоспайық,Алланы қойып бір-бірімізді ие тұтпайық»деп айт.Егер де олар теріс айналса,»Біздің мұсылман екендігімізге куәгер болыңдар»деп айтыңдар.(Әли Имран сүресі-64аят).Осылайша өзге дін өкілдерін келісімге шақырған.

Кітап иелері дегені – иаһудилер мен христиандар.Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) Меккеден Мадинаға көш-кеннен кейін де ешкімді Исламды қабылдауға мәжбүрлемеген. Керісінше, басқа дін өкілдерімен жақсы қарым-қатынас және келісім жасаған. Татулық болған жерде береке, рухани келісім болады. Пайғамбарымыз (с.а.с)хадисінде: «Егер көршің өзге дін өкілдерінен болса, онда сенің мойныңда бір ақысы бар. Ол сенің көршің болғаны үшін. Егер көршің мұсылман болса, екі міндетің бар. Ол – бірінші көршің, екінші мұсылман болғаны үшін.Ал егер көршің мұсылман – туысқаның болса үш міндетің бар. Ол – көршің, мұсылман әрі туысқаның болғаны үшін,» – деген. Сондықтан рухани келісім дегеніміз дін мен дәстүрді ұстана отырып көршілермен жақсы мәміледе болу. Дана халқымыз: «Татулық табылмас бақыт» деп бекер айтпаған. Діни татулық пен келісім – халықтың бірлігі мен елдің бейбіт өмір сүруінің кепілі.

Елбасымыз Қазақстанды бейбітшілік пен достықтың үлгісіне айналдыру жолында нақты қадамдар жасауда.Қасиетті Құранда: «Ізгі істерге, тақуалыққа көмектесіңдер. Күнә жасауға жаулыққа жәрдем-ші болмаңдар. Құдайдан қорқың-дар, оның қаһары, тегінде, тым қатал. «(Мәида сүресі 2-аят) – деп Алланың тура жолымен жүруге, жамандық атаулыдан сақтандырады. Муфтият – мұсыл-мандандардың қарашаңырағы, имандылыққа, бірлікке бастайтын діни мекеме. Сөз соңында Қазыбек би атамыздың нақыл сөзімен аяқтайық: «Тату болса – ағайын жақын, Адал болса – дос жақын». Бірлігіміз жарасқан бейбітшілігіміз баянды ел болайық, ағайын!

 

Сапархан АЙДАРХАНҰЛЫ,

аудан имамы.

Қаралды 269 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама