Күндер бойынша реттелген элементтер: Бейсенбі, 30 Мамыр 2019
Бейсенбі, 30 Мамыр 2019 17:08

Мясо едят едоки

Реклама и объявления часть нашей многогранной жизни, и если хотите одна из граней культурной жизни. Неграмотная, корявая, некрасивая, обшарпанная реклама вызывает не только смех, но и возмущение. С недавних пор на улицах нашего Есика появились рекламные щиты или просто вывески над торговыми точками, на которых аршинными буквами красуется набор букв МЯСОЕТ. Если это сложное слово, состоящее из «мясо» и «ед» то оно пишется «мясоед», то есть любитель мяса. В конце слово буква «д» (проверочное слово «едок».) А если это слово составлено из русского «мясо» и казахского «ет» то уж будьте добры, напишите раздельно и переставьте «ет» вперед как того требует  закон о языках.

Приятного аппетита любители ет-мяса и владельцы вывесок магазинов, торгующих этим очень важным продуктом.

К слову, мясоед или точнее Рождественский мясоед имеет отношение и к православной вере – это между великим постом и праздником Рождества Христова. Поэтому, господа торговцы, не задевайте религиозных чувств верующих, искажая слово ради броской рекламы.

Х.АХМЕТЖАНОВ

Published in Мақалалар

Есіктің Алматы көшесі мен Фрунзе көшесінің қиылысында тұр осы жарнама. Үлкен жолдың үстінде. «Мясоет»  сөзін орысша дейін десең, ол сөздің соңғы әрпі «д» болу керек те мағынасы орысшадан «ет жегіш» деп аударылады. Діни мағынасы да бар. Ал қазақша деп түсінгің келсе, «мясо» сөзінен кейінгі «ет» сөзін бөліп алып ұғын. Сонда ғана «ет» санаңа  да кіреді ұғым болып, аузыңа да тиеді осы жарнаманың астындағы сауда орнына кіріп сатып алсаң сол мясо-етті.

Осындай жарнама Есік қаламыздың бірнеше жерінде ілулі тұр сауатсыздықтың белгісіндей болып, екі тілді де қорлаудың айғағындай болып.

Х. АХМЕТЖАНОВ

Published in Мақалалар
Бейсенбі, 30 Мамыр 2019 15:32

Қош, балабақша!

«Эмир» бөбек-жай балабақшасында ерекше күн, тарихи сәт  балабақшаның алғашқы түлектерін шығарып салу кеші ұйымдастырылды. «Қарлығаш» тобының бүлдіршіндері балабақшамен  қоштасып, үлкен өмірге қарай қанат қағатын сәт те келіп жетті. Ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген бүлдіршіндер «Қош бол, балабақшам!» атты іс-шараға қатысты.

Заман талабына сай ертегіні түрлендіріп, «Мақта қыз бен мысық» ертегісінен көрініс қойды. Бүлдіршіндеріміздің рөлдерді сомдап шығуы баршамызды қуантты.

Балалардың ішінен әнші, биші,  жан-жақты дамыған балаларды байқауға болады. 

«Балбөбек» тобының кіш-кентай бүлдіршіндері  де өз өнерлерін көрсетті. Балалар қоштасу вальсімен ортаға шығып, балабақша меңгерушісі Мира Тургановна  дипломмен марапаттады.

Сонымен қатар, бүлдір-шіндерімізге сәт сапар тілеп Тэдди аю келіп балаларға сыйлықтар таратып, тілек тілеп, шар ұшырды.

Ата-аналар балаларының жыл бойы өткізген іс-шараларын фото-көрме арқылы тамашалады.

Ата-аналарымыз Майгүл Акирбаева мен Жанара Ұлан барлық ата-аналар атынан сөз сөйлеп, бітіруші топ тәрбиешісі Құндыз Дәуренбекқызын және де барша балабақша ұжымына алғыстарын білдірді. 

Айналайын, балғындар,

Алға бағыт алыңдар.

Ертең өсіп толыңдар,

Ел мақтаны болыңдар!

Орындалсын ойларың,

Ашық болсын жолдарың,

Қош балалар сәт сапар,

Үлгілі бәрің болыңдар,

Жақсы оқып әрқашан,

Тек 5-тікті алыңдар! – дей отырып, балабақша ұжымы бүл-діршіндерге ақ жол тіледі.

 

Қымбат  Калыкова,

«Эмир» бөбек-жай балабақшасының әдіскері.

Published in Жастар

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің Нұр-Сұлтан қаласында өткен ІІ «Рухани қазына-2019» фестиваліне біздің ауданнан Қаракемер ауылдық Мәдениет үйінің директоры Арайлым Мамырбекова қатысып, жүлдемен оралды.

Төрт күнге созылған жоба аясында облыстық, аудандық, қалалық, ауылдық мәдени ойын-сауық ұйымдарының өкілдерімен дөңгелек үстелдер, шеберлік сағаттар жүргізіліп, қонақтарға экскурсия өткізілген-ді. Ол үшін арнайы сертификаттар тапсырылды. Қызу доданың нәтижесінде, Қаракемер ауылдық Мәдениет үйі «Үздік ауылдық Мәдениет үйі» номинациясын жеңіп алып, 1 000 000 теңгенің сертификатын және арнайы дипломды қанжығалады. Ол турасында: «Алматы облысы бойынша 216 ауылдық мәдениет үйі болса, соның ішінде үздік деп танылып облыс атынан бәйгеге қатысқанымыздың өзі үлкен жетістік еді. «Үздік ауылдық Мәдениет үйі» және «Үздік ауылдық Мәдениет үйі қызметкері» номинациясы бойынша қорғадым жобамды. Жоғарыда атаған жетістігіміз алдағы жеңісіміздің тек баспалдағы екен. 16 облыстан 60 Мәдениет үйі. Бәсекелестер осал емес, алайда Қаракемер Мәдениет үйі ең үздігі деп танылып, төбеміз көкке жетті», – дейді Қаракемер Мәдениет үйінің директоры Арайлым Мамырбекова.

Алмагүл НҰҒМАН.

Published in Өнер
Бейсенбі, 30 Мамыр 2019 15:13

Мәдениет майталмандарына құрмет

Жақында аудан әкімі Бинәлі Ысқақ мәдениет қызметкерлерінің күнінде облыстан жүлделі оралған ауданымыздың бірқатар мәдениет саласының қызметкерлерін қабылдады.

Ауданымыздың рухани кемелденуіне, жастардың бойына тарихымызды, мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді сіңіруде жетекші рөл атқарып жүрген мәдениет саласы қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтаған Бинәлі Әбдіқапасұлы ризашылы-ғын білдірді:

– Бүгінде ауданымыз барлық салаларда үлкен белестерді бағындырып отыр. Десек те, мәдениет саласында ауданымыз соңғы рет 2013 жылы үлкен жетістікке жеткен еді. Биыл облыста еңбектеріңіз еленіп, «Үздік облыстық мәдениет мекемесі» номинациясы «Ұста Дәркембай атындағы қолөнер мұражайына» бұйырды. Есік археологиялық-өлкетану мұражайы «Үздік мұражай» атанды. «Үздік мәдениет қызметкері» де біздің ауданымыздан шықты. Мәдениет және спорт министрінің Алғыс хаты біздің кітапханашымызға табысталды. Сондай-ақ, айта кету керек, күні кеше ғана Қаракемер мәдениет үйі республикамыздағы «Үздік ауылдық мәдениет үйі» атағын иеленді. Бұл – біз үшін үлкен жетістік әрі мақстаныш. Сіздердің еңбектеріңіздің жемісі – деген Бинәлі Әбдіқапасұлы ауданымыздағы мәдениет мекемелеріне көңіл бөлінетіндігін жеткізді. Қазірдің өзінде Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Аудандық кітапхананы жаңа ғимаратқа көшіру мәселесі де қарастырылып жатыр. Осындай жақсылықтарды жеткізген аудан басшысы Дәулет Шоқпаров, Долкунжан Розахунов, Нарима Тойжанова, Галина Свининниковаға өзінің Алғыс хатын табыстап, гүл шоқтарын ұсынды. Жұмыстарына сәттілік тілеп, мәдениет пен өнердің биік белестерін бағындыруға тілектестік білдірді.

 

Сардарбек НҰРАДИН

Published in Өнер
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет