Сенбі, 29 Шілде 2017 01:29

«Бәйсейіт» - бірінші

Спортты денсаулықтың кепілі деп түсінген аудан жастары тағы бір аладоп бәсекесінде бас қосты. Малыбайда өткен шағын футбол турниріне 13 команда қатысып, өзара үздіктерін анықтады. Ұйытқы болған «Елім-ай» қоғамдық қоры және аудандық жастар ресурстық орталығы. Қолдау білдірген – аудандық ішкі саясат бөлімі. Шара шымылдығын қор төрағасы Жаңаберген Мұхамедов құттықтау сөзімен түрді. Ыстық лебізін білдірді, сәттілік тіледі. Таңнан кешке дейін жалғасқан байрақты бәсекеде асылық «Дихан» командасы үштікке жайғасса, екінші орынды «Малыбай орта мектебі» иеленді. Бартоғайлық «Бәйсейіт» құрамасы топ жарып шықты. Өз тілшіміз.
Сенбі, 29 Шілде 2017 01:21

«Толқын» топ жарды

Жақында аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Елім-ай» қоғамдық қоры және аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен маргиналды жастар арасында волейболдан аудандық турнир өтті. Шараға қор төрағасы Жаңаберген Мұхамедов, аудандық мәслихат депутаты Қайнар Жұмағожа, аудандық жастар ресурстық орталығы жетекшісінің бас кеңесшісі Сұлтан Тойғанбай қатысып, жүрекжарды тілектерін білдірді. Турнирде аудан бойынша 8 команда өнер көрсетті. Олар өзара екі топқа бөлініп, Көлді және Толқын ауылдарының мектептерінде сынға түсті. Нәтижесінде, 3 орынға «Қаратұрық» командасы табан тіресе, «Тес-кенсу» құрамасы екінші орынды місе тұтты. Тамаша ойынымен жанкүйерлерін желпінтіп тастаған «Толқын» командасы үздік деп танылып, біріншіліктің биігінен көрінді. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар, медальдар табысталды.
Бейсенбі, 22 Маусым 2017 19:31

Бижановтықтар бірінші

Елімізде ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесінің кең көлемде өтуіне қолдау көрсету мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша, «Іле мұрагер» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен өткен сенбіде «Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығы» Масақ ауылдық округінің әкімі аппаратымен бірлесе шағын футболдан аудандық турнир өткізілді. Жарыстың ашылу салтанатында аудандық мәслихат депутаты, Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі, «Жас Отан» ЖҚ аудандық филиалының төрағасы Айбек Ілебаев елімізде өтіп жатқан ЭКСПО-ның Қазақстан үшін әкелер пайдасы, ел дамуындағы экономикалық тиімділігі туралы айтса, Масақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Қуат Бәкешұлы саламатты өмір салтын өрістетуге жиналған ойыншыларға сәттілік тіледі. Асқарбек Қожахметов пен Данияр Қалдыбаев төрешілігімен таңнан кешкіе дейін өте…
Дүйсенбі, 19 Маусым 2017 08:58

Күрес саңлағына құрмет

Жуырда Есік қаласындағы Спорт сарайында ҚР спорт ардагері Саматов Аманбек Фазылұлы атындағы грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті. Аманбек Саматов 1967-1971 жылдары Алматы қаласында Дене шынықтыру институтының күрес бөлімін бітірген. Оқуын тәмамдаған соң туып өскен жері ШҚО Аягөз ауданындағы Сергеополь орта мектебінде 1979 жылға дейін дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндерінен ұстаздық етеді. Сонымен қатар, классикалық және қазақша күрестен облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, үнемі жүлделі орындардан көрініп жүрген. 1987 жылы Есік қаласына қоныс аударып, спорт мектебінде күрестен жаттықтырушы, «Спорт және туризм» бөлімінің басшысы, Есік қаласы әкімінің міндетін атқарушы, Көктөбе селолық округінің әкімі болып ел үшін аянбай қызметтер атқарады.…
Бейсенбі, 27 Сәуір 2017 10:50

Кубок иегері анықталды

Жақында Есік қаласындағы төменгі стадионда футболдан аудан әкімі кубогінің ақтық кезеңі өтті. Ауқымды шараға аудандық мәслихат хатшысы, бокстан КСРО-ның спорт шебері Бекет Ахметов, спорт жанашыры Руслан Қалиев, қала әкімі Бауыржан Бименов пен дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабеков қатысты.
Ақши ауылының дамуына өлшеу-сіз еңбегін сіңірген ауданымыздың құрметті азаматы Заманбек Ақшал-ұлының 85 жасқа толған мерейтойын ауылдастары қуанышпен атап өтті.
Ұлтымыздың қанына, жанына біткен ердің күші мен айласы сыналатын айшықты спортымыз – қазақ күресі. Тарихқа үңілсек, күрес десе құлағы елең етпейтін қазақ болмаған. Күреспен әлемді мойындатқан даңқты бабаларымыз аз емес. Күш атасы Қажымұқан, Балуан Шолақ, беріректе олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров сынды тұлғаларымыз жауырыны жерге тимеген майталмандар екені бәрімізге мәлім. Осындай алыптардың жолын жалғайтын азаматтарды шығару үшін атқарылып жатқан жұмыстар көп және ол еңбектер жақсы нәтижелерін көрсетіп келеді. Соған сәйкес Есік қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің жүлдесіне арналған қазақ күресінен «Еңбекшіқазақ бөрісі» аудандық іріктеу турнирінің II кезеңі өтті.
Жұма, 23 Қыркүйек 2016 09:55

Футболшыларымыз жарады

Жыл сайын ұйымдастырыла-тын футболдан Алматы облысының чемпионаты өз мәресіне жетті. Өңірдің кіл мықтылары бақ сынаған сайыста ауданымыздың құрамасы финалға жолдама алып, Қарасай ауданының футболшыларымен чемпиондыққа таласты.
Жақында аудандық дене шынықтыру-сауық-тыру кешенінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен спортшылардың төл мерекесіне орай 2004-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында аудан біріншілігі өтті.
Бұндайда қазақ бәрекелді, демей қоймас. Жерлесіміз Б.Майлин атындағы орта мектептің түлегі Надира Маратова қос бәйгеден бірінші келді. Нақтылап айтсақ, Қазақстан бойынша бокстан өткен ҚР мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасындағы спартакиаданың жеңім-пазы атанды. Бұл бәсеке Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың спорт кешенінде өткен-тін. Екіншіден, 17-24 шілдеде Сербия мемлекетінің Суботица қаласында жалауы желбіреген 34-ші «Алтын қолғап» халықаралық турнирінде де чемпион атанды.
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама