Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 13 Желтоқсан 2018 10:52

Аграрлы ауданымыз үздіктер қатарында

Өңіріміздегі ауылшаруашылығы саласының биылғы жетістігі мақтауға тұрарлық. Атап айтсақ, соңғы бес жылдың ішінде ауылшаруашылық өнімі 2 есеге өсіп, 2017 жылдың қорытындысы бойынша 100 млрд теңгеге жетті. Өсімдік шаруашылығы 2,2 есеге, мал шаруашылығы 163 пайызға, агроөнеркәсіп кешеніне тартылған инвестиция көлемі 50 есе өсті. Мұның бәрі жүйелі жұмыс пен нәтижелі еңбектің өнбегі. Қуаныштысы сол, тынымсыз тер облыста еленді. Жуырда облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен өткен ауылшаруашылығы саласының үздіктерін марапаттауда біздің де өңір биіктен көрінді, 2 дәрежелі дипломды аудан басшысына облыс әкімі салтанатты жағдайда табыстады. Сондай-ақ, «Заңды тұлғалар» номинациясының жеңімпазы ретінде ауданымыздың «Адал» агроөнеркәсіптік компаниясы танылып, МТЗ-82 тракторын иеленді. Салтанатты шара барысында жоғары…
Дүйсенбі, 10 Желтоқсан 2018 11:01

Өмірге құштарлық

Өзен ағысымен өлі балық қана жүзеді Тіршіліктің әр күні ләззат, шаттық. Оны кей пенде сезінеді, кейбірі сезінбейді де. Айналаға қарасаң, күйкі тірлік пен шет-шегі жоқ қарбалас өмірге белшесінен батқан адамдар. Ал, өмірдің ала доп іспеттес ағы мен қарасы қатар екенін ұғына бермейміз. Өкініштісі де сол. Жақсы күндерде Жаратушыға алғыс айтуды естен шығарып, қаралы болғанда күйінеміз. Осы әрекеттерімізбен де пенде шығармыз, бәлкім?! Алдымызда не күтіп тұрғанын білсек, мүмкін, басқалай әрекет етер ме едік? Десек те, шарасызбыз. Өзен ағысымен өлі балық қана жүзеді. Тірі адам қалай да тіршілік етуге тырысары хақ. Мейлі, жанын жегідей жеп бара жатқан ауруы меңдесе де... Мақалаға арқау…
Дүйсенбі, 10 Желтоқсан 2018 09:49

Бала денсаулығы – партия назарында

Бүгінгі бүлдіршіндеріміз – ертеңгі ел тізгінін қолға ұстар азаматтар, біздің болашағымыз. Олардың сауатты, дені сау болып өсуін қамтамасыз ету – негізгі мақсат. Осы орайда, саламатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысып қана қоймай, балалардың дұрыс таматақтануы да денсаулық үшін аса маңызды. Аталған мәселеге баса назар аударған «Нұр Отан» партиясы «Мектеп асханаларын жаңғырту» партиялық жобасы аясында мектеп асханаларын бақылауға алып, балалардың дұрыс тамақтануын қадағалауда. Ауданымыздағы партия филиалы да өткен аптада Шелек ауылындағы Шелек политехникалық колледжінде дөңгелек үстел өткізіп, асхана мәселесінің айналасында жүргендердің басын қосты. Жиынға аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев, округ әкімдері, мектеп директорлары, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері…
Сәрсенбі, 05 Желтоқсан 2018 12:02

ШЕЛЕКТЕ "РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" ОРНАТЫЛДЫ

Жас ұрпақ Отанын сүйіп қана қоймай, тарихын да құрметтеуі тиіс. Өйткені, тарих елдің өткені мен бүгінін байланыстырып, болашағына жарқын жол сілтейді. Осыған орай, Шелек тарихи-өлкетану музейінде Рухани жаңғыру аясында тағылымды шара өтті. Жиынға ұстаздар қауымы мен мектеп оқушылары, әртүрлі мекеме қызметкерлері қатысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ата тарихымыз жайлы бір сөзінде: «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын дербес орны бар ұлт боламыз десек, әлемге мәдени жетістіктерімізбен танылуымыз керек», – деген еді. Музейде өткен жүздесу тарихи ескерткіштер мен ерлікке толы оқиғаларды насихаттау, жас ұрпақты рухани-адамгершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жастарды музей мәдениетіне тартып, тарихын сүюге бағытталды. Шараның ашылу салтанатында…
Бейсенбі, 29 Қараша 2018 16:00

Қойнауы құт-береке – туған өлкем

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Туған жер» бағдарламасы аясында «Қойнауы құт-береке – туған өлкем» атты облыстық семинар-практикум өтті жақында Рахат №1 орта мектебінде. Ұлттық тәрбие мен білімді ұштастыра отырып рухани жаңғыруды қолға алған педагогтардың бағдарламалық-әдістемелік, тәжірибелік, бұқаралық-ұйымдастырушылық шараларына куә болдық семинар-практикум барысында. Аудандық білім бөлімі, аудандық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экскурсия орталығы және Рахат №1 орта мектебінің бірлесе ұйымдастырған шарасына облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бөлімінің басшысы Жанар Дихамбаева, аудандық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экскурсия орталығының директоры Мұрат Ақаев, аудандық білім бөлімінің әдіске-рі Алмагүл Ұнақбаева және аудан мектептерінің тарих пәндерінің мұғалімдері қатысты. «Самғатқан сан қыранды…
Государственное учреждение «Казселезащита» является подведомственным предприятием Комитета по чрезвычайным ситуациям МВД РК. В состав учреждения на правах филиалов входят 9 областных и региональных эксплуатационно-технических управлений. В нашей предгорной и горной местности нередки селевые паводки, а в зимнее время – снежные лавины. Сотрудники «Казселезащиты» обязаны первыми приходить на помощь, а, кроме того, контролировать состояние снежного покрова в горных ущельях и уровень воды в реках, вести профилактические мероприятия по устранению стихийных бедствий. Что входит в план даных мероприятий, как работает противоселевая служба наблюдения, рассказывает руководитель Есикского производственно-эксплуатационного отдела ГУ «Казселезащита» Канат МОЛДАСЫНОВ. – Канат Муканович, какие функции выполняет ваш отдел? – Есикский…
Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі. Н.НАЗАРБАЕВ. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тағы да бір жарияланымымен таң қалдырып, таңдандырып емес-ау рухани жаңғырушыларды да, жаңғыртушыларды да мұздай «қаруландырып» отыр десек болады. Өйткені «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында сол «Рухани жаңғыру» бағдарламасын нақтылап, тереңдетіп, өткенімізді қай тұрғыдан мақтан етіп, қалай әлемдік орнымызды нығарлай түсуге пайдалану керек екенін егжей-тегжейлі түсіндіріп отыр. Жеделдетіп жазылып отырған бұл мақалада өзіме таныс екі мәселе жайында айтып өткім келеді. «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» бөлімінің бірінші тақырыбы «Атқа міну мәдениетімен» басталады. Шындығында ауылда туып өскен, тіпті қалада тұрып…
Бейсенбі, 29 Қараша 2018 15:05

Болмыс болашаққа сай болсын

Елбасы Н.Назарбаевтың халқымыздың тарихи талғамын терең таразылап, халық көкейінде жүрген талай-талай дүниелерді дөп басып айтқан «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы осыдан бір жарым жыл бұрынғы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласының заңды түрдегі жалғасы екендігі сөзсіз. Мақалада түркі өркениетін дамытуға қатысты бірқатар мақсат-міндеттер белгіленді. Мемлекет басшысы төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін ұрпақтың болашағы зор болады дейді. Сондықтан бұл – бүгінгі болмысымызды сараптап, болашағымызды бағамдауға арналған мақала. Оның стратегиялық маңызы зор. Кезінде Ілияс Есенберлин «ағаш неғұрлым биіктеп өскен сайын, тамыры оның тереңдей түседі» деген. Дәл қазір біз қарыштап дамыған сайын тамырымызды да солай…
Бейсенбі, 29 Қараша 2018 14:58

«Ғасыр үнімен» үндескен ақын

Өмірін өлеңмен өріп, шығарма-шылығын журналистикамен шыңдаған, қалтарысы мен бұлтарысы көп тағдыр жолында шалынбай, құласа да қайта тұрып алға ұмтылған қайсар жан Шаяхмет Құсайынұлының шығармашылығына 50 жыл толған мерейтойына куә болдық жуырда. Халықаралық Жазушылар, Қазақстан Жазушылар, Қазақстан Журналистер одақтарының мүше-сі, ауданның «Құрметті азаматы», «Құрметті туындыгері», 2010 жылғы республикалық «Қазақстан» телеарнасының «Таңғы шық» мүшәйрасының бас жүлдегері, «Хабар» АК-нің «Білім және Мәдениет» телеарнасының 2015 жылғы «Наурыз жыр» мүшәйрасының лауреаты Шаяхмет ағаның кеші Есік қаласындағы археологиялық-өлкетану мұражайында, сол қастерлі мекеме қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өтті. Алғашқы құттықтау сөзімен ортаға шыққан халықаралық «Қазақстан Заман» газетінің редакторы, жазушы, журналист, мәдениет қайраткері Ертай Айғалиұлы шығармашылық кеш иесінің қандай журналист,…
Сенбі, 24 Қараша 2018 09:34

Испытайте счастье!!!

Бағыңызды сынаңыз!!! Лоторея ойнаңыз Ұтыстан ұтыс қоймаңыз! «Еңбекшіқазақ» газетіне 2019 жылға толық жазылу түбіртегінің (квитанция) реттік санына лоторея ойнатылады. Ұтыста тұрмысқа қажетті бұйымдар. Лоторея қорытындысы жаңа жылдан кейін жарияланып, ұтыстар тапсырылады. Толық ақпаратты: 4-19-31 телефонынан біле аласыздар. Шелек өңірі бойынша : 8 708 347 56 00 Испытайте счастье !!! Участвуйте в лоторее, разыгрываемой на номер квитанции о подписке на газету «Еңбекшіқазақ». В розыгрыше участвует квитанции о подписке на полный 2019 год. Лоторея будет разыграна после нового года и опубликуются ее итоги. Справки по номеру телефона в Есике: 4-19-31. По Шелекскому региону : 8 708 347 56 00
Page 1 of 42

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама