Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 07 Наурыз 2019 18:57

Тәрбиенің бастауы

Әлемдегі күллі жақсылық, ізгілік пен мейірім ең алдымен әйел қауымына тән. Барша адамзатқа өмір сыйлайтын Әйел-Ана әрқашан ерекше құрмет пен ықыласқа лайық. Сондықтан да әйелдер мерекесін адамзат баласы аңсап, күтеді. Әйел жанының сұлулығы мен нәзіктігін аша түсетін осы бір тамаша мерекенің жаңа туған көктем шуағымен сәйкес келуі ерекше мағынаны аңғартады. Себебі, әрбір Әйел-Ана да көктемдей құлпырып, адамзат өмірін сән-салтанатқа толтырып, әлемге жылылық, мейірім, татулық нұрын шашады. Әйел деген кім? Әйел – біздің аяулы анамыз, ардақты әжеміз, қаракөз қарындасымыз, сүйкімді қызымыз, қамқоршы әпкеміз. Әйел – қолына қару алып, қан майданда от кешкен Әлия мен Мәншүк, айдай әлемді аузына қаратқан Роза мен…
Адам қайғысы – заман қайғысы. Қоғамда орын алып жатқан түрлі келеңсіз жағдаяттар жүрегі барларды елеңдетпей қоймайды. Әсіресе, ана мен балаға қатысты болғанда. Бейбіт күнде аналарымыз жылап, балаларымыз жетіспеушілік пен жоқшылықтың қамытын киюде. Кісіні кейде таршылық, кейде баршылық сынайды дейді. Таршылықпен сыналып жатқан жандарды көргенде көмек беруге ұмтылатын қазақы қалпымыз бен адамгершілігіміз әлі де суалмаған дариядай екеніне куә болдық жақында. Талдыбұлақ деген ауыл бар тау бөктерінде. Балалары тауға қарап талаптанып, қариялары жер асты қазынасындай. Ауыл болып араларындағы аз қамтылған, көпбалалы отбасыларына қамқорлық көрсетіп, өздерінен артылғанын өзгеге де жұғым болсын деген ниетпен Есікке ат басын бұрған. Олай дейтініміз, Талдыбұлақ орта мектебінің директоры…
Қазіргі таңда мұғалімнің біліктілігін арттыруды жалпы қоғамдық мәселе ретінде қарастыратынымыз рас. Себебі, білімді тереңдету мен жетілдіруді мұғалімнің жеке басы үшін ғана емес, қоғамға қажет әрекет деп қабылдағанымыз дұрыс. Баланың бос уақытын қызықты, пайдалы әрі мазмұнды өткізу міндеті педагогтар мен ата-аналарды да толғандырады. Осы орайда мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлер балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда ерекше рөл атқарады. Осыны ескере отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің РМҚК «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының» маманы С.Салбенбекованың ұйымдастыруымен балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын педагог қызметкерлеріне арналған «Жазғы сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлерде уақытша балалар ұжымдарымен жұмыс жасаудың заманауи технологиялары» тақырыбында…
Сәрсенбі, 27 Ақпан 2019 20:41

Угрозам стихии – надежный заслон

26 февраля район принял участие в республиканских командно-штабных учениях «Көктем-2019». В ходе учений районный штаб гражданской обороны объявил сбор отряда экстренного реагирования на территории АО «ДСУ-13». В его состав входят инженерно-технические, транспортные звенья, связисты, медики, полиция, пожарные, подразделения национальной гвардии Каракемерской воинской части. Начальник штаба ГО, первый заместитель акима района Нуржан Кудайбергенов, члены штаба и.о.начальника ОЧС района Ельнур Бахытов, заместитель начальника РУВД Самбат Абильдаев, начальник ПЧ-6 Азамат Алгожаев провели смотр готовности отряда к весенним паводкам. Нуржан Кудайбергенов задал вопросы руководителям звеньев о порядке их действий, готовности транспорта, оборудования и снаряжения. Бдительность будет нелишней: резкое февральское потепление может вызвать оползни в…
Сәрсенбі, 27 Ақпан 2019 20:39

Рухани кемелдену

1 наурыз – Алғыс айту күні. Дәл осы күні еліміздің барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастырған Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған. Осылайша, 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды – «Алғыс айту күні» деп жариялады. Бүгін ел тәуелсіздігі жолында аянбай тер төккен барлық отандастарымыздың бір-біріне құрмет білдіретін және Қазақстанның тағдыр тоғыстырған көп ұлтты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні. Сондай-ақ, тағдыр тәлкегінде Қазақстан аумағына еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың құтты мекеніне айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына тағзым ететін күн. Филиал тыңдаушылары қиын-қыстау заманда өзге деп өгейсімей бауырына басып, барын…
Сейсенбі, 26 Ақпан 2019 08:47

Көпбалалы ананың ерлігі

Жазира Отарбаева – көпбалалы ана. Ол - Түрген ауылының тумасы, қазіргі уақытта Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат ауылының тұрғыны. Жетінші сәбиін дүниеге әкелген Жазира - бүгінде «Алтын алқа» иегері. Сонымен қатар жас кәсіпкер. 32 жасында екі балабақша ашып үлгерен батыр ана мектеп қабырғасында жүрген шағында-ақ өзінің білімімен, әрі пысықтығымен көзге түскен. 2004 жылы Азамат Артықбайұлы есімді азаматқа тұрмысқа шыққан. 2005 жылы жас отбасында Әсел есімді тұнғыш қыздары дүиеге келеді. 2007 жылы атқа мінер Жанболат есімді ұлды болды. Екі баланың анасы бола тұра үйде отырмай, Дінмұхамед Қонаев атындағы Еуразиялық университеттің заң факультетінің түлегі атанып, оны 2011 жылы тәмамдаған. Сол жылдары отбасы Әлия және…
Бейсенбі, 21 Ақпан 2019 16:12

Дұрыс тамақтану – саулық кепілі

Алғашқы болып сөз алған ұйымдастырушы мекеменің бөлім басшысы Ұлмекен Қанағатова аудандағы мектеп асханаларында орын алып жатқан кемшіліктерді тізіп берді. – Бүгінде көптеген мектептердің асханаларында тауар көршілестігі сақталмайды. Яғни, ет тағамдары, балық пен ұн өнімдері, сүт өнімдері барлығы бір тоңазыт-қышта сақталады. Бұл – заңға қайшы. Ал кейбір асханаларда хот дог, гамбургер, пицца сынды фаст-фут өнімдерін жасырын дайындап сатады. Аталған тағамдарды мұғалімдерге арнап пісірдік деп ақталатын асхана меңгерушілері бұның да заңбұзушылық екендігін білуі тиіс. Осындай заңсыздықтарды ауданымыздың бірнеше мектебінде анықтадық – деген Ұлмекен Ахатқызы асхана меңгерушілеріне тиісті стандаттарды түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, қадағалау мекеме қызметкерінің айтуынша, әр мектеп асханасында балаларға ішуге арналған…
Бейсенбі, 21 Ақпан 2019 16:04

Қарасай – қазыналы, құтты мекен

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында музейлер мен тарихи орындарға айрықша тоқталғаны киелі орын қызметкерлерінің мәртебесін көтеріп, мерейін өсіргені ақиқат. Солардың бірі де бірегейі, ел арасында «Елбасы мұражайы» атанған Қарасай аудандық тарихи-өлкетану мұражайы жуырда біздің өңірде өздерінің жәдігерлерін таныстырып қайтты. Есік археологиялық-өлкетану музейінде өткен көшпелі көрмеге аудандық білім бөлімі қызметкерлері, ұстаздар мен оқушылар, қала тұрғындары қатысты. Алдымен сөзді музей директоры Серік Қалиев алып: – Әсем табиғаты, керім даласы, бай тарихы бар, елге танымал ардақты адамдарымен дүниені шарлаған қасиетті Қарасай ауданы Жетісу өңірінің ғажайып пұшпағы дер едім. Өлкеміздің тәуелсіз елімізде алатын орны ерекше және бұл мекеннің биыл 90 жылдық мерейтойы.…
Бейсенбі, 21 Ақпан 2019 15:56

Қызметіне қарай құрмет

Ауданымыздың Шелек өңірінде тұратын Чернобыль атом электр стансасының, Семей сынақ полигонының жарылыстарынан зардаптанған аймақтарды залалсыздандыруға қатысқан ардагерлер мен қайтыс болған ардагерлердің жесірлері, сондай-ақ, Венгер оқиғасының қарт жауынгерлері жақында №2 Шелек аудандық ауруханасында бас қосты. Бас қосудың мақсаты – ардагерлердің денсаулығын жақсартудағы ақ халаттылар қызметіне құрмет көрсету. Соңғы екі жылда жоғарыда аталған ардагерлерге тұрақты көңіл бөлініп, әрбіріне жедел аурудың алдын алатын, керекті дәрі-дәрмекпен жабдықталған арнайы қорапша (аптечка) беріп, облыстық ауруханаға жолдамамен дерт диагнозын анықтатып, госпитальға, санаторий-курорт-тарға, сауықтыру орындарына баруға жағдай жасалған. Осындай қамқорлыққа бөленген ардагерлер алғыстарын жеткізіп, емхана меңгерушісі Гүлжан Макееваға облыстық Чернобыль АЭС апатын залалсыздандыруға қатысқан ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы…
Бейсенбі, 14 Ақпан 2019 14:48

Мәңгілік елдің тұғыры

Жақында жастар жылы аясында Абыхан Жексембековтың туған күніне орай «Мәңгілік елдің тұғыры – білімді жастар» атты үш ұрпақтың кездесуі ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Құдайбергенов, аудандық білім бөлімінің басшысы Бәтес Аманова, Түрген ауылдық округінің әкімі Бота Елеусізова және Абыхан Аманбайұлының қызы, саяси ғылымдарының докторы, ҚР орталық сайлау комиссиясының жауапты қызметкері Венера Жексембекова бастаған зиялы қауым өкілдері қатысты. Алғашқы сөзге шыққан Н.Құ-дайбергенов жиылған көпшілікті игі шарамен құттықтап, мектеп ұжымының дәстүрлі бұл жұмысына қолдау білдірді. Мектеп директоры Гүлбақыт Қасымжанова білім ошағының бір жылдық жұмысымен көпшілікті таныстырса, А.Жек-сембеков атындағы орта мектептің ең алғашқы директоры, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Асылбек Жолдыбаев естеліктерімен бөлісті.…
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама