Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 28 Қаңтар 2016 11:12

Здоровый досуг – на ура

В погоне за личной выгодой и достатком взрослое поколение забывает о подростках, которые предоставлены сами себе. Но в последние два года в нашем округе многое изменилось к лучшему. Налицо рост культурно-массовых молодежных мероприятий, проводимых по инициативе неравнодушных односельчан. Функционирует секция бокса, руководит которой житель села Бирлик Фархат Розбакиев. Он воспитывает из юношей настоящих мужчин, готовых всегда прийти на помощь слабому, побеждающих на областных и районных соревнованиях.
Сөгеті Аудан әкімі Бинәлі Ысқақ Сөгеті, Малыбай, Бартоғай, Масақ, Шелек, Қаражота ауылдық округтерінде тұрғындар алдында есеп берді жақында. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.
Бейсенбі, 28 Қаңтар 2016 11:04

Жаңа кәсіби стандарт талқыланды

Жақында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында «Жаңа кәсіби стандарт» атты облыс орталығы мен аудандарының әкімдік қызметкерлері арасында бейнеконференцбайланыс арқылы облыстық деңгейде дөңгелек үстел өтті. Оған аудан әкімі аппаратының басшысы Бекен Керімбеков, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғожаев, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, басқарма, бөлім басшылары, округ әкімдері мен мамандары және қоғамдық қор өкілдері қатысты.
Бейсенбі, 21 Қаңтар 2016 14:34

Саяси ұйым өсу жолында

Жақында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғожаев, Есік қаласының әкімі Бауыржан Бименов аудандық емхана қызметкерлерін Елбасы саясатын қолдап, партия мүшелігіне өтуге шақырды.
Бейсенбі, 21 Қаңтар 2016 14:27

Тау бөктеріндегі көңілді күн

Қыс келсе, алдымен балалар қуанады. Жаңа жыл мерекесі, қысқы демалыс, аққала жасау, сырғанақ тебу. Бәрі де қыс мезгілінің балғындарға әкелер базарлығы. Осыған орай, жақында Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Түрген филиалының ұйымдастыруымен Түрген сайында қыс мезгілінің ашылу салтанаты өтті.
Бейсенбі, 21 Қаңтар 2016 14:21

Боксшыларымыз биіктен көрінді

Жақында Жамбыл ауданы Аққайнар ауылында КСРО спорт шебері, КСРО чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, тарихи АҚШ-КСРО кездесуінің жеңімпазы, ҚР құрметті спорт қайраткері Жандос Кәкімовтың 70 жылдығына арналған бокстан жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. Оған еліміздің түпкір-түпкірінен былғары қолғап шеберлері қатысты.
Бейсенбі, 14 Қаңтар 2016 10:08

Білімді мыңды жығады

«Білім – инемен құдық қазғандай». Аянбай төккен тер мен табандылық – бұл жерде басты құралың. Қаламыздағы А.Мәлкеев атындағы қазақ-түрік лицейінің оқушылары талаптыға нұр жауатынын сөз жүзінде емес іс жүзінде жақсы біледі. Білімдіге дүние жарық екенін Талдықорған қаласында 5-6 қаңтар аралығында өткен республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңінде дәлелдеп қайтты.
Бейсенбі, 14 Қаңтар 2016 10:02

Бала тәрбиесі – талдан да нәзік

Балалар өмірге үлкендердің тәрбиесін алу үшін ғана емес, сондай-ақ БІЗДІ де тәрбиелеу үшін келеді. Мың мәрте қайта ойлансам да, мұны жоққа шығара алмадым. Кей-кезде күтпеген жерден төрт жасар қызым: «Анашым, сіз былай емес, былай істеу керек деп едіңіз ғой» дегенде, бүкіл айтқан сөз, әрекеттерім көз алдымнан қайта айналып өте шығады. Сөйтеді де сергелдеңге салып қояды. Енді мен, о баста айтқан сөзімді сол қалпында қалдыру үшін барымды салуға тырысып бағамын. Себебі, ол кезде бір нәрсені айтсам, кейін басқа нұсқа ұсынсам, балам екі ойлы болып, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажырата алмай қалуы бек мүмкін. Бұл – бір. Екіншіден, екі сөйлеу деген…
Бейсенбі, 14 Қаңтар 2016 10:00

ӘКЕ – асқар тау, АНА – мөлдiр бұлақ

Ислам дінінің түсінігінде отбасы – перзент бойында сүйіспеншілік пен мейірімділік қалыптастыратын қасиетті шаңырақ. Сол себепті, шариғатта отбасының екі тірегі – әке-шешеге айрықша мән-маңыз беріліп, Аллаһ Тағаланың Құран Кәрімде ата-анаға жақсылық жасауды бұйырғаны үнемі еске алынып, көптеген ізгі іс, ақыл-кеңес ата-ананы аялауға арналады. Хазреті Имам Нәсәфи: «Ата-ананың (әке-шешенің) баласында сексенге жуық ақысы бар. Олардың 40-ы тірі кезінде, 40-ы қайтыс болғаннан кейін орындалады. Тірі кезіндегі он ақысы дене мүшемен, оны тілмен, оны жүрекпен (көңілмен), қалған оны ақшалай өтеледі» – деген.
Бейсенбі, 14 Қаңтар 2016 09:57

Антқа берік сарбаздар

Жексенбі күні Қаракемер 6654 Ұлттық Ұлан әскери бөлімінде әскер қатарына шақырылған сарбаздардың ант беру рәсімі өтті. Жауын-гер жауапкершілігін арттыру болып табылатын аталған рәсім әскери бөлімнің дайындық алаңында салтанатты мерекеге ұласты.
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама