Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 10 Желтоқсан 2015 12:29

Сарбаздар қайтты үйіне

Жақында Қаракемер 6654 Ұлттық Ұлан әскери бөлімі Отан алдындағы борышын бір жыл бойы абыроймен атқарған 300-ден аса жауынгерді үйлеріне салтанатты түрде шығарып салу рәсімін өткізді.
Жақында Райымбек батыр атындағы орта мектепте аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен, аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, қоғамдық келісім кеңесінің, этно-мәдени бірлестіктердің мүшелері мен үкіметтік емес ұйым өкілдерінің, белсенді азаматтар және жастардың қатысуымен «Толеранттылық пен өзара келісім – ынтымақ кепілі» атты жиын өтті.
Бейсенбі, 10 Желтоқсан 2015 11:51

Сұлулар сынға түсті

Қыз өссе елдің көркі деген сөзді, Қапысыз қалай айтқан қайран бабам. Иә, қазақ халқы үшін қыздың орны ерекше. Қызды қырық үйден тыйып, оған болашақ ана ретінде қараған жұртымыз бүгінде де сол дәстүрінен жаңылған емес. Оның бір дәлелі, жақында Бәйдібек би ауылдық округінде өткен «Бәрінен де сен сұлу» байқауы. Гүлнұр Назарбаева және Райхан Тұрсынбаеваның идеясымен өмірге келген жоба аудандық білім, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан әкімінің қолдауымен өткізілді. Оған аудан әкімінің орынбасары Бекет Ахметов пен бөлім басшылары, округ әкімдері қатысты.
Бейсенбі, 03 Желтоқсан 2015 11:07

Ел болашағына қамқорлық

Ең алдымен кез-келген жарияланымның тақырыбына назар аудару – редакторлық қызметімде қалыптасқан әдетім. «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсу, реформалар, даму» – деген ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының тақырыбының өзі әлемдегі күрделі кезеңге қарамай әлеуметтік саладағы мемлекет міндеттері толығынан атқарылатынын паш еткендей көңілге сенімділік ұялатады. Нақтылап айтсақ: «Біз бұған дейін қабылданған бағдарламаларға сәйкес, білім беру және денсаулық сақтау салаларын жаңғыртуды жалғастыруымыз керек» – делінген Жолдауда. Сонымен қатар, «Мен 2017 жылдан бастап жаңа жоба «Баршаға арналған тегін кәсіби – техникалық білім» бағдарламасы басталатынын жариялаймын», – деді Елбасы. Бұның өзі ел болашағына бүгінгі, ертеңгі жас жеткіншектерге деген аса зор қамқорлық деп бағалау…
Бейсенбі, 03 Желтоқсан 2015 11:04

Жаңа мүмкіндіктерге жол ашты

Жүз жылдығын бұрын ойлаған елдің болашағы жарқын болатынын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ел басқарудағы іс-тәжірибесімен айқын дәлелдеп келеді. Президентіміздің «Қазақстан-2050» Стратегиясы-ның қабылданғанына осы жолғы Жолдауында айтылғандай екі жыл толады. Міне, бұл меженің де негізгі бағыттары жүзеге асырылып, қазіргі Қазақстан бәсекеге қабілетті, алдыңғы қатардағы 42 елдің қатарынан көрінді. ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жаңа стратегиялық маңызды ойлары мен тапсырмаларын қамтыған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын Қазақстан халқына арнады.
Бейсенбі, 03 Желтоқсан 2015 10:54

Заңның орындалуы қатаң бақылауда

Қоғам болған соң, онда өмір сүретін адамдардың да әртүрлі болатындығы белгілі. «Бармақ басты көз қыстылыққа» салып немесе мәжбүр болғандықтан заң шеңберінен шығып кететін адамдар да осы қоғамның мүшесі. Ал осындай азаматтарды жөнге салып, Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуын қадағалайтын орган – прокуратура. Прокурорлар кез-келген салада заңның орындалуын қатал бақылап, құқық бұзушылықтарды анықтайды. Айыптылардың тиісті жазасын беруге ықпал етеді.
Бейсенбі, 03 Желтоқсан 2015 10:45

Дін мен дәстүр сабақтастығы

Дін – адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет. Дәстүр – ұлтты рухани жандандырып, оның ішкі және сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттар. Демек, дін мен дәстүр – қашанда бір-бірімен сабақтас ұғым.
Ел мерейін асқақтатып, татулықты ту еткен Тұңғыш Президент күні республика көлемінде жоғарғы деңгейде аталып өтті. Бірі флешмоб ұйымдастырса, енді бірі концерт өткізді. Ал ауданымыздың мемлекеттік қызметкерлері бұл күнде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзі айтқан саламатты өмір салтын насихаттап, өздерінің спорт жанашыры екендіктерін тағы бір көрсетті.
Бейсенбі, 26 Қараша 2015 15:58

Атаулы мерекелер аталып өтті

Бүгінгі күні Керей мен Жәнібек хандардың Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа қоныстанып, қазақтың туын көкке көтергеніне бес жарым ғасырдың жүзі болды. Бұл қазақ халқының тарихындағы аса маңызды оқиға. Ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, этникалық аймағын біріктіруде бұл кезең шешуші рөл атқарды. Ата-бабаларымыздың көрегендігі мен даналығының арқасында бүгінде біз – Ұлы Дала төсіндегі Тәуелсіз Қазақ еліміз. Биыл сол тарихымызды ұлықтау мен қайта жаңғыртудың жылы. Осыған орай республика көлемінде мерейлі мерекелер жоғарғы дәрежеде атап өтілуде.
Бейсенбі, 26 Қараша 2015 15:44

Әр бала бақытты болуға лайықты!

«Бала – бауыр етің». Осынау тәмсіл жылдар тізбегімен жадымызда жаңғырып келгені ақиқат. Алайда, тасбауыр аналар мен безбүйрек әкелердің қоғамымызда кездесіп жататыны шындық. Оған жақында өткен аудандық кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының отырысында тағы бір мәрте көзіміз жетті. Бәрі де жауапкершіліктің жоқтығынан. Яғни, екі жас отау құрар алдында некеге жауапсыз қараудың салдары – кейінгі ұрпағының тірі жетім атануына әкеп соқтырады. Бұндай жағдай көз алдымыздан күнде өтуде.
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама