Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 23 Тамыз 2018 12:06

Кең болсаң, кем болмайсың

Жақында «Мектепке жол» акциясы аясында Рахат №1 (94000 теңгеге), Қ.Сәтпаев атындағы (82000 теңгеге), М.Горкий атындағы (89000 теңгеге) орта мектептерінен таңда-лынып алынған 12 балаға қайырымдылық жасалды. Мектепке қажетті кос-тюм, аяқ киім, спорттық киім, спорттық аяқ киім, бантиктері, сөмкелерін асынған оқушы-лардың қуанышында шек жоқ. Сонымен қатар, спорттық шара, атап айтсақ, футболдан оқушылар арасында жарыс ұйымдастырылып, заманауи хип-хоп биінің элементтері көрсетілді. «АҚШ-тан келген немерелерім Адамжан, Әмина және Жапониядан келген немерем Саюридің қолдауымен жүзеге асты акция негізінен. Жақсылықтың жаршысы болған балаларыма ризамын», – дейді «Білімді дамыту қорының» директоры Қайырғали Ахметов. Алмагүл НҰҒМАН. Суретте: аудан әкімінің орынбасары А.Бидаев және қор директоры Қ.Ахметовтың қайырымдылық жасау сәті.
Бейсенбі, 23 Тамыз 2018 11:56

Бай болуға — кәсіп керек

Өркениет дамып, цифрлық технология күн санап қарыштаған заманда екі қолға бір күрек табу оңай емес. Алайда, күнкөрістің көзін білетін адамға кәсіп ашып, еңбектің тәтті нанын жеу қиынға соқпасы анық. Ол үшін мемлекеттен арнайы бағдарламалар қабылданып, іс бастаған адамдарға түрлі жеңілдіктер мен көмек көрсетілуде. Осындай жақсылықтың шапағатын көріп отырған кәсіпкер Жолды Тоқтаржан бүгінде ісі өрге домалап, қарқынды бизнесімен қуатты мемлекеттің құрылуына септігін тигізіп отыр. Елбасының өзі қатаң сынға алған жеңіл өнеркәсіп саласының бүгінде ақсап тұрғаны жасырын емес. Базар мен сауда орталықтарына бас сұға қалсаң Италия, Түркия, Қытай елдерінен, тіпті, көршілес Қырғыз ағайындардан жеткізілген киім-кешектер көздің жауын алады. Іздесең де таптырмайтын қазақстандық…
Бабаларымыздың айтқан осынау нақылы ғасыр сүрлеуінен өтсе де, құндылығын жоймай келеді, жоймайды да. Себебі, қиындықтан көңілі күйреген, жоқшылық бүйірден түйреген, қысқасы, сананы тұрмыс билеген бүгінгі қоғамда сүрінген жан сүйеуге, жылаған жан жебеуге мұқтаж. Жақсы ниетті жарым ырыс деп санаған «Елім-ай» қоғамдық қоры «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы шеңберінде «Шын жүректен» ұранымен «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырды. Қырбалтабай, Ақши округтерінде болып, 1-6 сынып аралығындағы 20 оқушыға жаңа оқу жылына қажетті құрал-саймандары мен сөмкелерін табыс етті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен өткен шарада қор төрағасы Жаңаберген Мұхамедов, «Еңбекшіқазақ» газеті редакторының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы саяси кеңес мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Қайнар Жұмағожа, аудандық ішкі…
Сәрсенбі, 15 Тамыз 2018 15:25

Еңбек еткен – емеді

Шағын және орта кәсіпкерлік – ел экономикасының негізі. Халықты жұмыссыздықтан құтқарып, дамуға бастайтын басты жол. Сондықтан болар, етек-жеңімізді жиып, толыққанды зайырлы мемлекет атанғаннан кейін осы салаға көптеп көңіл бөлінуде. Тіпті, қазіргі уақытта кәсіпкерлік саласы Елбасының тікелей бақылауында. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев бір сөзінде: «Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 90%-дан астамын құрайды, көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50%-дан астамын береді. Сондықтан да біздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Бұл кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек» – деген болатын. Қолайлы жағдай туғызылып та…
Бейсенбі, 02 Тамыз 2018 14:58

Жаппай қырып-жою қаруына жол жоқ!

Бұл күні 1945 жылдың 6 тамызында Жапонияның Хиросима қаласына Америка Құрама штаттарының әскери әуе күштері атом бомбасын тастады. Littl boi яғни «Бөбек» аталатын атом бомбасының зардабы жан түршігерлік болған. Бомба жарылғаннан кейінгі қас қағым сәтте 80 мың адам ажал құшып, 12 мың тұрғын хабарсыз кеткен, ал 40 мың адам жарақат алған. Міне «Бөбек» деп зымияндықпен ат қойылған атом бомбасының жарылысынан жапондықтарға келген зардабы. Төрт шақырылым болатын радиуста, яғни 12 шаршы километр аумақтағы ғимараттар мен құрылымдар түгел қираған. 90 мың үйдің 62 мыңы жойылып кеткен. Осыдан үш күн кейін 9 тамызда қуаты 20 мың килотонна тротил баламасы (эквивалент) бар FatMan («Жуан…
«Жасыл ну, жағалай тау, жағалай көл, Бармысың, көкшіл аймақ, көгорай бел». Немесе «Бұл қала – арман қала, жап-жасыл орман қала» деп әнге қосқан Алматы дүниежүзіндегі 25 ластанған қаланың тізіміне еніп отыр. Оңтүстігіміздегі ірі мегаполис болғандықтан ондағы қарбалас тіршіліктің «қолтаңбасы» екені айтпаса да айғақ. Ендігі қам-қарекет қандай болмақ? Бұл турасында біраз айтарымыз бар. Әр істе қазақтың айтқаны ақыл ғой шіркін. Ал мұндайда бабаларымыз: «Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді» деген ғой. Біздің сөз етпегіміз де осы. Әйткенмен, көгалдандырудың жаңа-ша түрін айтпақпыз. Жақында аудандық мәслихат депутаты, ауылының шынайы жанашыры Болатжан Нұрбековтың жылыжайында болдық. Замана ағысына қарай…
Бейсенбі, 24 Мамыр 2018 13:10

Орманымыз сенімді қолда

Өрт – адамзаттың қас жауы. Әсіресе, орман өрті – табиғатқа және мемлекетке орны толмас шығын әкеледі. Осыдан 6 жыл бұрынғы Медеу шатқалында болған тілсіз жау төтеншеліктермен қатар, тұрғындарды да әбден есеңгіреткен еді. Салдарынан қаншама гектар қарағай жойылып кетті. Болашақта осындай оқиғаларды болдырмау мақсатында Төтенше жағдайлар комитетінің тапсырмасымен түрлі шаралар өткізілуде. Осы орайда, жақында Шелек орман шаруашылығында өртке қарсы оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Апат кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау мақсатында өткізілген шараға облыстық табиғи ресурстар басқармасы басшысының орынбасары Қанат Нүсіпбаев арнайы қатысып, орман шаруашылығы қызметкерлерінің дайындығын тексерді. Қаіпсіздік мақсатында ұйымдастырылған арнайы шараға басқа аудандардың орман шаруашылығы өкілдері, «Қазавиаорманқорғау» мамандары, төтенше жағдайлар бөлімі өрт сөндіру қызметі…
ЖАҚЫНДА БАУЫРЛАС ЕКІ ЕЛДІҢ РУХАНИ-МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСЫН ЖӘНЕ ТАТУЛЫҒЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА ТҮРГЕН АУЫЛЫ Д.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ «МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН» АТТЫ ТҮРКИЯ ЕЛІНЕН КЕЛГЕН ҚОНАҚТАРМЕН КЕЗДЕСУ БОЛЫП ӨТТІ. Сонау Түркиядан ат арытып келген құрметті қонақтарды Түрген ауылдық округінің әкімі Б.Елеусізова бас болып, мектеп ұжымы мен ауыл тұрғындары барынша сән-салтанатпен күтіп алды. Ең алдымен Д.Қонаевтың рухына тағызым етіп, ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойды. Қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша бауырсақтан дәм татып, ұлттық нақышта киінген ақ әжелердің әуелеген әнін тыңдады. Қонақтарға арналып «Қош келдің, түбі бір түрік бауырлас!» атты арнау айтылды. Түргендік түрік этносы дайындаған ұлттық көрмемен танысты. Бір айта кетерлігі, аталған мектепте…
ЖАҚЫНДА БАУЫРЛАС ЕКІ ЕЛДІҢ РУХАНИ-МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСЫН ЖӘНЕ ТАТУЛЫҒЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА ТҮРГЕН АУЫЛЫ Д.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ «МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН» АТТЫ ТҮРКИЯ ЕЛІНЕН КЕЛГЕН ҚОНАҚТАРМЕН КЕЗДЕСУ БОЛЫП ӨТТІ. Сонау Түркиядан ат арытып келген құрметті қонақтарды Түрген ауылдық округінің әкімі Б.Елеусізова бас болып, мектеп ұжымы мен ауыл тұрғындары барынша сән-салтанатпен күтіп алды. Ең алдымен Д.Қонаевтың рухына тағызым етіп, ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойды. Қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша бауырсақтан дәм татып, ұлттық нақышта киінген ақ әжелердің әуелеген әнін тыңдады. Қонақтарға арналып «Қош келдің, түбі бір түрік бауырлас!» атты арнау айтылды. Түргендік түрік этносы дайындаған ұлттық көрмемен танысты. Бір айта кетерлігі, аталған мектепте…
Бейсенбі, 17 Мамыр 2018 12:16

Ауылым – алтын бесігім

Алматы облысы көлеміндегі ауылдық мәдениеттің түбегейлі өзгерісін, мәдени өрлеу мен жаңаша өмір жетістіктерін таныстыру мақсатында Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Ауылым – алтын бесігім» атты ауылдық мәдениет үйлері мен клубтары арасындағы облыстық байқаудың байрақты бәсекесі Еңбекшіқазақ ауданына да жетіп, Бәйдібек би ауылдық мәдениет үйінде өткізілді. Аудан әкімі Б.Ысқақ пен Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Т.Ғұмаров бастаған қонақтарға аудандық этно-мәдени бірлестіктердің қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдары таныстырылып, өздерінің салт-дәстүрлерін көрсетті. Шара концертпен жалғасып, Бәйдібек би ауылының тарихы мен жетістіктері таныстырылды. Қорытынды сөз сөйлеген Т.Ғұмаров қазақтармен бірге қоныстанған…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама