Сәрсенбі, 27 Ақпан 2019 20:41

Угрозам стихии – надежный заслон

26 февраля район принял участие в республиканских командно-штабных учениях «Көктем-2019». В ходе учений районный штаб гражданской обороны объявил сбор отряда экстренного реагирования на территории АО «ДСУ-13». В его состав входят инженерно-технические, транспортные звенья, связисты, медики, полиция, пожарные, подразделения национальной гвардии Каракемерской воинской части. Начальник штаба ГО, первый заместитель акима района Нуржан Кудайбергенов, члены штаба и.о.начальника ОЧС района Ельнур Бахытов, заместитель начальника РУВД Самбат Абильдаев, начальник ПЧ-6 Азамат Алгожаев провели смотр готовности отряда к весенним паводкам. Нуржан Кудайбергенов задал вопросы руководителям звеньев о порядке их действий, готовности транспорта, оборудования и снаряжения. Бдительность будет нелишней: резкое февральское потепление может вызвать оползни в…
Сәрсенбі, 27 Ақпан 2019 20:39

Рухани кемелдену

1 наурыз – Алғыс айту күні. Дәл осы күні еліміздің барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастырған Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған. Осылайша, 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды – «Алғыс айту күні» деп жариялады. Бүгін ел тәуелсіздігі жолында аянбай тер төккен барлық отандастарымыздың бір-біріне құрмет білдіретін және Қазақстанның тағдыр тоғыстырған көп ұлтты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні. Сондай-ақ, тағдыр тәлкегінде Қазақстан аумағына еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың құтты мекеніне айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына тағзым ететін күн. Филиал тыңдаушылары қиын-қыстау заманда өзге деп өгейсімей бауырына басып, барын…
Сейсенбі, 26 Ақпан 2019 08:47

Көпбалалы ананың ерлігі

Жазира Отарбаева – көпбалалы ана. Ол - Түрген ауылының тумасы, қазіргі уақытта Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат ауылының тұрғыны. Жетінші сәбиін дүниеге әкелген Жазира - бүгінде «Алтын алқа» иегері. Сонымен қатар жас кәсіпкер. 32 жасында екі балабақша ашып үлгерен батыр ана мектеп қабырғасында жүрген шағында-ақ өзінің білімімен, әрі пысықтығымен көзге түскен. 2004 жылы Азамат Артықбайұлы есімді азаматқа тұрмысқа шыққан. 2005 жылы жас отбасында Әсел есімді тұнғыш қыздары дүиеге келеді. 2007 жылы атқа мінер Жанболат есімді ұлды болды. Екі баланың анасы бола тұра үйде отырмай, Дінмұхамед Қонаев атындағы Еуразиялық университеттің заң факультетінің түлегі атанып, оны 2011 жылы тәмамдаған. Сол жылдары отбасы Әлия және…
Бейсенбі, 21 Ақпан 2019 16:12

Дұрыс тамақтану – саулық кепілі

Алғашқы болып сөз алған ұйымдастырушы мекеменің бөлім басшысы Ұлмекен Қанағатова аудандағы мектеп асханаларында орын алып жатқан кемшіліктерді тізіп берді. – Бүгінде көптеген мектептердің асханаларында тауар көршілестігі сақталмайды. Яғни, ет тағамдары, балық пен ұн өнімдері, сүт өнімдері барлығы бір тоңазыт-қышта сақталады. Бұл – заңға қайшы. Ал кейбір асханаларда хот дог, гамбургер, пицца сынды фаст-фут өнімдерін жасырын дайындап сатады. Аталған тағамдарды мұғалімдерге арнап пісірдік деп ақталатын асхана меңгерушілері бұның да заңбұзушылық екендігін білуі тиіс. Осындай заңсыздықтарды ауданымыздың бірнеше мектебінде анықтадық – деген Ұлмекен Ахатқызы асхана меңгерушілеріне тиісті стандаттарды түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, қадағалау мекеме қызметкерінің айтуынша, әр мектеп асханасында балаларға ішуге арналған…
Бейсенбі, 21 Ақпан 2019 16:04

Қарасай – қазыналы, құтты мекен

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында музейлер мен тарихи орындарға айрықша тоқталғаны киелі орын қызметкерлерінің мәртебесін көтеріп, мерейін өсіргені ақиқат. Солардың бірі де бірегейі, ел арасында «Елбасы мұражайы» атанған Қарасай аудандық тарихи-өлкетану мұражайы жуырда біздің өңірде өздерінің жәдігерлерін таныстырып қайтты. Есік археологиялық-өлкетану музейінде өткен көшпелі көрмеге аудандық білім бөлімі қызметкерлері, ұстаздар мен оқушылар, қала тұрғындары қатысты. Алдымен сөзді музей директоры Серік Қалиев алып: – Әсем табиғаты, керім даласы, бай тарихы бар, елге танымал ардақты адамдарымен дүниені шарлаған қасиетті Қарасай ауданы Жетісу өңірінің ғажайып пұшпағы дер едім. Өлкеміздің тәуелсіз елімізде алатын орны ерекше және бұл мекеннің биыл 90 жылдық мерейтойы.…
Бейсенбі, 21 Ақпан 2019 15:56

Қызметіне қарай құрмет

Ауданымыздың Шелек өңірінде тұратын Чернобыль атом электр стансасының, Семей сынақ полигонының жарылыстарынан зардаптанған аймақтарды залалсыздандыруға қатысқан ардагерлер мен қайтыс болған ардагерлердің жесірлері, сондай-ақ, Венгер оқиғасының қарт жауынгерлері жақында №2 Шелек аудандық ауруханасында бас қосты. Бас қосудың мақсаты – ардагерлердің денсаулығын жақсартудағы ақ халаттылар қызметіне құрмет көрсету. Соңғы екі жылда жоғарыда аталған ардагерлерге тұрақты көңіл бөлініп, әрбіріне жедел аурудың алдын алатын, керекті дәрі-дәрмекпен жабдықталған арнайы қорапша (аптечка) беріп, облыстық ауруханаға жолдамамен дерт диагнозын анықтатып, госпитальға, санаторий-курорт-тарға, сауықтыру орындарына баруға жағдай жасалған. Осындай қамқорлыққа бөленген ардагерлер алғыстарын жеткізіп, емхана меңгерушісі Гүлжан Макееваға облыстық Чернобыль АЭС апатын залалсыздандыруға қатысқан ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы…
Бейсенбі, 14 Ақпан 2019 14:48

Мәңгілік елдің тұғыры

Жақында жастар жылы аясында Абыхан Жексембековтың туған күніне орай «Мәңгілік елдің тұғыры – білімді жастар» атты үш ұрпақтың кездесуі ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Құдайбергенов, аудандық білім бөлімінің басшысы Бәтес Аманова, Түрген ауылдық округінің әкімі Бота Елеусізова және Абыхан Аманбайұлының қызы, саяси ғылымдарының докторы, ҚР орталық сайлау комиссиясының жауапты қызметкері Венера Жексембекова бастаған зиялы қауым өкілдері қатысты. Алғашқы сөзге шыққан Н.Құ-дайбергенов жиылған көпшілікті игі шарамен құттықтап, мектеп ұжымының дәстүрлі бұл жұмысына қолдау білдірді. Мектеп директоры Гүлбақыт Қасымжанова білім ошағының бір жылдық жұмысымен көпшілікті таныстырса, А.Жек-сембеков атындағы орта мектептің ең алғашқы директоры, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Асылбек Жолдыбаев естеліктерімен бөлісті.…
Алатау мен Жетісу таулы аймақтарындағы қарағайлы, қайыңды беткейлер, арша мен шыршалы алқаптар, Іле, Балқаш бойындағы тораңғылы, сексеуілді далалар, жайлаудағы бетегелі-жусанды жазықтар тау бұлақтарынан бастау алып, жер бетіне өрнек салған ерке өзендер жер жәннаты – Жетісудың табиғатына ерекше көрік беріп тұр. Сондай-ақ, орман – жер асты суларының деңгейінен реттейді, топырақ эрозиясынан сақтайды. Төрт түлік малдың көктемгі көктеуі, жазғы жайлауы, күзгі күздеуі, қысқы қыстау болған орман қорының жерлері. Осындай сұлулығымен адамды өзіне баурап алатын тұмса табиғат ауданымыздың да сәнін кіргізіп тұрғандай. Есік өңірі Іле-Алатау ұлттық паркімен мақтанса, Шелек өңірінің сұлулығы Шелек орман шаруашылығының аумағына сыйып жатыр. Жақында алып мекемеге арнайы барып, жұмыс…
Бейсенбі, 07 Ақпан 2019 15:13

Ұтыс иелері анықталды

Өткен аптада «Еңбекшіқазақ» газетінің 1 жылға жазылған оқырмандары арасында қалалық әкімдіктің мәжіліс залында ұтыс ойындары ойнатылды . Шараға газет оқырмандары қатысып, ұтыс тиражының әділетті өтуінің куәсі болды. Түрлі тұрмыстық техникалар ойнатылған лотореяның бас жүлдесі «Плазма теледидары» асысағалық ұлағатты ұстаз Рита Алиеваға бұйырды. Қызық болғанда, жеңімпазымыздың сол күні туылған күні екен. Қуанышты сәтінде бағалы сыйлыққа ие болған оқырманымыз газет ұжымына алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, белгілі себептермен ұтыс ойындарының өтуіне қатыса алмай, сыйлыққа ие болған газет оқырмандарының аты-жөні мен мекен-жайын төмендегі кестеде жариялап отырмыз. Ұтыстарыңызды Есік қаласы, Алматы көшесі, 112 үйден (Қалалық әкімдіктің 2-қабаты) келіп алсаңыздар болады). Тел: 4-19-31.…
Бейсенбі, 31 Қаңтар 2019 15:40

«12 тиынға байыдық»

Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев индустрияландыру және экономикалық өсім бойынша Үкіметке бірнеше тапсырма берген болатын. Оның ішінде, 50, 51, 52 қадамда Электр энергиясының мәселесі көтеріліп, осы саланы бір жүйеге келтіру тапсырылған еді. Өткен жылдың аяғында Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесінің отырысында да халықтың қалтасына әсер еткен электр қуатына төленетін тарифтердің жайы сөз болып, Елбасы кейбір мекеме басшыларына сөгіс жариялады. Аталған отырыста мәлім болғандай бүгінде еліміздегі жылу, электр, газ таратушы және тасымалдаушы мекемелер өнімдерінің бағасын себепсіз қымбаттатқан. Бұл олқылықтарды өткен жылы прокуратура анықтаған болатын. Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың сөзіне сүйенсек, тұрғындар осы уақытқа дейін монополистерге 29…
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет