Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
1 марта 2018 года в уютном зале средней школы имени М.Ломоносова в селе Тургень на праздничный концерт, организованный акиматом Тургенского округа, домом культуры с. Тургень и коллективом средней школы имени Ломоносова, собрались предприниматели, представители турецкого энокультурного центра села, учителя-ветераны, сотрудники Тургенского филиала Иле-Алатаусского государственного национального природного парка, члены православной общины Тургенского храма, школьники и жители с.Тургень. Трогательные кадры из фильмов и концертные номера создали душевную атмосферу, а выступления в честь Дня благодарности акима округа Боты Елеусизовой, эколога-просветителя Тургенского филиала Иле-Алатауского ГНПП Марины Аксултановой, представителя Свято-Михайловского храма Татьяны Кислициной тронули сердца всех присутствующих. Благодарственными письмами акима Тургенского округа были награждены 28…
Алғыс айту, сыйластық, ризашылық сынды құндылықтарды оқушылардың бойына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған шара барысында мектеп дәлізінде «Алғыс айту – парызым» атты қабырға газеттері ілініп, оқушылар мектеп ұстаздарына, сыныптастарына тілек айтып, алғыстарын білдірді. Балаларға алғыс айту – ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулықты бекіте түсетіндігі түсіндірілді. Сынып жетекшілер «1 наурыз – Алғыс айту күні» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. 7-8 сыныптар аралығында флешмоб ұйымдастырылды. Дариға ЖАНАБИЛОВА, кітапханашы.
Бейсенбі, 01 Наурыз 2018 11:17

Родина – счастье мое

День благодарности РК, приуроченный к 1 марта – Дню создания Ассамблеи народа Казахстана, с 2016 года прочно вошел в календарь казахстанских праздничных дат. Ведь Казахстан в ХХ – начале ХХI века, кроме его исконного хозяина – казахского народа, стал родиной более чем пяти миллионов человек ста национальностей. Свыше миллиона из них были переселенцами, депортированными в годы сталинских репрессий. В Казахстане они обрели землю обетованную, на которой выросли их дети и внуки, родились уже правнуки. Не исключение и Енбекшиказахский район, в котором проживают люди 52 национальностей. Первый день весны стал поводом для всех нас выразить благодарность казахскому народу за добросердечие и…
Бұл күн – қазақ халқының мейірімділігі мен жомарттығын еске алатын күн. Бүгінде Жаңашар ауылдық округінде 3 этномәдени бірлестік жұмыс жасайды. Ешкімнің қабағы қату емес, себебі олардың көңілдері тату. Осыны айтқан этномәдени бірлестік өкілдері қазақ халқына жүрекжарды ақ тілектерін білдірді. Бағдарлама барысында өнерпаздар ән мен биден шашу шашып, жұртшылықты бір серпілтті. Гүлшат ЛАВЬЯЕВА, жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы.
Ашылу салтанатында мектеп директоры Айгүл Мукаева балалар мен мектеп ұжымын көктемнің алғашқы күнімен қатар келген мерекемен құттықтады. Шара барысында бастауыш сыныптарда өткен ашық сабақтарда тәрбие тағылымы толық қамтылды. Жүректерге жылу сыйлап, ізгілікке шақыратын бұл күнде биыл ғана мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып оқушылары «Елбасына мың алғыс!» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. А.ОСПАНОВА, бастауыш бірлестік жетекшісі.
Ата-ана, ұстаз, оқушы болып бөлініп, бір-біріне алғысын жеткізді. «Алғыс айту» ағашына стикер арқылы тілектерін жазды. Пештегі тамақтың төгілмей қайнап пісуі тіреп тұрған ошақтың үш аяғы мен оттың жануына байланысты болса, мектепте сапалы білім, саналы тәрбие берілуі – ата-ана, ұстаз және оқушының бір-бірімен қатынасы мен тіл табысуында. Осыны мысал етіп жеткізген мектеп директоры барлықтарын мерекемен құттықтады. Г.СӘРСЕНҚЫЗЫ, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Шараға оқушылар жауапкер-шілікпен дайындалып, шынайы ниеттерімен ең бірінші өмір сый-лаған Жаратушыға, Отанына, өмірге, еліне, жеріне, ұстаздары-на, бір-біріне алғыстарын жеткі-зіп, жақсы тілектерін білдірді. Түрлі ұлттарда алғыс айту күні қалай аталып, қай кезде мерекеленетініне тоқталып өтті. Оқушылар өзге ұлттардың ұлттық киімдерін киіп, әндері мен билерін нақышына келтіре орындады. Шара соңында түрлі ұлт өкілдері Қазақ еліне өз тілдерінде алғыстарын білдіріп, тілектестіктерін айтты. Мереке соңы ән мен әуезге толы әдеби-сазды кешке ұласты. Н.ЖЫЛГЕЛДИЕВА, О.Жандосов атындағы орта мектеп.
Салтанатты ашылуында мектеп директоры М.Мажиков тағылымды ой айтып, мерекемен құттықтады. Концерт барысында «Керімай» тобы қазақ, өзбек және үнді халқының биін билеп, көрермендерді таңқалдырды. Көпшілікке «Қазақ еліне рахмет!» атты видеоролик көрсетілді. 5-сынып оқушылары өздері жасаған «Алғысым шексіз» поштасына келіп түскен хаттарды оқып берді. Тоғжан Шоманова ауыл тұрғындары арасында видеорепортаж жасап, халықтың ой-пікірі мен тілектері тыңдалды. «Жасасын, жүрегі бауырмал Қазақ елі!» – деп ұран-даған мектеп оқушылары өлең шумақтарын оқып, әндер айтты. А.САБАНШИЕВА, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 09:27

Тағылымы мол мереке

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында сөз сөйлеген Елбасы, Ассамблея төрағасы Н.Ә.Назарбаев: «...Барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді» – деп, мерекелік датаны ұсынған еді. Содан бері үшінші жыл қатарынан аталып отырған мерекенің мәні арта түсті. Сталиндік режимнің құрбаны болған ұлттар қазақ халқына алғысын жеткізіп, бір-біріне ризашылықтарын білдіреді. Тағылымы мол мейрам ауданымызда да аталып өтті. Қайназар ауылындағы мәдениет үйіндегі шараға этно-мәдени орталық өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты. Жиылған көпшілікті алғашқы болып мерекемен құттықтаған аудандық мәдениет үйінің директоры Бақытжан Рақымжан мерекенің маңызына тоқталып өтті. Кейіннен, ауданның құрметті азаматтары Нұрбуби Маруповна, Зульфия Раджабова,…
Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 17:10

Ұстаздық еткен жалықпас...

Бар ғұмырын ұстаздыққа арнаған Абдықадырова Жұлдыз Сейтжанқызының көктемі мен жазы, қырау-лы күзі жас ұрпақты тәр-биелеумен өтуде. «Ұстазым менің ұстазым, өзіңмен өткен қыс, жазым» деген ыстық махаббат осындай ұлағатты ұстаздар үшін айтылса керек. Шелек селосындағы В.И.Ленин атындағы орта мекте-бін үздік бітіріп сол жылы Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік педагогикалық университетін математика және информатика мамандығы бойынша тәмәмдап шыққан Жұлдыз Абдықадырова еңбек жолын 1998 жылы Шелек селосындағы №7 кәсіптік мектебінде мұғалім болып бастады. 2007 жылы информатика мұғалімдері арасында өткізілген «Алтын диск» облыстық байқауында жүлделі ІІ орынды иеленді. «Ұстаздан шәкірт озар» демекші, тәрбие-леген тәлімгерлері де биіктен көрінуде. 2014-2015 оқу жылын-да колледж студенті Саера Садирова Жұлдыз…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама