Бейсенбі, 27 Желтоқсан 2018 14:25

Наш самый родной человек

Знаменитый персидский философ, математик, астроном и поэт Омар Хайям в одном из своих многочисленных рубаи писал, что рай находится у ног наших матерей. «Мама», сколько смысла заложено в этом коротком, но глубоком по своему философскому содержанию слове. Все женское начало человечества заложено в нем. Около двух лет назад из жизни ушла всеми любимая мама, бабушка, прабабушка Айменова Жаксылык Аушахмановна, не дожив до своего 90-летнего юбилея. Проводить ее в последний путь пришли практически все жители села Саймасай. Добрая, общительная, отзывчивая, она находила со всеми общий язык независимо от возраста, национальности, вероисповедания. Для них она была просто «тетя Шура», как ее любили…
Бейсенбі, 27 Желтоқсан 2018 14:01

Байқауда жүлделі болды

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен жуырда «Үздік тіл маманы-2018» байқауы өтті. Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен байқаудың мақсаты – мамандардың кәсіби біліктілігін арттырып, облыс бойынша үздік тіл маманын анықтау еді. Жалпы, 16 аудан қатысқан байқауға ауданымыздың намысын арқалап аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ақмарал Қанапина аттанған-ды. Байқау шарттарына жан-жақты даярланған үміткеріміз нәтижесінде «Үздік тіл маманы-2018» байқауының үшінші орын жүлдегері атанып, арнайы диплом мен қаржылай сертификатқа қол жеткізді. Алмагүл НҰҒМАН
Жұма, 21 Желтоқсан 2018 15:26

Армия без коррупции

12 декабря 2018 года в здании РУВД под руководством начальника районного отдела по делам обороны полковника В.Азноваряна состоялось мероприятие, посвященное Международному дню борьбы с коррупцией. В нем приняли участие сотрудники районного отдела по делам обороны, а также представители отряда военной полиции Алматинского регионального гарнизона: капитан юстиции А.Маратова и старший лейтенант юстиции Р.Саурык. Также было проведено заседание комиссии ОДО по противодействию коррупции с повесткой дня «Коррупции нет места в армии». Соб.инф.
В преддверии Дня Независимости в Енбекшиказахском районе Алматинской области открылось 10 новых детских садов, с участием акима района Бинали Ыскак был открыт садик "Мейірімді періште" на 300 мест в городе Есик. В торжественной церемонии открытия принял участие аким района Бинали Ыскак, который пожелал детям, впервые переступившим порог нового здания. Стоит отметить, что в детском саду на 300 мест 10 групп, 6 групп преподаются на казахском языке, а 4 группы - на русском. Следует отметить, что район практически полностью обеспечен детскими садами. В районе 28 государственных и 54 частных детских садов, это в среднем 98,7%. Динара Тюлемисова Пресс-секретарь акима Енбекшиказахского района
16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 10 балабақша ашылған болатын, соның ішінде аудан әкімінің қатысуымен Есік қаласындағы 300 орындық құрайтын «Мейірімді періште» атты бөбекжай балабақшасы ашылды. Білім ордасының лентасын аудан әкімі Бинәлі Ысқақ кесіп, қала тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады. Айта кетсек, 300 орындыққа лайықталған балабақшада 10топ, 6 топ қазақ тілінде, 4 топ орыс тілінде оқытылады. Осы орайда, қазіргі таңда аудан толықтай дерлік балабақшамен қамтылды деп айта кеткен жөн. Ауданда 28 мемлекеттік, 54 жекеменшік балабақша жұмыс істейді. Ол дегеніміз орта есеппен 98,7 % құрап отыр. Тюлемисова Динара Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің баспасөз хатшысы
Бейсенбі, 13 Желтоқсан 2018 10:52

Аграрлы ауданымыз үздіктер қатарында

Өңіріміздегі ауылшаруашылығы саласының биылғы жетістігі мақтауға тұрарлық. Атап айтсақ, соңғы бес жылдың ішінде ауылшаруашылық өнімі 2 есеге өсіп, 2017 жылдың қорытындысы бойынша 100 млрд теңгеге жетті. Өсімдік шаруашылығы 2,2 есеге, мал шаруашылығы 163 пайызға, агроөнеркәсіп кешеніне тартылған инвестиция көлемі 50 есе өсті. Мұның бәрі жүйелі жұмыс пен нәтижелі еңбектің өнбегі. Қуаныштысы сол, тынымсыз тер облыста еленді. Жуырда облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен өткен ауылшаруашылығы саласының үздіктерін марапаттауда біздің де өңір биіктен көрінді, 2 дәрежелі дипломды аудан басшысына облыс әкімі салтанатты жағдайда табыстады. Сондай-ақ, «Заңды тұлғалар» номинациясының жеңімпазы ретінде ауданымыздың «Адал» агроөнеркәсіптік компаниясы танылып, МТЗ-82 тракторын иеленді. Салтанатты шара барысында жоғары…
Дүйсенбі, 10 Желтоқсан 2018 11:01

Өмірге құштарлық

Өзен ағысымен өлі балық қана жүзеді Тіршіліктің әр күні ләззат, шаттық. Оны кей пенде сезінеді, кейбірі сезінбейді де. Айналаға қарасаң, күйкі тірлік пен шет-шегі жоқ қарбалас өмірге белшесінен батқан адамдар. Ал, өмірдің ала доп іспеттес ағы мен қарасы қатар екенін ұғына бермейміз. Өкініштісі де сол. Жақсы күндерде Жаратушыға алғыс айтуды естен шығарып, қаралы болғанда күйінеміз. Осы әрекеттерімізбен де пенде шығармыз, бәлкім?! Алдымызда не күтіп тұрғанын білсек, мүмкін, басқалай әрекет етер ме едік? Десек те, шарасызбыз. Өзен ағысымен өлі балық қана жүзеді. Тірі адам қалай да тіршілік етуге тырысары хақ. Мейлі, жанын жегідей жеп бара жатқан ауруы меңдесе де... Мақалаға арқау…
Дүйсенбі, 10 Желтоқсан 2018 09:49

Бала денсаулығы – партия назарында

Бүгінгі бүлдіршіндеріміз – ертеңгі ел тізгінін қолға ұстар азаматтар, біздің болашағымыз. Олардың сауатты, дені сау болып өсуін қамтамасыз ету – негізгі мақсат. Осы орайда, саламатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысып қана қоймай, балалардың дұрыс таматақтануы да денсаулық үшін аса маңызды. Аталған мәселеге баса назар аударған «Нұр Отан» партиясы «Мектеп асханаларын жаңғырту» партиялық жобасы аясында мектеп асханаларын бақылауға алып, балалардың дұрыс тамақтануын қадағалауда. Ауданымыздағы партия филиалы да өткен аптада Шелек ауылындағы Шелек политехникалық колледжінде дөңгелек үстел өткізіп, асхана мәселесінің айналасында жүргендердің басын қосты. Жиынға аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев, округ әкімдері, мектеп директорлары, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері…
Сәрсенбі, 05 Желтоқсан 2018 12:02

ШЕЛЕКТЕ "РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" ОРНАТЫЛДЫ

Жас ұрпақ Отанын сүйіп қана қоймай, тарихын да құрметтеуі тиіс. Өйткені, тарих елдің өткені мен бүгінін байланыстырып, болашағына жарқын жол сілтейді. Осыған орай, Шелек тарихи-өлкетану музейінде Рухани жаңғыру аясында тағылымды шара өтті. Жиынға ұстаздар қауымы мен мектеп оқушылары, әртүрлі мекеме қызметкерлері қатысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ата тарихымыз жайлы бір сөзінде: «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын дербес орны бар ұлт боламыз десек, әлемге мәдени жетістіктерімізбен танылуымыз керек», – деген еді. Музейде өткен жүздесу тарихи ескерткіштер мен ерлікке толы оқиғаларды насихаттау, жас ұрпақты рухани-адамгершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жастарды музей мәдениетіне тартып, тарихын сүюге бағытталды. Шараның ашылу салтанатында…
Бейсенбі, 29 Қараша 2018 16:00

Қойнауы құт-береке – туған өлкем

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Туған жер» бағдарламасы аясында «Қойнауы құт-береке – туған өлкем» атты облыстық семинар-практикум өтті жақында Рахат №1 орта мектебінде. Ұлттық тәрбие мен білімді ұштастыра отырып рухани жаңғыруды қолға алған педагогтардың бағдарламалық-әдістемелік, тәжірибелік, бұқаралық-ұйымдастырушылық шараларына куә болдық семинар-практикум барысында. Аудандық білім бөлімі, аудандық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экскурсия орталығы және Рахат №1 орта мектебінің бірлесе ұйымдастырған шарасына облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бөлімінің басшысы Жанар Дихамбаева, аудандық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экскурсия орталығының директоры Мұрат Ақаев, аудандық білім бөлімінің әдіске-рі Алмагүл Ұнақбаева және аудан мектептерінің тарих пәндерінің мұғалімдері қатысты. «Самғатқан сан қыранды…
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет