Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 13 Қыркүйек 2018 11:37

Алма өсіру алға баспақ

Жуырда егінжай күніне орай Бәйдібек би ауылдық округі «Даврешев» шаруа қожалығы аумағында «Бақшаларды өсірудің жаңа технологиялары, жеміс-жидек өнімділігін жоғарылату және сақтау» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға Агротекно Фертилизантес компаниясының Россия, Украина және Қазақстан аумақтарындағы менеджері Денис Рохас, А.С.К. ТЕХНИК компаниясының сату жөніндегі бас менеджері У.Ерғалиев, А.С.К. ТЕХНИК компаниясының қызметкері, биология ғылымдарының докторы Б.Бахаутдин, Агротекно Фертилизантес компаниясының Түркістан облысы бойынша өкілі Н.Әлиев, А.С.К. ТЕХНИК компаниясының сату жөніндегі менеджері Ж.Тағаев секілді қонақтар қатысты.

Семинардың мақсаты – Алматы және Түркістан облыстарының климаттарында бейімделген әрі жоғары өнім беретін алма сорттарын таныстыру. Осыған байланысты, облыстардағы климаттық ерекшеліктерді ескере отырып, шаруа қожалықтарында өсірілетін алмалардың құнарлылығы мен сапасын арттыру мақсатында бағбандар өзара тәжірибе алмасты. Жердің ыңғайна байланысты тыңайтқыштардың жаңа түрлері таныстырылып, соңғы технологиялардың мүмкіндіктері қарастырылды. Бұл салада «Даврешев» шаруа қожалығының жинаған тәжірибесі мол. Семинарға келушілер де сапалы өнім алудың қыр-сырын үйренісіп қайтты. Бастысы семинар бәрінің көңілдерінен шығып, көздеген мақсатына жетті.

Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ.

 

Қаралды 149 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама