Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 13 Қыркүйек 2018 11:40

Тек алға, «Арғымақ»!

«Ұйымдаса білген ұтады». Мұны ұғынған Мемлекет басшысы «Балапан» бағдарламасын сапалы орындауда кәсіпкерлерді әріптестікке шақыруды ұсынды. Яки, мемлекеттік-жеке әріптестік – даңғыл дамудың жарқын жолы. Осы ретте жуырда ауданымызда «Арғымақ» балабақшасы ашылды. Ыстық тілектер ақтарылып, жырдан шашу шашылды. Ашылуына аудан басшысы Бинәлі Ысқақ, мәслихат хатшысы Бекет Ахметов арнайы қатысып, әріптестік әрекетінен бой көтерген балабақша бүлдіршіндерін, ата-аналарды, ұжымды құттықтады.

Заманның талап-үдерісінен толық шыға білген «Арғымақ» – 50 орындық. Есік қаласы «Бәйтерек» ықшам ауданына тұрақтаған балабақшаның ашылуында Бинәлі Әбдіқапасұлы: – Құрметті балабақша ұжымы, ата-аналар және балбөбектер! Тәлім мен тәрбиенің алтын бесігі саналатын балабақшамен өскелең ұрпақты қамту – Елбасы тапсырмасы.  Осы ретте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде бүгіннің өзінде ауданымызда 18 балабақша ашылуда. Ілкімді ісіміздің нәтижесінде, мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 98,6 пайызға жетіп отыр, – дей келе жаңа ұжымға жас буынды ұлтымыздың шынайы патриоты етіп тәрбиелеуде табыстар тіледі.

Кәсіпкер Е.Мурсалимованың жетекшілігіндегі балабақша бар талап үдесінен шығып отыр. Екі қабатты зәулім ғимаратта арнайы методика, музыка кабинеттері, жатын бөлмелері, асхана, ойын алаңдары, тіпті әжетхананың өзі стандартқа сай жоғары дәрежеде орналастырылған.

Құрметті қонақтар лентасын қиып, ақ жаулықты аналар шашу шашты. Шара балбөбектердің әзірлеген концерттік бағдарламасына ұласты.

Айтып өтейік, ресми мәлімет бойынша жыл соңына дейін тағы да мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде ауданда 2 балабақша ашылады деп күтілуде.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Қаралды 118 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама