Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Дүйсенбі, 05 Қараша 2018 16:16

Құтқарушы атына лайық Темірлан

Көкшетау қаласының қақ жарып өтетін Қылшақты өзені бар. Солтүстік өңірге тән суық ерте түседі де өзен көлдердің бетіне мұз қата бастайды. Алайда бұл алғашқы мұз бір қарағанда қалың болып көрінгенмен өте қауіпті – күтпеген сәтте ойылып кетуі мүмкін. Әсіресе ағын су - өзен бетіндегі мұз сенімсіз. Міне қарашаның басындағы аязды күннің бірінде Қылшақтының мұзынан сырғанап өтпекші болған жас баланың аяғының астындағы мұз ойылып кетіп сәбидің өміріне қауіп төнген сәтте осы жағдайды көрген көпшіліктің біреуі оқиғаны телефонға түсіріп, екінші біреулері жағада тұрып байбалам салып: «Есің түзу ме, жұқа мұзға неге түстің» деп жанталаса жағаға ұмтылған балаға ұрсып даурығып жатқанын көрген Көкшетау Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің  өрт қауіпсіздігі – 31А тобының студенті Темірлан Шәріпбаев ойланбастан суды кешіп, өзіне көмекке келген азаматпен екеулеп суға малшынып әбден жаураған баланы ажалдан арашалап қалған екен.

  

Хайролла Қасымұлы Ахметжанов

Қаралды 67 рет
Толығырақ бұл категорияда: « Испытайте счастье Әжелер әнмен әуелетті »
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама