Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 15 Қараша 2018 19:40

Мұрат АҚАЕВ: «Алашыңды құрметтеу — табиғатын тану, адамдарын ардақтаудан басталады»

Мұрат АҚАЕВ:  «Алашыңды құрметтеу — табиғатын тану,  адамдарын ардақтаудан басталады» enkaz.kz

     Дүниежүзілік сарапшы ұйымдардың берген мәліметінше 1 туристік қалада 2 сағатын өткізген 100 мың турист 350 мың АҚШ  доллары көлемінде пайда әкеледі екен. Айталық, Малайзия еліне бір жылда тек туристік мақсатта 24 млн адам келеді және бұл елдің осы саладағы табысы 20 млрд АҚШ долларын құрап отыр. Демек, экономикалық серпіліс сыйлайтын туризмге ауданымыз да қауқарлы. Дархан даласы, мақпал ауасы, көрсе көз тояр көрікті жерлері, өзен-көлдері баршылық. Ал дамуына не кедергі? Бұл ретте, ауданымыздағы туристік және экскурсиялық орталық директоры Мұрат Ақаевты сөзге тартқан едік.

– Құрметті Мұрат Тілепбердіұлы, бүгінде өзіңіз аудандағы балалар мен жасөспірімдердің туристік және экскурсия орталығын тізгіндеп отырсыз. Орталық аудандағы туризмді дамытуға қаншалықты үлес қосуда?

– Ауданымызда 1967 жылы «Алматы облыстық балалардың туристік-экскурсиялық станциясы» құрылды.  Бүгінгі таңда Еңбекшіқазақ ауданының 14-қосымша білім беру педагогы жұмыс істейді мұнда.Аудан мектептерінен қосымша білім беру үйірмелеріне 508 бала тартылған.Ұжымымыз туризмнің 11 бағыты бойынша жұмыс жүргізеді. Атап айтсақ, «Жаяу туризм», «Вело туризм», «Спорттық жартасқа өрмелеу», «Туристік көпсайыс», «Спорттық бағдарлау», «Тарихшы-өлкетанушылар», «Географ өлкетанушылар», «Әдеби өлкетану», «Жас археологтар», «Мектеп мұражайы-ның белсенділері»,«Жас экскурсоводтар». Мұның әрбірі бойынша жас буын өз ауданының, туып-өскен өлкесінің кереметтерін көреді.

– Өскен өлкеміздің кереметтерін көрсету – рухани кемелденуге бас-тайды ғой. Осы ретте өлкемізді танудағы жұмыстарыңызды тарқа-тып берсеңіз...

– «Жалпы жұртыңды,иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын,табиғатын танудан,адамдарын ардақтаудан басталады» – деген Елбасының қағидалы сөзін тілге тиек ете отырып, жоғарыдағы аталып өткен 11 бағыттың ішіндегі «Өлкетану» бағыты бойынша атқарылған жұмыс ауқым-ды. Орталығымыз республика, облыс көлемінде өтетін жарыстар мен байқаулар-ға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүргенін мақтанышпен айтамын. Мысалы, Текелі қаласында өткен «Менің Отаным – Қазақстан» атты туристік-экспедициялық жасақтардың облыстық слетіне қатысып, белсенділік көрсетіп, «Өлкетану блогының практикаға бағдарланған кезеңі» бойынша екінші орынды жеңіп алды. Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұйымдастырған «Парктер шеруі-2018» республикалық шараға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.«Туған жер» бағдарламасы бойынша жүргізілген «Тарихы терең, табиғаты көркем – туған өлкем!» атты туристік-экологиялық танымдық жорық жобасы бойынша аудан мектептерінің жетім, жартылай жетім, әлеуметтік жағдайлары төмен және белсенді, дарынды 315 бала қамтылды. Оқушылармен Панфилов ауданындағы сакралды орындарға экскурсия ұйымдастырылды.Жоба мамыр айында «Алабында – Алтын адам туған мекен, Мен әрқашан өзіңді мақтан етем!» – атты фестивальмен қорытындыланып, Ақмола облысы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен республикалық семинар практикумда презентацияланды.Туристік орталықтың педагогы Ж.Бутимбаеваның жетекшілігімен «Туған жер. Алтын ұя – мектебім!» – атты жобасы қолға алынды. Зерттеу нысанына Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылындағы Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп және Панфилов ауданы, Жаркент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп алынды. Жоба негізінде мектептің тарихы, мектепті әр жылы бітірген еліміздің түпкір-түпкірінде елеулі еңбек етіп жүрген түлектер жайында жазылды. Осы мектептердің патриоттық клубтары зерттелді. Жоба аясында Қ.Орымбетов атындағы орта мектебінде «Туған жерге тағзым» атты мектептің әр жылы бітірген түлектерімен кездесу ұйымдастырылды.Ақши ауылы Бөлек батыр атындағы орта мектебінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қойнауы құт-береке – туған өлкем!» атты республикалық семинар өткізілді. Семинарға ҚР Білім министрлігі жанындағы «Жас патриоттар» Академиясының Президенті Тілдаш Би-туова қатысып, ой бөлісті.

Тағы бір айта кетерлігі, орталықтың қосымша білім беретін педагогтары шығармашыл оқушыларға көмек пен қолдау көрсетуге әзір. «Гүлдене бер, Қазақстан!» атты ІІІ республикалық ту-ристік-өлкетану-экологиялық зерттеу жұ-мыстарының байқауына біздің үйірмеге қатысатын Р.Тоқатаев атындағы мектептің оқушылары «Туған жер» тақырыбындағы ғылыми жобаларын қорғап, 2 және 3 орындарды иеленіп, Қазақ спорт және туризм Академиясының 50% және 25% жеңілдігі бар оқу гранттарын жеңіп алды.

– Өз ауданымыздың кереметтерін көрсетуде, жас буынға патриоттық тәрбие беруде кедергілер бар ма Сіздерге?

– Кедергі деуге келмес, әйткенмен, бірқатар мәселелер көлденеңдеп тұрғаны шындық. Оның ішінде өз ауданымыздың «Іле – Алатау» Ұлттық паркіне қарасты экологиялық пост аумағына өту ақылы болу себебінен, туған өлкеміздің қойнауында танымдық экскурсиялық жорықтар жасап, тау-тасқа өрмелеп практикалық сабақтар өтуге мүмкіндік жоқ. Екіншіден, туризм орталығының материалдық базасы төмен. Үшіншіден, В.Терешкова атындағы орта мектебі спорт залына орнатылған орталықтың баланысында тұрған жартасқа өрмелеу (скаладром) құрылғысын өзіміздің орталық оқушылары үшін пайдаланып оқытуға мүмкіндік жоқ. Себебі, спорт зал үнемі босамайды. Төртіншіден, орталық қалалық жерде болуына байланысты ауылдық мектептерде сабақ беретін біздің орталығымыздың қосымша білім беру педагогтарына ауылдық жердегі еңбекақыға қосылатын 25 пайыздық үстемақы төленбейді.

– Шыны керек, ауданымыз қой-науы кенге, жайлауы төлге толы, табиғаты тамаша өңір. Түргеннің шатқалын, көзмоншағымыз Есік көлі-нің кереметін көруге ынтық жандар жетерлік. Ауданымызда туризм-нің қарыштап дамуына не кедергі Сіздіңше?

– Бұл мәселе республика бойынша күн тәртібінде тұрған түйткіл. Себебі, ішкі және сыртқы туризмді дамыту – экономикалық серпіліс тетігі. Ал ауданымыздағы туризмді дамыту мәселесіне аз-кем тоқталсақ, ең бірінші, жарнама аздығынан. Өйткені, жаманын жасырып, жақсылығын асыратын да – жарнама. Осы ретте ауданымыздың туристік жерлерін әспеттейтін арнайы халықаралық деңгейдегі сайт ашуды жоспарлаған едік. Онда өңіріміздегі ең керемет жерлер, оған қалай бару керек, қанша уақыт алады, қандай жағдайлар жасалған деген секілді толық мәліметтерді қолжетімді қыла алсақ, қаншама туристерді тартуға болады. Бұл өз кезегінде жобасы әзір, тек қаражатқа тіреліп тұрғаны болмаса. Ең маңыздысы, біз мәліметтерді үш тілде жарияласақ деген едік. Қолдау болса, бұл жобаны жүзеге асыруға толық мүмкіндік бар. Ендігі басты мәселе – инфрақұрылым. Осы мәселелер жолға қойылса, туризмнің қайнар көзіне айналар едік. Ал бұл өз кезегінде ауданымыздың экономикалық өсіміне серпін берері ақиқат. Өйткені, әлемдік эономикада туризмнің маңызды екенін сарапшылар ашық айтсақ.  Сөзімді нақтыласам, әлемдік өндірісте әрбір 9-шы адам осы салада жұмыс істейді. Инвестицияның 11 пайыздан астамы тек осы салаға келеді. Туризмнен түсетін табыс мұнай өнімдерін және автомобильді экспорттаудан кейінгі тұрақты түрде 3 орында тұр. Тағы да айта кететін бір жайт үстіміздегі жылы Кербұлақ ауданында Дүниежүзілік – туризм күніне байланысты өткізілген облыстық жарыста  біздің туристік орталықтың оқушылары жүлделі бірінші орынды иеленді.

– Уақыт бөліп сұхбат бергеніңізге рахмет!

 

Әңгімелескен

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Read 99 times

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама