Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 22 Қараша 2018 16:44

«Жазығым не менің, ана?»

«Жазығым не менің, ана?» mezet.kz

    Баланың өмірге келуі ғажап дүние. Десек те, алдында не күтіп тұрғанын болжау қиын. Кей бала тағдырдың жазмышымен жетім атанса, кейбірі ата-ананың тастап кетуінен тірі жетімге айналады. Бұл – бүгінгі қоғамның ащы шындығы. Өмірдің осы келеңсіз тұстары көрініс тапқан «Жазығым не менің, Ана!» атты драма мюзиклін Рахат №1 орта мектебінің 6-сынып оқушылары көрермен назарына ұсынды.

    Дүниеге келген кез-келген сәби алғашқы қадамдарын, сөздерін, іс-әрекетін әкесі мен анасының қолдауымен жасайды. Өкінішке қарай, сәби үшін маңызды осы жетістіктерінің, тіпті олардың өмірде бар-жоғының ата-анасын қызықтырмайтын жағдайлармен де ұшырасып жатамыз. Баласын тағдыр тәлкегіне тастаған жауапсыз ана, санасыз әке, қатігез қоғам, тастанды бала... «Жазығым не менің, Ана?» драма-мюзиклінде қозғалған тақырып ешкімді бей-жәй қалдырмады. Мақсаты да сол – жауапкершілік жүгінің қаншалықты ауыр екенін жеткізе отырып, көрерменге ой салу. Осы тұста қойылымды дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботакөз Шәрібек пен ұстаз үмітін ақтаған оқушыларының   ерен еңбегін атаған жөн. Көрермен мен мектеп ұжымының сұрауы-мен аталған қойылым мектеп сахнасында бірнеше мәрте қайталанып қойылды. Бүгінгі таңда сахна мәдениеті мен міндетін біршама меңгеріп, тө-селіп қалған оқушылар Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасының негізінде «Көзіме бір көрінсең бала ғашық» драма-мюзикліне дайындық үстінде.

 

Әмина Талқамбаева,

6 «А» сынып оқушысы.

Read 42 times

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама