Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 27 Желтоқсан 2018 14:01

Байқауда жүлделі болды

Байқауда  жүлделі болды mezet.kz

  Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен жуырда «Үздік тіл маманы-2018» байқауы өтті. Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен байқаудың мақсаты – мамандардың кәсіби біліктілігін арттырып, облыс бойынша үздік тіл маманын анықтау еді.

  Жалпы, 16 аудан қатысқан байқауға ауданымыздың намысын арқалап аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ақмарал Қанапина аттанған-ды. Байқау шарттарына жан-жақты даярланған үміткеріміз нәтижесінде «Үздік тіл маманы-2018» байқауының үшінші орын жүлдегері атанып, арнайы диплом мен қаржылай сертификатқа қол жеткізді.

 

Алмагүл НҰҒМАН

Read 151 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама