Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 27 Желтоқсан 2018 14:51

Сан сауал, сәтті жауап!

Сан сауал,  сәтті жауап! https://www.google.com/imgres?imgurl=https%3A%2F%2Ftirshilik-tynysy.kz%2Fuploads%2Fposts%2F2018-12%2Fmedium%2F1545307316_simvol-2019-goda1-620x306.jpg&imgrefurl=https%3A%2F%2Ftirshilik-tynysy.kz%2Falem%2F6513-doyz-zhanuary-turaly-e-yzyty-derekter.html&doc

  Жаңа жыл жаңа бақыт, серпін, қуаныш сыйлайтындай болады да тұрады әр жылы. Әлбетте, қай жылдың болмасын өзіндік ерекшелігі мен жетістіктері де жоқ емес. Қой жылы – қонысты болса, әлдекімге жылқы жылы – жемісті өткен шығар, ит жылы – игіліктерімен есімізде қалады десек, келер доңыз жылы қандай болмақ екен?!

  ДОҢЫЗ – жыл санауының жəне жыл қайырудың соңғы жылы. Кейбір түркі елдері, сондай-ақ Қазақстанның кей өңірлерінде мұны «қара киік жылы» деп те атай береді екен. Қазақ «доңыз» деп кəдімгі жабайы шошқаны айтады. Оның жыл атауына кіруінің өзі жыл санаудың исламнан да бұрын енгенінің толық дəлелі болса керек. Бұл жылды халық аса жақсы көрмесе де, көбіне ол  тарихқа жайлы, тыныштық жылы болып келген. Негізі, жыл санау – халық даналығының бір тарауы. Осы жыл санау арқылы он екі жылдан қайырып отырады да, оны «жыл қайыру» деп атайды. Бұл тəсіл өткен жылдарды есептеуге де, адам жасын анықтауға да өте ыңғайлы əрі тағылымы бар тапқырлық есептік жүйе. Біріншісін он үш жылдан, одан кейінгілерін он екі жылдан есептеп, адам жасын да оңай шығарып алуға мүмкіндік бар. Сонда бір мүшел он үш, екі мүшел жиырма бес, үш мүшел отыз жеті, төрт мүшел қырық тоғыз, бес мүшел алпыс бір, алты мүшел жетпіс үш, жеті мүшел сексен бес жаста жəне солай жалғаса береді. Бұрынғы қариялар «алпыс бірдемін» немесе «жетпіс үштемін» демей, «бес мүшелге толдым», «алты мүшелден астым» дейді екен.

  Хош, табалдырығымыздан жаңа аттаған жыл қандай болмақ? Алда болар ақиқатты Алла ғана біледі десек те, болжам-жорамал жасауға қашанда қызығушылығымыз ауып тұратын пендеміз. Ендеше, жақсылықтан күдер үзбей, жамандыққа көңіл бөлмей «Доңыз» жылының сипатына үңіліп көрелік.

 

Доңыз жылы қандай және одан не күтеміз? 

  Шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл бірінші қаңтардан басталмайды. Яғни, жаңа 2019 жыл тек бесінші ақпанда кіреді. Григориан күнтізбесі бойынша 2019 кібісе жылға жатпайды (басқа жылдарда 365, кібісе жылында 366 күн болады) – аптаның бір күнінде, сейсенбіде басталып, дәл сол күнде аяқталады.  Негізінен, Доңыз өте еңбекқор, табанды әрі өжет жануар ретінде сипатталады. Бұл ілгері басу жылы болады деп сенімді түрде айта аламыз. Жаңа 2019 жыл біреулер үшін кәсіп ашып, оны дамытуда жемісті болмақ, ал енді біреуге жұмысын ауыстыруға мүмкіндік береді. Доңыз жылы әлдебіреулерге махаббат майданында айтарлықтай қиындық тудыруы да мүмкін. Арадағы түсініспеушілік біржола айырылысуға әкеліп соқтыруы да ықтимал, алайда бұл жаңа, сапалы әрі тұрақты жұп құрудың бастауы болмақ. 2019 жыл саяхат жасап, демалуға қолайлы екенін назарда ұстаңыз. Қаржы мәселесіне қатысты айтар болсақ, 2019 жыл едәуір тұрақты болады деген болжам жасалып отыр. Бірақ қаржыны есеппен жұмсау керек. Қымбат заттарды сатып алуды, салым жасауды келесі жылға қалдырған дұрыс. 2019 жылы денсаулығыңызды күтуге көңіл бөліңіз, өйткені бұған дейін қатты шаршап, күйзеліске түскен болсаңыз, ағзаңыз сыр беруі мүмкін. Егер денсаулықты түзеуге мүмкіндік болса, оны міндетті түрде пайдалану керек. Өткен жылдың қамқоршысы Ит секілді Доңыз да салмақты, демек, бұл жыл да тыныш әрі бір қалыпты өтеді деуге негіз бар. Доңыз жылында келіспеушілік пен ұрыс-керіс аз болады. Жасасын, береке мен бірлік!

 

Жаңа жыл иесінің ерекшелігі 

  Еңбекқорлық – Доңыз жылының басты ерекшелігі. 2019 жыл бизнесті дамыту үшін де, қызметте өсу үшін де жемісті жыл болуы мүмкін. Доңыз жылында шаңырақ көтеретіндер саны өседі деп болжануда, ал бұл бала туу көрсеткішіне оң әсерін тигізеді. Бәрі де өз қолыңызда, ағайын!

 

2019 жылдың түсі 

  Біз жаңа 2019 жылдың символының атауында «сары» және «жер» сөздері жиі аталатынын анықтадық. Сондықтан қоңыр, кофе түстес, жасыл, сұр және сары реңктерге артықшылық беру керек. Жалпы, қандай түсті киім кисеңіз де көңіл-күйіңіз әрдайым көтеріңкі болсын!

 

Доңыз жылын қалай қарсы алу керек? 

  Алдағы жылды туған-туыс пен жақын адамдарыңның ортасында қарсы алған жөн. Жаңа жыл түні үшін сары-қоңыр немесе қызғылт реңкті таңдаған дұрыс. Сондай-ақ, сары алтыннан жасалған әшекейлер өте жарасымды болмақ. Үйді және жаңа жылдық шыршаны сәндегенде де осы түстерге басымдық беру керек. Доңыз жылында, сондай-ақ, сары дастарқан жайып, тәтті тағамдардың түр-түрін: түрлі салаттар, тағамдар, десерттер пісіріңіз. Жаңа жылда дастарқанға тауық, сиыр етін қойсаңыз, нұр үстіне нұр болмақ. Әрине, ешқандай шошқа еті болмауы тиіс!

 

Доңыз жылындане сыйлаған жөн? 

  Биыл сыйлық алуға сараңдық танытудың қажеті жоқ. Жаңа жылдық сыйлықты таңдағанда ақылға салып, тиімдісін алуға тырысыңыз. Келер жылдың символы арзан сылдырауықтарды ұнатпайды. Ұзақ уақытқа жарайтын әрі көңілге қуаныш сыйлайтын сапалы нәрсені таңдаған дұрыс. Жоғарыда айтылғандардан басқа, сізге сыйлық таңдауға көмектесетін бірнеше кеңес бар. Ең алдымен мұны соңғы сәтке қалдыруға болмайды. Доңыз – үй мен тұрмыстағы жайлылықты қадірлеуші жануар. Осы құндылықтарды толықтырып отыратын нәрсе тамаша сыйлық болады. Ол интерьер және тұрмыстық заттар, қандай да бір әшекей болуы мүмкін. Сондай-ақ, сыйлық ретінде киім немесе аяқ киім алуға болады. Әрине, доңыз түріндегі жинақ сандықша ең танымал сый болатыны сөзсіз – бұл қымбат емес, алайда, өте пайдалы сыйлық. Бастысы, сыйлықтың бағасы емес, жақын адамның көңілі екенін естен шығармайық!

  Доңыз жылы – өте жайлы жыл болар. Стихиясы – су. Өте адал, шынайы, салмақты да ақылды болып келеді. Кемшілігі – біреуге тәуелді, аңғал, сенгіштік қасиеті басымырақ. Доңыз жылы туылғандар оңаша, табиғат аясында, бау-бақшада еңбек еткенді, көңілді кештерге қатысқанды ұнатады. Көп нәрсеге басын қатырмайды, ол жөнінде көп ойланбайды. Отбасында бала-шағасы көп болады. Халқымызда қай жылы болмасын, береке мен тыныштық, молшылық болғай! Жаңа жылдарыңызбен!

 

Алмагүл НҰҒМАН.

Read 95 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама