Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Жұма, 11 Қаңтар 2019 15:36

Қауіпті шатқалға айналған «жабайы» сырғанақтар

Қауіпті шатқалға айналған «жабайы» сырғанақтар mezet.kz

Қыс мезгілі ақ ұлпа қары мен көк мұзымен көрікті. Сырғанаққа барып, шана мен шаңғы, мұзда конькимен сырғанау басқа жыл мезгілдерінде болмайтын  ғажаптар. Әсіресе, өңірлерде жер-жерде қолдан немесе шағын төмпешіктерден тұрғындар сырғанақтар жасап алады. Ешқандай қауіпсіздік шаралары қарастырылмаған «жабайы» демалыс орындары пайда болады.  Біздің аудан аумағында да осындай белсенді демалыс нысандары баршылық.

Соның бірі өз көзімізбен көрген Рахат пен Өрікті ауылының арасындағы «Нұрлы төбе». Күніне 50-ден аса, демалыс күндері 200-ге жуық адам арысы Алматыдан берісі Есіктен келіп демалатын орын. Әркім қолындағы барымен бірі шанасын сүйретсе, бірі баллондарын, тіпті пакеттермен сырғанап жүргендері де баршылық. Шағын сауда да қыза түсіп, арнайы сырғанауға арналған баллондарды 300-1000 теңге аралығында жалға берсе, бойыңызды жылытатын шай да, тіске басарлар да табылады. Жер аумағы жеке қожалыққа қарасты болғандықтан әкімдік тарапынан ешқандай қадағалау жоқ. Қауіпсіздік шаралары да, медициналық көмек те көрсетілмейді. Барғанымызға 10 минут болмай жатып, өз көзіммен 2 баланың жарақаттанғанын көрдім. Біреуінің аяғы сынса, бірі – қолын қайырып алды. Ата-анасы алғашқы көмек те көрсете алмай, амалсыз балаларын көтеріп үйіне қайтты. Екеуінің де себебі – арнайы тәртіп болмағандықтан, үлкендер кішкентайларды қағып өтіп кеткендіктен.  Тау басында бүлдіршіндер жүргендіктен, ересектер бақылауына алып, бір-біріне кедергі жасамайтындай біркелкі тәртіп болса, бұндай оқиғалар аз болар ма еді. Өңірдегі кәсіпкерлер «жабайы» сырғанақты ретке келтіріп, қорықпай баратындай арнайы демалыс орнын жасаса деген тілегімді білдіргім келеді. Төбенің биіктігі баллонмен сырғанауға да жеткілікті болғандықтан, қауіпсіздікті ескеріп, өзінің де өзгенің де өміріне қауіп төндірмей, темір шана сүйремей-ақ біркелкі бәрі арнайы баллонға көшсе деген үлкен өтініш бар.

Қыстың бір қызығы – сырғанақ. Алайда, абайлап сырғанамасақ, көктемді  балдақпен қарсы алуымыз әбден мүмкін. Сондықтан «жабайы» сырғанақтан гөрі, арнайы тәртібі бар, медициналық та, қауіпсіздік те көмек көрсете алатын демалыс орнында демалғанымыз абзал. «Сақтансаң, сақтаймын» дегендей әркімнің өмірі өзіне аманат.

Жансая ЫСҚАҚ

 

 

Read 67 times

Media

Қауіпті шатқалға айналған «жабайы» сырғанақтар mezet.kz

Күнтiзбе

« Қаңтар 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама