Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 24 Қаңтар 2019 15:41

«Бала — айнадағы өзің»

«Бала — айнадағы  өзің» https://www.google.com/url?sa=i&source=images&cd=&cad=rja&uact=8&ved=2ahUKEwj-vY_pkIbgAhXICiwKHWHzBJYQjRx6BAgBEAU&url=http%3A%2F%2Fwww.cloudarticles.info%2Fimagefdata-%25D0%2590%25D0%25BD%25D0%25B0-%25D0%25BC%25D0%25B5%25D0%25BD-%25D0%2591%25D0%25B0%25D0%

«Баланың рухани өміріне тереңдей қарай алмаған адам нағыз тәрбиелеуші бола алмайды» дейді Василий Сухомлинский. Балалар үлгі тұтып жүрген адамдарының өзіне көрсеткен әдепсіз қылықтары мен оның бойындағы кейбір жағымсыз іс-әрекеттерді ешқашан ұмытпайды. Баланы емес, ата-ана алдымен өзін тәрбиелеуі керек. Ата-анаға қарап бала өседі. Психологтардың басым көпшілігі, жанұяда мән берілмей, елеусіз қалған балалар өскенде өзін ерек санап, өзіне таңырқаумен болатындығын айтқан. Ата-аналар балаларын ұзақ уақыт бойы өздерінен жырақта тастап кетулеріне болмайды. Өйткені, бала ата-анасынан алатын мейірім-шапағат, сүйіспеншілікті басқа ешкімнен ала алмайды. Сондықтан балабақша, орта мектеп, жатақхана, яғни ата-анадан жырақтағы кез-келген орын, жанұямен бірге тұрған «үй» сияқты жылулық пен рухани азық бере алмайды. Ата-анасынан айырылған балалар өскенде қоршаған ортасынан бөтенсініп, араласып кете алмай, шеттеліп тұрады. Тіпті, оларды қамқорлығына алып, мейірім көрсеткендерді де жат санайды. Бала жанұяда қандай қарым-қатынас көрсе, түзде соны қолданады. Үнемі сынап-мінелген бала кінәлау мен айыптауды үйренеді. Бітпейтін ұрыс-керістің ортасында өскен бала айналасындағыларымен, тіпті өзімен де тату тұра алмайды. Төзімді әрі кешірімді бол деп өскен бала сабыр мен шыдамдылықты сіңіреді. Жанұя тарапынан қолдау көріп өскен бала өзіне сенімді болады. Бағаланған бала бағалау мен қадірлеуді үйренеді. Сүйіспеншілікпен өсірген бала сүюді әрі өзгенің жүрегінен орын алуды үйренеді. Көңілі қуаныш пен күлкіге толып өскен бала өзгелердің көңілін табуды біледі. «Бір түп раушан өсіріп, алғашқы гүлдің қуанышына бөленудің, гүлді адамға беріп, сол сәттен толғанысты бастан кешудің, жаңа адамды тәрбиелеудегі маңызы, егістік жерді жыртумен, астық өсірумен, ащы тер мен алақандағы күсті және еңбек рақатын танумен бірдей» деп В.Сухомлинский айтқандай, дені сау, тәрбиелі бала өсіргісі келген адам дұрыс тәрбие бере білуі керек. «Балаларды тәрбиелей отырып отбасы еліміздің болашақ тарихын тәрбиелейді» деген екен А.Макаренко. Өзінің баласы үшін орынды мақтаныш сезімін басынан кешіретін жақсы ата-ана болу үшін, өзінің тәрбиелік стилін мұқият қайта  талдау керек және ол жақсы жетілдірілмеген болса, оны жақсы жағына қарай өзгерту қажет. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы мен жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор екенін ұмытпайық. 

 

Айымыз бен күнімізге, жайқалған әсем гүлімізге теңеп, қолымыздағы барымызды, керек десең, жанымызды беруге дайын бүгінгі бүлдіршіндеріміз – ертеңгі жанымыздың саясы, мақтанышымыз болсын десек, тәрбиелі АДАМ  болуына атсалысайық!

 

Баспаға әзірлеген Алмагүл НҰҒМАН.

Read 88 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама