Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Сәрсенбі, 27 Ақпан 2019 21:19

Біліктілікті арттыру – кәсіби өсудің кепілі

Біліктілікті арттыру –  кәсіби өсудің кепілі mezet.kz

Қазіргі таңда мұғалімнің біліктілігін арттыруды жалпы қоғамдық мәселе ретінде қарастыратынымыз рас. Себебі, білімді тереңдету мен жетілдіруді мұғалімнің жеке басы үшін ғана емес, қоғамға қажет әрекет деп қабылдағанымыз дұрыс.

Баланың  бос уақытын  қызықты, пайдалы әрі мазмұнды өткізу міндеті педагогтар мен ата-аналарды да толғандырады. Осы орайда мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлер  балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда ерекше рөл атқарады. Осыны ескере отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің РМҚК «Республикалық  қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының» маманы С.Салбенбекованың  ұйымдастыруымен  балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын педагог қызметкерлеріне арналған «Жазғы сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлерде уақытша балалар ұжымдарымен жұмыс жасаудың заманауи технологиялары» тақырыбында республикалық біліктілікті арттыру курсы Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің базасында өткізілді. Курс жазғы сауықтыру және мектеп лагерьлерінде жазғы демалысты ұйымдастыратын, балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының педагогика кадрларының кәсіби және педагогикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Курстың мақсаты – жазғы сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлерде балалармен тәрбие жұмысы және сауықтыру бойынша   педагог   жұмыскерлердің білімдерін жаңарту және кәсіби шеберліктерін жетілдіру үшін жағдай жасау. Колледж оқытушылары, психолог және жазғы сауықтыру лагерьлерінің директорлары дәріс оқып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, курстың мазмұнды өтуіне үлестерін қосты. Жазғы сауықтыру лагерьлерінде тәжірибесін өткізген  колледж студенттері курстың практикалық  бөлімінде оқытушылармен бірлесе меңгерген іскерліктері мен дағдыларын көрсете білді. Сонымен қатар, курс тыңдаушылары да  сауалнама толтырып, лекторларға жоғары баға берді.

А.Абженбаева,

директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары.

 

Read 36 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама