Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 14 Наурыз 2019 20:35

Қайырымдылық – қанда бар қасиет

Қайырымдылық – қанда бар қасиет mezet.kz

Жас болса да бас болған Қаракемер округінің әкімі Дархан Ахметов шұғылалы көктемді қайырымды қарекетімен бастады. 8 наурызда Қаракемер, Сатай, Талдыбұлақ ауылдарындағы «Алтын алқа», «Күміс алқа» және аз қамтылған аналардың алғысын арқалады. 55 алтын құрсақтыларға азық-түлік себеттерін табыстап, мерекесімен құттықтады.

Келелі іс-шара барысында округ әкімі аудандық мәслихат депутаттары Ж.Жылқыбеков, Қ.Жұмағожа, Қ.Орымбетов атын-дағы орта мектеп директоры Ш.Қалықовамен бірге әр отбасына арнайы барып, жағдайларын білді. «НұрОтан» партиясының XVІІІ съезінде партия төрағасы, Елбасы Н.Назарбаевтың әлеу-меттік саланы жан-жақты қолдау бойынша берген тапсырмаларын түсіндірді. Кейіннен сый-сияпатын табыстап, алғысын арқалады.

– Бұл шараны ұйымдастыру-ды ғана қолыма алдым. Ал округ жанашыры ретінде жомарт жүрек азаматтарымыз кәсіпкер Ж.Жалғасбаев, «Төрежайлау» ЖШС басшысы Б.Телеуов және «БиоТаужер» ЖШС басшысы Н.Таванова демеушілік көрсетті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, осы аты аталған азаматтарға алғысымды білдіремін, – дейді Дархан Ахметов.

                                                                                                                  ***       ***       ***

Қара жерге нәр берген көктемнің шұғылалы күнінде сәбиін тоғыз ай құрсағында, екі жыл кеудесінде, ғұмыр бойы жүрегінде көтерген абзал аналар мерекесі. Осынау сәтте аудандық мәслихат депутаты, «Ауыл» партиясы аудандық филиал төрағасы Болатжан Нұрбеков жеті ананың алғысын арқалады, ақ батасын алды.

Қайырымдылық шеңбе-рінде өткізілген кездесу барысында Болатжан Саймасайұлы қарт аналардың үйін аралап, арнайы мерекелік сыйлықтар үлестірді. Жағдайларын біліп, мұң-мұқтажын жазып алды. – Бұл тек мереке қарсаңындағы сылтау ғана. Басты мақсатым, абзал аналарымыздың жағдайын көзіммен көру, мерекелік көңіл-күй сыйлау еді, – дейді депутат.

Өз тілшілеріміз.

Read 82 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама