Бейсенбі, 28 Наурыз 2019 10:28

Қазақшаң қалай, балақай?

Қазақшаң қалай, балақай? mezet.kz

Аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тілді оқытуда инновациялық жүйелер мен жаңашыл ой-пікірлердің қалыптасуына ықпал ете отырып, ба-лабақшалардағы патри-оттық тәрбиенің жарқын көрінісін насихаттау және бүлдіршіндердің еліне, мемлекеттік тіліне сүйіс-пеншіліктерін арттыру максатында «Айгөлек» бөбек-жәй балабақшасында «Қазақшаң қалай, балақай?» атты аудандық байқау өтті.

Аудандық білім бөлімінің бас маманы А.Ұнақбаева қатысып, дәстүрлі байқаудың қатысушыларына сәттілік тіледі. Балабақша меңгерушісі Жанар Дарханбаева шараның маңызы мен ерекшеліктеріне тоқталды. Аралас балабақшаларда тәрбиеленіп жатқан өзге ұлт өкілдерінің балалары байқау ережелеріне сай өздерін таныстырып, өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар, «Менің елім – Қазақстан» тақырыбында көрініс көрсетті. Нәтижесінде, бас жүлдеге «Айгөлек» бөбек-жәй балабақшасының тәрбие-ленушісі Малика Мамирова ие болса, І орынға «Балдаурен»  бөбек-жәй балабақшасының бүлдіршіні Шахраман Кутлуков, ІІ орынға «Есік Болашақ-2007» балабақшасының тәрбиеленушісі Дария Рау жане ІІІ орынға «Әйгерім-1» бөбек-жәй бала-бақшасынан келген Султан Масимов жайғасты. Өзге де қатысушылар түрлі номинациялармен марапатталды.

 Өз тілшіміз.

Read 131 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет