Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 04 Сәуір 2019 20:47

Екпеден бас тарту – ауруға жол ашу

Екпеден бас  тарту – ауруға жол ашу mezet.kz

  Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен «Профилактикалық екпеден бас тарту жағдайларының алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті жақында.

  Мақсаты – аудан тұрғындарында профилактикалық екпелерге деген оң көзқарасты қалыптастыру мен екпе алуға ықпал ету. Өйткені, бүгінге профилактикалық егулерден бас тартушы ата-аналардың қатары жиілеуде. Атап айтсақ, өткен 2018 жылы ауданда 28 баланың ата-анасы екпеден бас тартса, ағымдағы  жылдың 2 айында мұндай 12 жағдай орын алған. Ата-аналардың екпеден бас тартуы жеке көзқарастарына негізделген. 30 дамыған елдің қатарына ену тек әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша ғана емес, халықтың денсаулығын жақсарту тұрғысынан да жүзеге асатын шарт. Ұлт болашағы – саламатты ұрпақ тәрбиелеу.

  Іс-шараға Есік қаласы мен Түрген, Ащыбұлақ, Алға, Қызылжар, Алмалы ауылдарының имамдары, аудандық ішкі саясат бөлімі,  аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, аудандық орталық аурухана, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің аудандық бөлім қызметкерлері қатысып, пікірлерін ортаға салды.

Өз тілшіміз.

Read 47 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама