Сейсенбі, 03 Қыркүйек 2019 10:58

Жаңаны қабылдай отырып, дәстүрлі құндылықтарымызды жоғалтпайық

Кітап – білім бұлағы... – деген заманда өстік. Алған білімнің белгілі бір мөлшерін өміріміздің қилы жолдарында пайдаландық. Адами қасиеттерге кітап арқылы да тәрбиелендік. Бірақ, сол біздің ұрпақтың үлесіне тиген заманда кітап деген өте қат болатын. Әсіресе, қазақ әдебиеті аз басылып, кітапқұмар қауымға жетпей жататын дәуір еді ол.

Тұманбай ақын Молдағалиевтың алпысқа толған мерейтойының қарсаңында автограф қойдыру мақсатында ақынның кітаптарын іздедік. Ешбір кітап дүкендерінен таппай Есік қаласындағы бір дүкеннің қоймасының бір бұрышында шаң басып жатқан ақынның үш томдығының жүздеген томдарына тап болдық. Бұл деген Кеңес заманындағы кітапқа немқұрайлықпен қарау ғана емес, ұлттық әдебиеттің аяғына «тұсау» салып, «ұлы» деп аталған ұлттың шығармаларына жол ашу болғаны шындық.

Ал Тәуелсіздік туы тігіліп, өз саясатымызды, әдебиетімізді, мәдениетімізді қолымызға алған кезеңде өкінішке қарай сол кеңестік дәуірдің бір позитивті дәстүрін – кітапқұмарлықты ұстап қала алмадық. Оның бір себебі, өтпелі кезеңнің экономикалық қиындықтары болса, екінші, меніңше басты себебі –техникалық прогресстің жедел басып өмірге кіруі деп түсіну керек. Бар-жоғы бір-екі онжылдық ішінде ғаламтор бүкіл әлемдегі секілді елімізді өз торымен шырмап алды. Ал сол ғаламтор – интернетке үш-төрт жастағы сәбиден бастап, еңкейген қарияларға дейін кез-келген жерде кез-келген уақытта кіріп ақпарат ала да алады, алмаса да алады. Бүгінгі кезеңді қысқа да нұсқа хабар ақпараттар, қазіргі тілмен айтқанда посттар дәуірі деп атауға да болады. Жоғарыдағы менің әріптесім Мұрат Нақатаевтың кітап туралы басынан өткен оқиғалар мен пікірін қолдай отырып, телефонға, яғни гаджеттерге тосқауыл қоя алмайтынымызды мойындауымыз керек. Тек сол техпрогресс жаңалықтарын ақылмен қолдана отырып, өткен өміріміздегі рухани байланысымыз – кітапты да биікте ұстап, білімде әдебиет пен мәдениетте де орнын аласартпауға ден қоя білуіміз керек.

Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» шығармасында жаңа жаһандық үдерістер ешкімнен сұрамай-ақ бірден төрімізге озды. Сондықтан заманға сәйкес жаңғыра отырып, ұлттық құндылықтарамызды сақтау қажеттігін ескерткен болатын. Кітап – тек бір ұлттың ғана емес бүкіл адамзаттың мәдени байлығы.

Х.Ахметжанов

Read 33 times

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет