Жұма, 01 Желтоқсан 2017 16:31

Тәуелсіздік тірегі

 

Тіл – ұлттың баға жетпес байлығы, егемендіктің айғағы. Сондықтан, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы. Бұл турасында Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де қолданылуы үшін қолдан келгеннің бәрін істеу қажет» – деген болатын.

Сонымен қатар елімізде тіл мәртебесін көтеру мақсатында «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды. Бүгінгі таңда бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Барлық мемлекеттік мекемелерде талқылау, дөңгелек үстелдер мен пікір алмасу шаралары ұйымдастырылуда. Осы орайда, жақында аудандық прокуратура қызметкерлерінің бас-тамасымен мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында жиын өтті.

Аудандық прокуратура қызметкерлері, құқық қорғау өкілдері және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мамандарының қатысуымен өткен шара барысында аталған бағдарлама турасында баяндамалар оқылды. Бағдарламаның мемлекеттік тіл мүддесін қорғайтын нормативтік-құқықтық құжат ретінде ұзақ мерзімге жасалып отырғанын ескерсек, мемлекеттік органдарда қазақ тілінде әзірленетін құжаттардың, іс жүргізудің сауаттылығы, сапалық, яғни тілдің қолданымдық жағын білу талабы назардан тыс қалмауы қажет. Осындай мәселелер қозғалған келелі жиын соңында қатысушылар мемлекеттік тілді дамытудағы өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.

Еркін ҚҰСАЙЫНОВ,

Еңбекшіқазақ аудандық прокуратурасының аға прокуроры, 1-сыныпты заңгер.

Қаралды 16 рет
Толығырақ бұл категорияда: « Үйлену – оңай, Үй болу қалай?
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама