Жұма, 13 Сәуір 2018 10:02

Уақыт керуеніне бөгет жоқ

«Заман талабының деңгейінде болу үшін біздер өмірге барынша терең бойлап, оны жан-жақты тануымыз керек. Ең жоғарғы шеберлікке жетіп, ерінбей-жалықпай еңбектенуіміз қажет». Бұл – Ғабиден Мұстафиннің сонау жиырмасыншы ғасырдағы топшылауы. Расында, бүгінгі күннің де талабы осы болып тұр, байқасақ. Бүкіл әлем қолға алып жатқан бағдарлама Қазақстанды да сырт айналмады. «Цифрлы Қазақстан» – ендігі бағындырар белесіміз.

Бұл турасында «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифр-лы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты», – деді Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауында. Елбасы елеген мәселе ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Цифрлы Қазақстан» жобасын қолға алуына ықпал етті. Жалпы, газет оқырмандарына түсінік берер болсақ, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының 4 негізгі бағыты бар: Бірінші – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру; Екінші бағыт – экономиканың салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлы технологияны енгізу; Үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру; Төртінші – IT мамандарды даярлау. «Цифрлы Қазақстан» жобасы да халыққа қызмет көрсету үдерісін дамытуға бағытталатынын баса айта кеткен жөн болар. Одан бөлек, өндірістік секторда энергетикалық ресурстардың көзін іздеудің интеллектуалдық шешімдерін табу жолы да болмақ.

«Қазақстанның территориясы үлкен болғандықтан оның әлеуметтік-экономика-лық даму типтері әртүрлі. Мұны бір жүйеге енгізу үшін жергілікті әкімдермен бірге жұмыс істейміз. Ол үшін халықтың басым бөлігінде интернетке кіру мүмкіндігі бар болуы тиіс», – дейді Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев бұл турасында. Үкіметтің көздегені – қарапайым халықты, мейлі ол ауылды жер немесе қала болсын, ғасыр ғаламаты – ғаламтормен байланыстыру. Осы салада сапалы қызмет көрсете алатын мамандарды даяр-лау.

Қаламыздағы А.Мәл-кеев атындағы Есік «Бі-лім-инновация» лицей-интернатының ұжымы аталған бағдарламаны жүзеге асыруға бірден кірісіп-ақ кетті. Оған дәлел, лицейге кең жолақты оптикалық 20 Мб/с жылдамдықтағы интернет желісі жүргізіліп, локальді жүйе құрылып, барлық кабинеттер ғаламтормен қамтылған. Сабақ өтетін барлық сыныптар заманауи интерактивті тақтамен және физика кабинеті SMARTWALL (интерактивті қабырғамен) жұмыс жасайды. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы турасында сұрақтарымызға тұщымды жауап берген лицей-интернаты директорының бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары және физика пәнінің мұғалімі Әмірхан СӘУЛЕМБЕКОВ: «Осы уақытқа дейін EDUPAGE электронды журналын қолданып келдік, бұл жүйенің тиімділігі ата-ана, оқушы, мұғалімнің мобильді қосымшасымен пайдалануы. Қазіргі таңда «КҮНДЕЛІК.KZ» электронды журналын жүргіземіз. Мұғалімдер сабаққа жасаған талдауын «GOOGLEFORM» электронды формасында толтырады. Оның тиімділігі – ұстаздардың сабақ талдаулары бір жерде жинақталады және оны бақылап отыруға мүмкіндік бар. Лицей мұғалімдері «DROPBOX» бұлттық дерек қоймасын (онлайн папка) қолданады. Мобильді қосымшасы да бар. Мұғалім барлық құжаттарын онлайн папкасына жинайды, папкасымен онлайн түрде бөлісе алады. Онда құжаттары жоғалмайды, әрі бір компьютерге байланып қалмайды. Кез-келген компьютерден, смартфоннан құжаттарына қол жеткізе алады. Мұғалімдерге сандық сауаттылық туралы семинарлар өткізілді. Ұстаздарымыз дүниежүзілік «EDMODO» мұғалімдер желісіне қосылған. «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлері пән бірлестіктерінің тәжірибе алмасу мақсатында онлайн жиналыс, конференциялар ұйымдастырып тұра-ды. Оны «WEBEX» бағдарламасы бойынша жасайды, яғни, оның тиім-ділігі – кез-келген жерде смартфонмен жиналысқа қатысуға ыңғайлы. Керекті есептерді онлайн «GOOGLE EDUCATION» бағдарламасы бойынша жібереміз. Лицейдің WHATSAPP Hotline номері, INSTAGRAM, FACEBOOK парақшалары бар, осы арқылы лицей жаңалықтарын ата-аналармен де бөлісіп отыруға болады. Тағы бір айта кетерлігі, лицей мұғалімдері мен оқушылары зерттеу жұмыстарын жасайды. Соған көмек ретінде лицейіміз «BRITANNICA» онлайн энциклопедиясына, «BILIMLAND.KZ», «KHANACADEMY», «MIT OPEN COURSE» онлайн курсына жазылған. Сонымен қатар, бізде «Робототехника» үйірмесі бар, ол арқылы оқушылар компьютерлік бағдарламалауды, әртүрлі бағыттағы роботтарды жинау машықтарын игереді. IT саласы бойынша оқушыларға білім беру жақсы жолға қойылған, оның дәлелі – оқушыларымыз облыстық, республикалық және түрлі халықаралық пән олимпиадаларында жүлделі орындарға ие болуы», – деп білім ордаларының заманмен жарыса жетіліп жатқанын жеткізді.

Хош, жағымды жаңалықтарға құлағымыз құшырланып қалды. Еліміздің кез-келген бұрышындағы жас болсын, жасамыс болсын ойын мазалаған сұрақтарға жауа-бын ғаламтор арқылы оңай тауып жатса нұр болмақ. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы арқылы ондай мүмкіндік көп ұзамай «менмұндалайтынына» сенім мол.

 

Алмагүл НҰҒМАН.

 

Қаралды 185 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама