Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 17 Мамыр 2018 12:16

Ауылым – алтын бесігім

Алматы облысы көлеміндегі ауылдық мәдениеттің түбегейлі өзгерісін, мәдени өрлеу мен жаңаша өмір жетістіктерін таныстыру мақсатында Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Ауылым – алтын бесігім» атты ауылдық мәдениет үйлері мен клубтары арасындағы облыстық байқаудың байрақты бәсекесі Еңбекшіқазақ ауданына да жетіп, Бәйдібек би ауылдық мәдениет үйінде өткізілді.

Аудан әкімі Б.Ысқақ пен Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Т.Ғұмаров бастаған қонақтарға аудандық этно-мәдени бірлестіктердің қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдары таныстырылып, өздерінің салт-дәстүрлерін көрсетті. Шара концертпен жалғасып, Бәйдібек би ауылының тарихы мен жетістіктері таныстырылды.

Қорытынды сөз сөйлеген Т.Ғұмаров қазақтармен бірге қоныстанған басқа да этностардың ынтымағына, ауылдың береке-бірлігіне ризалық білдіріп, өнерпаздардың өнеріне жоғары баға берді. Шара Шелек ауылында жалғасын тапты.

 Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ.

 

Шараға аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, мәслихат хатшысы Бекет Ахметов және ҚР Мәдениет қайраткері, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы, байқаудың қазылар алқасының төрағасы Төлеужан Ғұмаров бастаған мәдениет қызметкерлері қатысты. Құрметті қонақтар, ауыл тұрғындары мен жастар алдымен алаңда орналасқан ұйғыр, кәріс, түрік, славян этностарының көрмесін аралап, өнерімен, қолөнерімен және салт-дәстүрімен жақынырақ танысты. Арнайы әзірлеген ұлттық тағамдарынан дәм татты.

Мерекенің негізгі бөлімінде жиылған көпшілікке бейнефильм арқылы Шелек ауылының тарихы та- ныстырылды. Кейіннен, ұйымдастырылған байқау аясында Шелек ауылдық мәдениет үйі өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды. «Қос ішектің бірін тарт та, бірін сәл-сәл кем бұра, нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра». Қос ішекті аспаптың көмейінен төгілген күймен шымылдығы түрілді мерекелік кештің.

Қанат Қағазбеков пен шәкірттері күмбірлеген қара домбыраның үнімен көрерменді серпілтіп тас- тады. Ринат Беков, Айтолқын Саясат, Дәурен Сәрсенбиев, Әсел Рақымжан, Арайлым Айбасова, Ринат Өтепов сынды күміс көмей әншілер әуелете ән салып, «Радуга» би тобы ұйғыр халқының ұлттық биін мың бұрала биледі. «Шабыт», «Әй әжелер» ансамбльдерінің орындауындағы «Көкпар» және «Сәулем-ай» әндері жиылғандардың көңілін жадыратты.

Шелек балалар музыка мектебінің хоры орындаған үш тілдегі «Поппури» және «Жігер» вокалдық-инструменталдық ансамблінің әндері көрерменнің ерекше ризашылығына ие болды. Бір ай бойы ауылдарды аралап келе жатқан әділ-қазылар алқасының атынан шара соңында сөз сөйлеген Төлеужан Ғұмаров аудандағы мәдениет саласы қызметкерлеріне алғысын жеткізе отырып, байқаудың маңызына тоқталып өтті: – «Ауылым – алтын бесігім» байқауы тек концертпен шектелмейді. Негізгі мақсатымыз – бес саусақтай жұмылып, тату-тәтті жарасқан елдің тыныс-тіршілігімен танысу.

Мәдениет үйіндегі үйірмелердің жұмыс атқаруы мен қызметкерлердің жергілікті тұрғындармен қарым-қатынасын бақылау. «Рухы мықты елдің тәжі басында, бағы қасында» – деген Жүсіп Баласағұнның сөзі бар.

Яғни, рух болмаған жерде ұлт та болмайды. Ал сол рухты көтеретіндердің бірі мәдениет қызметкерлері – дей келе шараға арнайы қатысқан аудан басшылығына алғысын жеткізді.

Сардарбек НҰРАДИН.

Read 358 times

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама