Сәрсенбі, 15 Тамыз 2018 15:28

А Д А М Н Ы Ң адамгершілігі ниетінде

Бабаларымыздың айтқан осынау нақылы ғасыр сүрлеуінен өтсе де, құндылығын жоймай келеді, жоймайды да. Себебі, қиындықтан көңілі күйреген, жоқшылық бүйірден түйреген, қысқасы, сананы тұрмыс билеген бүгінгі қоғамда сүрінген жан сүйеуге, жылаған жан жебеуге мұқтаж.  Жақсы ниетті жарым ырыс деп санаған «Елім-ай» қоғамдық қоры «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы шеңберінде «Шын жүректен» ұранымен «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырды.

Қырбалтабай, Ақши округтерінде болып, 1-6 сынып аралығындағы 20 оқушыға жаңа оқу жылына қажетті құрал-саймандары мен сөмкелерін табыс етті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен өткен шарада қор төрағасы Жаңаберген Мұхамедов, «Еңбекшіқазақ» газеті редакторының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы саяси кеңес мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Қайнар Жұмағожа, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Думан Мырзақожа ақ тілектерін ақтарып, сөмкелерін үлестірді. Өз кезегінде Қайнар Жұмағожа-ұлы:

– Тамыз – үздіксіз дайындық  айы. Ең бірінші, ұл-қыздарды жаңа оқу жылына, екінші қыстың қам-қарекетін жасайтын мезгіл. Сондықтан көп отбасыға бұл материалдық тұрғыда ауырлық етері ақиқат. Жыл сайын дәстүр-лі ұйымдастырылатын «Мектепке жол» акциясы биыл да жалғасын тауып отыр. Әрине, бүгінгі акциямыз соның бір жемісі, – дей келе жаңа оқу жылында білімгерлерге табыс-тар тіледі. 

– «Жүзігің алтын болғанша, жүзің жарқын болсын» дейді қазақ. Қазіргі уақытта аудандағы аз қамтылған отбасыларға қол-дан келгенше көмек көрсетуді мақсат етіп отырмыз. Екіншіден, бұл мемлекеттік саясаттың бір тармағы. Осы мақсатта аудан-дық ішкі саясат бөлімі тарапынан арнайы лот та белгіленіп, ұттық. Сондықтан жыл соңына дейін түрлі қайырымдылық шаралардың өтуіне барынша күш жұмсайтын боламыз, – дейді Жаңаберген Мұхамедұлы.

 

Өз тілшіміз.

Қаралды 80 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама