Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 23 Тамыз 2018 12:12

ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНДІ

Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылған күніне орай  Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында арнайы жиын өтті.

Жиын барысында мекеме басшысы Н.Жұрынбаев әріптестерін құттықтап (суретте), алдағы жұмыстарына табыс тіледі. Кәсіби мерекеге орай ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өркендеуіне әрі аудан бюджетінің өсуіне елеулі үлес қосқаны үшін Н.Қожанов, А.Байшыға-шева, С.Мөнкебаева, А.Тұраров секілді қыз-меткерлер аудан әкімі Б.Ысқақтың атынан гра-мотаға ие болды. Ал халық қазынасын толтырып, ел экономикасын жақсарту жолында еңбек етіп, іскерлік қабілеті мен кәсіби біліктілігін көрсеткен О.Есіркегенова, З.Әбдіқасымова, Г.Газа-мова, Я.Насыров, Ж.Тә-жіқожаева, М.Тоққожаев, А.Биханов секілді қыз-меткерлер де тиісті мара-патқа қол жеткізді. Алда еліміздің өркендеп, эконо-микамыздың гүлденуіне еселеп еңбек сіңіреріне сеніміміз мол.

Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ.

Қаралды 126 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама