Бейсенбі, 06 Қыркүйек 2018 11:34

Атадан қалған ас емес!

Арақ – аздырады, абырой əкелмейді десекте кейбір азаматтарымыз ішімдікке əуес-ақ. Бір ғана Достық ауылында 15 дүкен жұмыс істейді. Әрине дүкен болған соң арақ пен темекі сатылады. Кейбір дүкендеріміз сол арақты ұялы телефон, жеке куəлік, айлық жалақыларына қарызға береді. Содан соң үйінде ұрыс-керіс, жанжал       туындайды. Тіпті, ажырасып жатқан отбасыларын көре тұра дүкендеріміз арақты сатуды тоқтатпайды. Сол дүкеншілер арақ бермес бұрын кішікене ойланса, мүмкін кейбір келеңсіз жағдайлар болмас па еді?! Мұхаммед Пайғамбарымыздың хадистерінде: «Арақ, ішімдіктен сақтаныңыздар, өйткені, ол – жамандықтың кілті» дейді. Баспасөз беттерінде,  телеарналарда каншама қайғылы оқиғалар көрсетіліп, жазылып жатса да арақты тоқтатудың жолы табылған жоқ. Айтпағым, ауылымыздағы 15 дүкеннің біреуі ғана арақ, темекі сатпайды. «Неге сіз арақ, темекі сатпайсыз» деген сұрағыма дүкен сатушысы Мәсім Махпиров деген орта жастағы азамат: «Мен арам ақшамен емес адал еңбегіммен отбасымды асырап отырмын. Аллаға шүкір, бəрі де жетеді, ешкімнен кем емеспін. Арақ сатып күнəға батқым келмейді» деді ол өз сөзінде.  Арақ – атамыздан қалған ас емес! Биыл маусымда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назар-баев алкогольді ішімдіктерді кешкі сағат 9-дан түскі сағат 12-ге дейін кафе, бар және мейрамханалардан басқа орындарда сатуға тыйым салған заңға қол қойды. Бұл заң балабақша, мектеп, білім беру және денсаулық сақтау, дене шынықтыру және сауықтыру, спорт және спорттық техникалық мекемелер, стадион, жанармай станциясы ғима-раттары мен аумақтарында алкогольді ішімдік сатуға тыйым салып, тәртіп бұзғандардың жазасын ауырлатады. Арақ саудасына осы заң арқылы тоқтау сала алсақ нұр үстіне нұр болар еді.

Ұлжалғас Бұрынбаева,

Достық ауылы.

 

Қаралды 63 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама