Күндер бойынша реттелген элементтер: Бейсенбі, 08 Тамыз 2019

Туған күнім еді. Анам сол күні сөмкесінен ішінде осы зат жатқан бір қалташа алып шықты.Ол кезде қаншада екенім есімде жоқ, дегенмен дәл сол сәтөмір бойы есімде қалды.Қыз бала болғандықтан басқа қыздар сияқты мен де бала кезімнен-ақ шашты әсемдеуге ерекше мән бердім. Шашым ұзын, әрі қалың еді. Студенттік шағымда осындай шаш түйреуіштерінен біразын жинаппын. Әлі күнге дейін әсемдіктің белгісіндей шаш түйреуіштердісатып алу әдеті қалғандықтан, енді қазірқыздарыма алып беремін. Әрбір адам күнделікті тұрмысында пайдаланатын түрлі бұйымдарға ие болса да, олардың ішінде тек біреуі ғана жанына жақын болып келеді.Өміріміздің әркезеңінде ол сүйікті заттарымыздың мәні өзгеріп отыру мүмкін. Дегенмен дәл осы бұйым менің өмір бойы сүйікті затым болып келеді. Осындай жаныма жақын бұйымды мен осы қорық-музейден таптым. Өкінішке қарай, бұл жәдігер туралы оның қола шаш түйреуіш екені және ол кездейсоқ олжа ретінде қорық-музейдің қорына сатып алу арқылы түскені туралы ғана дерек бар екен. Зерттеушілердің айтуына қарағанда қола шаш түйреуіш Х-ХІІ ғасырларға жатады. Ұзындығы – 18 см, қоладан тұтастай құйылып, ұшы доғалдана жасалған. Екінші басында дөңес келген, үстіне қола түйіршіктер дәнекерленген үш жолақ бар. Шаш түйреуіштің салмақты екені түрінен-ақ көрініп тұр. Онытек сәндік бұйым ғана емес, сонымен қатар, қорғаныс құралы ретінде де пайдаланған сияқты.

Шаш түйреуіш туралы фактілер(интернет материалдары негізінде).

Шаш түйреуішті алғаш рет кім, қашан ойлап тапқанын дәл басып айту қиын. Алайда, шашқа арналған әшекейлердің ішінде шаш түйреуіштің кейінірек шыққаны анық. Шаш түйреуіштер алғаш рет б.з.д. VI ғ. пайда болды деп есептеледі. Ежелгі Ассирия мен Египеттешашты сәндейтін түйреуіштер қолданылғаны мәлім.

Ал ежелгі Қытайда әйелдер де, ерлер де шаштарын кеспеген. Олар шаштарын түйіп, шаш түйреуішпен бекіткен. Неолит дәуірінде-ақ әйелдер сүйек пен ағаштан жасалған шаш түйреуіштерді қолдана бастады. Басқа да мәдениеттердегідей, шашта сиқырлы күш болғандықтан ол өмір қуатының қоры деп санаған.Нефритқытайлықтардың ең сүйікті тасы болғандықтан бұл тастан жасалған шаш түйреуіштер қытайлық ақсүйектердің қалыңдық жасауының міндетті бөлігі болды, сонымен қатар, сүйіктілеріне сыйлық ретінде сыйланды, көңілі жарасқан жандар бір-бірінің шаш түйреуіштерімен алмасты. Шаш түйреуіштер феникс, пион және айдаһар бейнесінде алтыннан, асыл тастардан, фарфордан және кораллдан, піл сүйегінен жасалған. Оның салпыншақтармен, алтын гүлдермен, тарақпен де безендірілген көптеген түрлері болды. Қайта өрлеу дәуірінде осы шаш түйреуіштер ең бағалы сыйлық болып есептелді. Олар піл сүйегінен, ағаштан және түрлі асыл тастармен безендірілді.

Жапонияда Х ғасырда шаш түйреуіш ерлердің жеке заттарының бір бөлігі болды. Шаш түйреуішті жапондықтар тек шашты сәндейтін, түзейтін құрал ретінде ғана емес, құпия қару ретінде де қолданды.Аңызға айналған ниндзялар ұзындығы 20 см болатын, өткір ұшты шаш түйреуіштерін қолданса, Жапонияның қалған азаматтары шашты сәндейтін әшекейлер ретінде пайдаланды.

Есте жоқ ерте заманның өзінде-ақ адамдар әшекейлерді жасап, оны пайдаланғанын археологиялық қазбалар дәлелдеп отыр. Ертедегі мәдениет өкілдерінің басым бөлігінде мәдениеттерде әшекейлер тек қана сәндік бұйым емес, бір-бірінің қай тайпадан екенін, діни наным-сенімдерін, отбасылық дәрежесін, мәдени әдет-ғұрыптарын айыра алатын.

 *****

Она (моя мама) достала с сумки маленький пакетик (на день рождения), в котором была эта вещь. Этот момент запомнился мне на всю жизнь, не помню сколько мне было лет тогда. Привычка украшать волосы заколками у меня, как и у всех девочек,появилась в детстве. Волосы были длинные и густые. В студенческие годы была уже целая коллекция заколок и шпилек для волос. По сей день привычка покупать красивые шпильки и заколки осталась, теперь уже я покупаю их своим девочкам. У каждого человека есть множество различных вещей, которые его окружают каждый день, но только одна из них является любимой. В разные периоды нашей жизни любимыми бывают разные вещи. У меня она не меняется на протяжении всей моей жизни. Такой близкий мне предмет я нашла в экспозиции заповедника-музея. К сожалению, о нем известно мало — только, то, что этабронзовая шпилька для волос — случайная находка и поступила в фонд путем закупа. Ученые предполагают, что шпилька датируется Х-ХІІ вв. Сделана из бронзы в технике литья, с выпуклым кончиком, длина 18 см. Имеет на втором конце поперечное сечение в виде трех полос, на которых приварены бусинки. По весу и по виду шпилька массивная, скорее всего использовалась не только для красоты,но и для самозащиты.

 

Немного о фактов о шпильках(по материалам интернета).

Кто и когда изобрел первую заколку для волос, сказать сложно. Однако, самым молодым атрибутом среди заколок считается шпилька.Появление шпилек для волос датируется приблизительно VIв до н.э. Шпильки существовали уже в древней Ассирии и Египте, где ими украшались причёски.

А в древнем Китае и женщины, и мужчины не стригли волосы. Они собирали их в узел и закалывали шпильками. Еще в эпоху неолита, женщины стали использовать костяные и деревянные шпильки. Как и в других культурах, волосам приписывали магическую силу, а значит и запас жизненной энергии. Нефрит был самым любимым камнем китайцев, поэтому шпильки из этого камня являлись обязательной составляющей приданого невест китайской знати, шпильки дарили возлюбленным, шпильками обменивались любовники. Шпильки делались из золота, драгоценных камней, фарфора и коралла, слоновой кости, в виде феникса, пиона и дракона. Существовало большое количество модификаций: шпильки с подвесками, с золотыми цветами, заколки для волос с гребешком.В эпоху Возрождения все без исключения считали самым лучшим подарком именно шпильку. Их изготавливали из слоновой кости и дорогих пород дерева и украшали драгоценными камнями.

В Японии в X веке к шпилькам относились по-другому — они были частью мужского туалета. Использовалась шпилька и в качестве секретного оружия, и для выполнения и фиксации причесок. Легендарные ниндзя использовали набор аксессуаров со шпильками длиной 20 см с хорошо заточенным острием. А остальные граждане Японии использовали шпильки как украшения для волос.

Археологические раскопки подтверждают, что даже в самые дальние времена людисоздавали и носили украшения. И в подавляющем большинстве культур, украшения эти были не просто чем-то симпатичным, они помогалиразличать родовую принадлежность, религиозные обычаи, семейный статус, культурные обычаи друг друга.

 

 

Ғылыми қызметкер, Phd докторы

Султаниярова Анар Жұмабайқызы әңгімелейді

 

Рассказывает научный сотрудник, доктор Phd

Султаниярова Анар Жумабаевна

 

 

Published in Тарих

Шығармашыл оқушылар арасындағы

«АЗАТТЫҚ РУХЫ – АЛТЫН АДАМ» республикалық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі РМҚК-нің ұйымдастыруымен «Азаттық рухы – Алтын адам» атты әдеби-тарихи республикалық байқауы өткізіледі.
Байқаудың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу, бабалар аманат етіп қалдырған қасиетті атамекеннің тарихын, мәдениетін тануға ықпал ету.
Байқау номинациялары: 
• «Азаттық рухы – Алтын адам» тақырыбына сурет салу;
• «Азаттық рухы – Алтын адам» тақырыбына ертегі немесе шығарма жазу;
• «Азаттық рухы – Алтын адам» тақырыбына өлең жазу. 
Байқаудың шарттары: 
Байқауға 8 бен 16 жас аралығындағы оқушы балалар үш топ бойынша қатыса алады: 
- (8-10 жас) – кіші топ;
- (11-13 жас) – орта топ;
- (14-16 жас) – жоғарғы топ.
Байқауға қатысу үшін өтінімді көрсетілген электронды мекенжайға жолдау керек This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Әдеби туындылар мен шығармалар электронды мекенжайға өтініммен бірге жолдануы тиіс. Шығармаларға қойылатын талаптар: Times New Roman шрифті, 14 кегль, беттің сол жағынан – 3 см, жоғары және төменгі жағынан – 2 см, оң жағынан – 1,5 см, жол арасы – бір интервал, көлемі 3 беттен аспауы керек.
Өлең жазу (поэзия) номинациясы бойынша байқауға қатысушы тақырыпқа сай бір өлең, еркін тақырыпта бір өлең жолдауы қажет. 
Сурет салу номинациясы бойынша жұмыстар А3 көлемде Қазпошта арқылы музейдің мекенжайына жолдануы керек.
Байқауға қатысушылардың жетекшілері «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің әлеуметтік желілердегі парақшаларына тіркелуі құпталады. 
- Instagram: https://www.instagram.com/issykmuseum/
- Facebook: https://www.facebook.com/issykreservemuseum/

Жұмыстар мен байқауға қатысу өтінімдері 2019 жылдың 1 шілдесі мен 11 қыркүйегі аралығында қабылданып, жеңімпаздардың есімі 16 қыркүйек күні жарияланады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінің күні мен орны қосымша хабарланатын болады.

Әр номинация бойынша әр топтан тек қана бір жеңімпаз анықталады. Жеңімпаздар арнайы дипломмен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Байқау қорытындысы туралы 2019 жылдың 16 қыркүйегінде қорық-музейдің сайтында және еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде жарияланады. Байқау турасында толық ақпаратты қорық-музейдің www.issykrm.kz сайтынан біле аласыздар. Үздік жұмыстар қорық-музейдің ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады. Қатысушылардың жетекшілері арнайы қорық-музейдің алғыс хатымен марапатталады.

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің мекенжайы: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат ауылдық округі, Өрікті ауылы, Есік-Александровка тас жолы, 6,6 шақырым, құрылыс 2. Индекс: 040400
Байланыс телефондары: +7 (727) 306-91-30, +7 707 166 44 39.
Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Өтініш беру үлгісі

Қатысушының тегі, аты-жөні:
Жетекшісінің тегі, аты-жөні: 
Конкурсқа қатысу тілі (қазақша, орысша): 
Мекенжайы: (Облыс, аудан, қала, көшесі, индексі) 
Мектеп, сынып (толық атауы): 
Жасы: 
Байланыс телефоны: 
Электронды мекенжайы:

Ескерту! Өтінім электронды нұсқаcында қатесіз жіберілуі керек. Марапат қағаздары қатысушының өтінімде көрсеткен мәліметтері бойынша толтырылады. Қате толтырылғаны үшін ұйымдастырушылар жауап бермейді. Мұқият болыңыз! Байқауға жолданған жұмыстар кері қайтарылмайды!

 

 ПРАВИЛА КОНКУРСА «ДУХ НЕЗАВИСИМОСТИ – ЗОЛОТОЙ ЧЕЛОВЕК»

 

Министерство культуры и спорта Республики Казахстан и Государственный историко-культурный заповедник-музей «Иссык» проводят республиканский литературно-исторический конкурс «Символ независимости – Золотой человек».
Цель конкурса – воспитание подрастающего поколения в патриотическом духе на примере деяний наших предков, которые сформировали цивилизацию великих степей. 
Номинации конкурса: 
• Рисунок на тему «Символ Независимости – Золотой человек»;
• Сказка или сочинение на тему «Символ Независимости – Золотой человек»;
• Стихотворение на тему «Символ Независимости – Золотой человек».
Условия конкурса 
В конкурсе могут принять участие учащиеся в возрасте от 8 до 16 лет трех возрастных групп:
- (8-10 лет) – младшая группа;
- (11-13 лет) – средняя группа;
- (14-16 лет) – старшая группа.
Заявки на участие в конкурсе необходимо отправить по адресу This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Работы литературных номинаций также отправляются на электронную почту вместе с заявкой. Требования к текстам: шрифт Times New Roman, кегль 14, разметка страницы: слева – 3 см, справа – 1,5 см, верхняя и нижняя – 2 см, интервал-одинарный, объем – не более 3 страниц.
В номинации «стихотворение» необходимо представить два стихотворения – одно по теме конкурса, другое – на свободную тему.
Работы в номинации «рисунок» должны быть выполнены в формате А3 и отправлены на адрес заповедника-музея через Казпочту.
Каждому руководителю необходимо подписаться на страницы заповедника-музея в социальных сетях:
- Instagram: https://www.instagram.com/issykmuseum/
- Facebook: https://www.facebook.com/issykreservemuseum/

Заявки и работы будут приниматься с 1 июля по 11 сентября 2019 года, победители конкурса будут объявлены 16 сентября 2019 года. Время и место проведения церемонии награждения победителей будет объявлено дополнительно.

В каждой номинации будет определен только один победитель в каждой возрастной группе. Победители будут награждены денежными призами и дипломами. 
Результаты конкурса будут опубликованы 16 сентября 2019 года на сайте заповедника-музея и в средствах массовой информации. Информацию о конкурсе можно найти на официальном сайте заповедника-музея www.issykrm.kz. Лучшие работы будут опубликованы на официальном сайте и страницах заповедника-музея в социальных сетях. Всем учителям, указанным в качестве руководителей заявок, будут выданы благодарственные письма участника конкурса.

Адрес государственного историко-культурного заповедника-музея «Иссык»:
Алматинская область, Енбекшиказахский район, Рахатский сельский округ, село Орикти, трасса Есик-Александровка 6,6 км, строение 2. Индекс: 040400
Контактные телефоны: +7 (727) 306-91-30, +7 707 166 4439
Электронная почта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Форма заявки

Ф.И.О. участника: 
Ф.И.О. педагога-руководителя: 
Язык заявки (казахский, русский): 
Адрес: Область, город, район, улица, индекс 
Школа, класс: 
Возраст:
Контактные телефоны: 
Электронный адрес:

Внимание! Заявка в электронной версии должна быть представлена без ошибок. Дипломы заполняются, исходя из предоставленной информации в заявке участника. Будьте внимательны! Работы участников не рецензируются и не возвращаются!

Published in Жарнама
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет