Отты жырдың қызыл жолбарысы Жамбыл мен сұлу сөздің сардары Тұманбай ақынға көне Сақтың астанасынан ескерткіш қойылды. Анығын айтсақ, атқамінерлеріміз қос ақынын тұғырына қондырды, сөйтіп алаш жұртының ақ батасын арқалап, руханиятқа басқан қадамды оң қылды. Тірісінде-ақ, «Бір ескерткіш тұрғыздым мен өзіме» деп кестелі сөз, орамды ойымен ұлт жүрегіне тұғыр орнатқан жерлесіміз Тұмағаңның есімі де аудандық мәдениет үйіне берілді. Сонымен не керек, бұл күні әуезді ән көгімізден нұр болып төгілді, жас ақындардың еркін үні өлең болып өрілді. Жастар саябағының кіре-берісінде Жамбыл, аудандық мәдениет үйінің алаңында Тұмаш ақын «тұғырға қонды» дегенді естіген алаш зиялыларын Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Нұрлан Оразалин бастап келсе, Алматы…
Жексенбі, 22 Қазан 2017 13:08

Ұлттық мәдениет – рухани болмыс

Қазақ халқының көнерген ұлттық аспаптарын таныстыру, насихаттау, балалар шығармашылығын дамыту мақсатында «Қазақ халқының көнерген аспаптары мен би өнері» атты байқау өтті жақында. Бәйдібек би мәдениет үйінде шымылдығы түрілген шараны «Елім-ай» қоғамдық қоры және аудандық мәдениет үйі ұйымдастырды. Аудандық ішкі саясат бөлімі қолдау білдірді. Иә, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақ-қа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «...Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды» деген еді. Ал рухани тамырымыз ол біздің ана тіліміз, мәуелі мәдениетіміз, ұлттық салт-дәстүріміз. Осыны темірқазық етіп, тарихи соқпақта сүрленіп қалған құндылықтарымызды қозғауға күш салған қордың бұл үшінші шарасы. Бастапқыда облыстық деңгейде айтыс ұйымдастырса, ауданымызда жыршылық өнерді…
Сейсенбі, 15 Тамыз 2017 22:10

Көрме өтті

Деструктивті діни ағымдар белең алған уақытта, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, адасушыларды дұрыс жолға тарту – ең негізгі міндет. Осы орайда, жақында облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Есік қаласындағы Жамбыл атындағы жастар саябағында «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» атты сурет көрмесі өтті. Шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары діни тақырыпта салыған сурет туындыларын тамашалады. Сондай-ақ, «OPENAIR» форматында «Мұны білгеніңіз жөн» тақырыбында аудан орталығының халық көп шоғырланатын орындарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті. Түсіндіру барысында қарапайым тұрғындар дін мамандарына сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Сардарбек НҰРАДИН.
Легендарный оперный певец и дирижер Пласидо Доминго посетил ЭКСПО-2017. Короля оперы и его семью поприветствовал сам глава национальной компании Ахметжан Есимов, после чего мегазвезда направилась на гольфкаре к главному павильону ЭКСПО – «Нур-Алем». Первым делом звезда мировой величины расписалась в книге почетных гостей и написала свои пожелания. «Какой впечатляющий, изумительный и волшебный павильон! Выставка запомнится, как одна из величайших в истории ЭКСПО! Поздравляю!», – написал маэстро. Сразу же после этого золотой голос Испании зашел в юрту, где ему показали энергию четырех стихий. Там же ему продемонстрировали волшебное звучание кобыза. Напомним, что в столицу Казахстана Пласидо Доминго прибыл со всей своей…
Сенбі, 29 Шілде 2017 01:14

Талант тас жарады...

Адамның рухани байлығы мәдениет болса, мәдениет үйі сол байлықтың кені. Нұра ауылының мәдениет үйінде өнердің өзегі саналатын өлең сайысына жан-жақты дайындық жасап, қонақтарын қошеметпен қарсы алды.Аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бо-йынша «Еңбекшіқазақ аудандық әйелдер одағы» қоғамдық қорының қолдауымен, аудандық жастар ресурстық орталығы мен Сөгеті ауылдық округінің ұйымдастыруымен «Елбасы және Астана» атты жас ақындар мүшәйрасы өтті. 31 жыл мәдениет үйін басқарып жүрген тәжірибелі директор Дәулет Тұрғанбаев бастап, осы өнер ошағында біте қайнасқан кітапхана, музей қызметкерлері қостап, бұл шараға тыңғылықты дайындалыпты. Қазақы нақыштағы ою-өрнекпен әшекейленген сахна төріне жыр сайысының тақырыбы ілініп, «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» және «Өнегелі өнер» деген тақырыпқа сай…
Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне Жетісу өңірінің шеберлері қатысып, «Шығыс базары» этноауылында «Қазақтың қолөнері – төл өнері» көрмесін өткізіп жатыр. Жетісу өңірінде гобелен, зергерлік өнер, керамика, кесте тігу, киіз басу, ағаш, металл, тері, сүйек сынды материалдармен жұмыс істеу жан-жақты дамып келеді. Келуші қонақтар жоғарыда аталған дүниелердің жасалу барысын да тамашалай алады.Бұл өнер салаларымен айналысып жүрген шеберлердің еркін шығармашылық ізденіс, көркем идеяларды жүзеге асыру мақсатында шынайы шексіз мүмкіншіліктер жинағанын көреміз. ЭКСПО-ның басты мақсаты – «Болашақ энергиясы» тұжырымдамасын талқылау болса, шеберлер көрмесінің мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық өнерін әлемге таныстыру болып табылады.Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін ЭКСПО-2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор демекпін. Себебі, бұл…
Астанада сейсенбі күні «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі аясында Алматы облысы Мәдениет күндерінің ашылу салтанаты өтті. Арқа төріндегі ауқымды шараға облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ, Астана қаласының әкімі Әсет ИСЕКЕШЕВ, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, сондай-ақ, «Астана ЭКСПО – 2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан ЕСІМОВ қатысты. Жетісудың өнерін паш еткен шара «Қазақстан» орталық концерт залында ұйымдастырылды. Зал облыстың өнерін тамаша-лауға келген көрерменге лық толды. Сүйінбай атындағы облыстық филармония өнерпаздары мен «Алатау әуендері» шығармашылық ұжымы астаналықтарды ерекше әсерге бөледі. «Жетісу – жұмақ мекені» деп аталған концерттің шымылдығы әйгілі сазгер Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсымен түрілді. Концерт М.…
Бейсенбі, 01 Маусым 2017 11:15

Көңілдің гүлі, көздің нұры!

Округ әкімінің орынбасары Мәди Бектасов алаңға жиналған жұртты ел болашағы балалар күнімен құттықтап, қамқоршысынан айырылған, мүмкіндігі шектеулі, жағдайлары нашар отбасылар-дың балаларына балмұздақ, түрлі тәттілер таратты. Өнерлі бүлдіршіндердің әр ұлт тілінде ән айтып, биленген билері тамашаланды. Баршамызды бал тілімен баурайтын, Бала деген бір бақыт қой жайнайтын. Ата-ананың арманы мен тілегін, Бала емес пе бал-бұлақ боп жалғайтын, – демекші, «Бәйтерек» балабақшасы педагогтары мен бүлдіршіндерінің осы мерекеге орай бір жылдық шығармашылық концерті болды. Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ тәрбиелеу десек, сол тәрбие мен білімнің қандай деңгейде екені осы шарада көрініс тапты. Бүлдіршіндер балабақшада алған тәлімі мен үйренген өнерін тамашалатты. Бал тілімен…
Шебердің қолы ортақ Өзі түйін түймеген, Зат қадірін біле ме? Өзі түсіп күймеген, От қадірін біле ме? Ағаш жонып көрмеген, Шот қадірін біле ме? – деп танымал шебер, марқұм Дәркенбай Шоқпарұлы айт-пақшы, қолынан іс келмейтін адамдар заттың да, оттың да, шоттың да қадірін білмейтіні анық. Ал, Ақтоған ауылының тұрғыны Ақберген Шубаев осы үшеуінің де қадірін біліп, одан үйлестіріп, алуан түрлі кәдесыйлар, басқа да дүниелер жасап жүрген қас шебердің өзі. Бабалар қашап кеткені, Тарихтың көне беттері. Тайсалмай тағдыр тезіне, Сарғайып бізге жеткені, – деп Ақберген Батырханұлы жырлағандай, бабалардан қалған өнерді жалғастырып, ағаштан ою ойып, темірден түйін түйіп жүрген азамат. Біз керексіз…
Жексенбі, 18 Маусым 2017 16:40

Халықаралық көрменің ашылуы өтті

Биылғы жылдың 9-10 маусымы Қазақстан тарихында алтын әріптермен жазылады. Дәл сол күні елімізде тұңғыш рет с орталығында өткен кеш барысында мультимедиялық шоу көрсетіліп, елорда халқы мен қонақтарын тамсандырды. Концерттік бахалықаралық көрменің тұсауы кесілді. Ашылу салтанатына 17 мемлекеттің басшылары келді. Конгресғдарламада бас-аяғы 300 өнерпаз өнер көрсетті. Қойылымда кинетикалық декорация, жарықдиодты экран, трекингі бар проекторлық жүйе мен қашықтықтан басқарылатын дрон сынды соңғы үлгідегі сахналық инновациялық технологиялар қолданылды. Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев барша жұртты көрменің ашылуымен құттықтады. Елбасы 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысқан ЭКСПО көрмесін Қазақстанның ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасынан бірінші болып өткізіп отырғанын атап өтті. –…
Page 1 of 2
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама