Сейсенбі, 15 Тамыз 2017 22:10

Көрме өтті

Деструктивті діни ағымдар белең алған уақытта, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, адасушыларды дұрыс жолға тарту – ең негізгі міндет. Осы орайда, жақында облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Есік қаласындағы Жамбыл атындағы жастар саябағында «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» атты сурет көрмесі өтті.

Шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары діни тақырыпта салыған сурет туындыларын тамашалады. Сондай-ақ, «OPENAIR» форматында «Мұны білгеніңіз жөн» тақырыбында аудан орталығының халық көп шоғырланатын орындарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті. Түсіндіру барысында қарапайым тұрғындар дін мамандарына сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

Сардарбек НҰРАДИН.

 

Қаралды 157 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама