Ресми тіркелмей, өз-өзін жұмыспен қамтығандар саны жетерлік елімізде. Әлбетте, табысы көрсетілмегендіктен, зейнетақы мен қосымша салықтары жүйеде жоқ. Тіпті, медициналық сақтандыру қорына да қаржы түспейді. Бұл өз кезегінде уақыты келгенде медициналық көмекті де, тиісті зейнетақысын да ала алмайды деген сөз. Енді шегінерге жер жоқ, себебі, келесі жылдан бастап бұл жүйе нақты іске аса бастайды. Қазір пилоттық жоба ретінде елімізде жүргізілуде. Ол үшін мемлекеттен бірыңғай жиынтық төлем енгізілді. Демек, әрбір өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар айына 1262,5 теңге шотқа салса болғаны. Ол қаражат төртке бөлінеді. Толығырақ, аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Берік Иманбаевпен жүргізілген сұхбатта. – Құрметті Берік Әділжанұлы, бірыңғай жиынтық төлемнің басымдықтарын…
Бейсенбі, 14 Наурыз 2019 19:56

Күн тәртібінде – баспана мәселесі

Қай заманда болсын баспана мәселесі қоғамның күн тәртібінен түскен емес. Әсіресе, қазіргі уақытта қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтуға мемлекет баса назар аударуда. Осы орайда Елбасы «7-20-25» бағдарламасын қабылдап, бюджеттік сала өкілдеріне түрлі жеңілдіктер қарастыруда. Жақында аталған бағдарламаны түсіндіру мақсатында Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінде аудандағы бюджеттік сала қызметкерлерімен кездесу өтті. Шараны жүргізіп отырған аудан әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Құдайбергенов жиылғандарға аталған бағдарламаны жіті түсіндіріп өтті: – Тиімді бағдарлама аясында берілетін несиенің жылдық үстемақысы жылына небәрі 7 пайызды құрамақ. Бұл – инфляцияның көрсеткіші. Сонымен қатар, баспаналы болғысы келетіндерге несие 25 жылға дейін беріледі. Аты айтып тұрғандай алғашқы жарна үй құнының 20 пайызы ғана.…
Бейсенбі, 14 Наурыз 2019 19:37

Парасыз ел – гүлденген ел

Жақында ауданымызға ҚР мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин мен аталған агенттік жанындағы арнайы мониторинг тобының мүшесі Ырза Тұрсынзада келіп, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, қабылдау өткізді. Аудан әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Құдайбергенов пен партияның аудан филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев бастаған агенттік өкілдерінің сапары аудандық «Нұр Отан» партиясынан басталды. Партияның қабылдау бөлімінде азаматтарымыздың арыз-шағымдарын тыңдап, кеңестер берді. Кейіннен, Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде болып, студенттер мен оқытушылардың өнер туындысын тамашалады, мұражайын аралады. Сондай-ақ, колледж студенттерімен кездесті. Кездесу барысында Арман Бердалин тағылымды әңгіменің тізгінін ағытып, жастарға ақыл-кеңесін берді: – «Мен әлі жаспын, студентпін, жемқорлықпен күресетін…
Бейсенбі, 07 Наурыз 2019 17:55

Баспаналы болудың таптырмас жолы

«Мен өркендеген Қазақстан – ең алдымен мемлекеті өзін қорғап, қолдайтынын, қамқорлық жасайтынын сезінетін, тиісінше елін жан жүрегімен сүйетін, өздеріне сенімді адамдар деп санаймын. Сол себепті, біз бүгін жаңа, ауқымды әлеуметтік жобаларға жол ашамыз. Біз соңғы жылдары қазақстандықтардың баспана алу мүмкіндіктерін кеңейту үшін көп нәрсе жасадық. 2017 жылы 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл рекордтық көрсеткіш. Дегенмен, оның өзі жеткіліксіз, әлі күнге дейін көптеген отбасы баспанасыз жүр. Бұл – айрықша әлеуметтік маңызы бар мәселе. Жұмыс істейтін әрбір адам несиеге пәтер сатып алып, оны отбасылық бюджетінің мүмкіндіктері аясында төлей алатындай болуы үшін арзан ресурстар ұсынатын тетіктер қажет. Сондықтан мен…
Сәрсенбі, 27 Ақпан 2019 20:57

Инвесторлар бас қосты

Жақында аудан әкімдігінің жиын залында жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен ауданымыздағы инвесторлармен кездесу өтті. Жиынға орталық директоры Берік Иманбаев, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрболат Серғали және инвесторлық компаниялардың басшылары мен өкілдері қатысты. Берік Иманбаев жиынға қатысқан кәсіпкерлерге «Еңбек» бағдарламасын түсіндіріп өтті. Кейіннен, орталық қызметкері аталған бағдарлама бойынша қанша пайызбен несие алуға болатындығын, сонымен қатар, оған кімдер қатыса алатындығы жөнінде толығырақ ақпарат берді. Бүгінде ауданымыздағы ең ірі инвесторлық жобалардың бірі – Сөгеті жеріндегі вольфрам тау-кен комбинаты. Инвестициялық құны 95 млрд теңге болатын комбинаттың құрылысы биыл басталуы тиіс. Осыны айтқан Берік Әділжанұлы жұмыспен қамту орталығы 3 ай мерзім ішінде құрылысшы мамандарды оқытып, дайындап беретіндігін…
Сәрсенбі, 27 Ақпан 2019 20:23

Үкіметтегі өзгерістер

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісі бюросының отырысына қатысып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын талқылауға ұсынды. – Бұрынғы Үкімет отставкаға кетті. Осыған байланысты сіздерге жаңа Премьер-Министр Асқар Маминның кандидатурасын ұсынып отырмын. Оның мол тәжірибесі бар. Қала әкімі, көлік министрі, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болды. Оның жетекшілігімен әсіресе, инфрақұрылымды дамыту саласында көп жұмыс атқарылды, – деді Қазақстан Президенті. Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілері мен комитеттер төрағалары ұсынысты қолдады. Сөйтіп, Президент Жарлығымен Асқар Ұзақбайұлы Мамин Қазақстан Рес-публикасы Премьер-Министрі қызметіне тағайындалды. Сондай-ақ, Елбасы Жарлығымен Г.Әбдіқалықова – Премьер-Министр орынбасары, Б.Сапарбаев – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, С.Омаров – Ауылшаруашылығы министрі, Р.Скляр…
Кедей бай болсам, бай құдай болсам деп армандаған заман деуші еді бұрынғылар. Бала кезімізде астарлы сөздің байыбына бармай, таңданушы ек. Әлбетте, бала-шағаның қамы деп жарғақ құлағы жастыққа тимеген, алған азғантай теңгесі азық-түліктен артылмай әбігер болған отандасты көргенде от кеудең су сепкендей болары ақиқат. Қымбатшылық бүйірден қысып, әлеуметтік теңсіздік кеудесінен басқанда қан құсуға шақ жүргендер қаншама? Тәуелсіздік таңында үй қожайынына тәуелді болғандар саны шексіз. Тағдыр тауқыметімен таршылық тартып жүргендер саны да шетсіз. Бұл әлі де болса зерделеуді талап етеді. Осы ретте аудан әкімдігінің мәжіліс залында бөлім мекеме басшыларының, округ әкімдерінің қатысуымен кеңейтілген аппарат отырысы өтті. Аудан әкімі Бинәлі Ысқақ жүргізген жиында…
Сәрсенбі, 27 Ақпан 2019 19:31

Сенімді ақтаймыз!

27 ақпан 2019 жылы Елордамызда «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVІІІ Съезі өтіп жатыр. Съезд барысында партия төрағасы Н.Ә.Назарбаев үкіметке бірқатар нақты тапсырмалар берді. Соның ішінде қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен 70 пайызға дейін арттыруды тапсырды. Сонымен қатар, көпбалалы отбасындағы әр балаға берілетін жеке әлеуметтік көмек көлемін кем дегенде 21 мың теңгеге дейін көтерілуі және "Тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында тұрғын-үй құрылыс жинақ банкімен бірлесе отырып, екі пайыздық мөлшермен ипотекалық бағдарлама әзірлеуді Елбасы үкіметке тапсырды. Өз ойым мемлекетіміздегі әлеуметтік сала басты назарда екендігі бүгінгі өткен съезде айқындалды. Біз…
Изменения и дополнения в Налоговом кодексе РК, введенные в 2019 году, касаются в первую очередь бизнеса, но отдельные пункты затрагивают и рядовых налогоплательщиков. На семинаре, организованном 19 февраля 2019 г. районным управлением государственных доходов, перед предпринимателями выступили руководитель УГД района Нуржан Журынбаев, представители департамента государственных доходов Алматинской области: руководители управлений ДГД Нагипа Абдуллина, Габит Оразов, главные специалисты Санжар Иманкулов, Данияр Атимов, Шугыла Калибекова, Салтанат Алдибекова. Нагипа Абдуллина рассказала о критериях системы управления рисками, на основе которой осуществляется дифференцированное применение форм налогового контроля. Высокая степень риска в деятельности бизнеса неминуемо приведет к включению предприятия в план проверок управления по госдоходам. Низкая…
«Круглый стол» по вопросам досудебного урегулирования гражданских споров и применения IT-технологий состоялся 15 февраля в Енбекшиказахском районном суде. Председатель районного суда Азамат Абдраимов пригласил представителей прокуратуры, нотариусов, адвокатов, судебных исполнителей, медиаторов для обсуждения более активного внедрения методов внесудебного разрешения споров, таких как медиация. Институт медиативного соглашения способствует быстрому разрешению дел, минимизирует судебные расходы сторон, помогает достичь обоюдной выгоды. Он обратился к участникам «круглого стола» с просьбой вести разъяснительную работу среди населения о преимуществах досудебного и внесудебного урегулирования споров перед обычным судебным процессом. Темами «круглого стола» также были развитие института семейного суда и цифровизация судебных процедур. Уже работают цифровые «Судебные кабинеты».…
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет