Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Дүйсенбі, 08 Қазан 2018 16:47

ҚР Президентінің Жолдауына қолдау

Жастар –  алып күш

 

«Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығы», «Жас Отан» ЖҚ аудандық филиалы Елбасының Қазақстан халқына кезекті Жолдауын теледидардан «Тікелей эфирден» көріп таныстық. Жолдау барысында Елбасы елімізді өркендетуге бағытталған  жұмыстарға баса мән беріп, дамушы елдердің қатарына қосылатын жаңа мақсат – міндеттерді ұсынды.

Бұл – егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған құнды құжат деп білеміз. 

Жастар – қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Олар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері. Еліміздегі жастар мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Олардың жаңа белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Ал жаңа идея қазақ елінің жаңаруына бағыт алып, «Мәңгілік ел» болуына нық қадам бастайды. Тек бізде ғана емес, әлем жұртшылығы жастардың алып күш иесі екендігін мойындап, олармен санасады.

Осы орайда, мән беріп, ауыз толтырып айта кететіні – Елбасының жастарды қолдап, 2019 жылды «Жастар жылы» ретінде жариялауы ерекше әсер етті. Өне бойымызға үлкен жалын, жастық жігер сыйлап, үлкен мәртебеге бөледі. Бұл дегеніміз Тәуелсіз еліміздің тұғырлы байрағын, ел мәртебесін әлемдік аренада абыроймен ұстап жүретін жастарға қарата айтылған кемелді іс пен келешекті болашақтың бастауы деп білеміз!

Біз жастар Елбасы Жолдауын әрқашан қолдаймыз!

Алдағы уақытта Жолдаудағы өзекті мәселелер бойынша жастармен бірқатар кездесулер өткізіп, жастарға табысқа жетудің жолын ашу және Қазақстанның өткенін бағалайтын, бүгінгі күні батыл қыймылдап, келешекке сеніммен қарайтын табысты азаматтардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргіземіз.

Әрине, Елбасының Жолдауы – еліміздің еңселі болашағына нық бағыт беруде. Сондықтан да, «Үдере көшкен уығын сындырады, жұмыла жұмыс істеген – жұмысын тындырады» демекші, Елбасының ұтымды идеялары аясына бірігіп, алдымызға қойған тарихи міндеттерді жұмыла жүзеге асыруға баршаңызды шақырамыз. Еліміз – еңселі, аспанымыз – ашық, Тәуелсіздігіміз – тұғырлы болсын!

 

Айбек Ілебаев, Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі

 

 

Read 93 times

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама