Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Дүйсенбі, 08 Қазан 2018 16:49

ҚР Президентінің Жолдауына қолдау

Кәсіпкерлікті  қолдаудың жаңа бағыттары

 

Елбасының әрбір Жолдауы өзара ұштасып, үндесіп, ел экономикасының дамуына, саяси-әлеуметтік тұрақтылықтың нығаюына бағытталған бағдарларды белігілеп, мезгілі келген мәселелерді шешудің тиімді жолдарын көрсетіп отырған тәуелсіз Қазақстан тарихындағы бірден-бір құнды құжат.

Бұл жолғы да, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ел дамуының барлық бағыттары сала-сала бойынша айқын көрініс тапты.

Жолдауда аталған әрбір 6 негізгі  бағыт өзінше ерекшелене отырып, алдағы күндерге бағытталған нақты міндет-мақсаттарды айқындады.

Соның ішінде өзінің нәпақасын ауылшаруашылығы арқылы тауып отырған ауылдағы шаруалардан бастап, үлкен мегаполистердегі белді кәсіпкерлерге дейінгі барлық санаттардың басын біріктіріп, шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың жаңа бағыттары екендігі сөзсіз.

 «Қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты» деп бастаған Елбасы, осы Жолдауында да бұл бағытты назарынан тыс қалдырмай, аталған шаралардың тиімді жүзеге асырылуы жалақының өсуі мен жаңа жұмыс орындарының ашылуы есебінен қазақстандықтардың табысын арттыратындығын  және бұл үдерістер әрдайым Үкіметтің басты назарында болуға тиістігін шегелеп,  тапсырмалар берді.

Сондықтан, халқымыздың ынтымағы нық болса, еліміздің іргесі берік болып, ауылымыздың көркейе беретіні анық. Елбасымыздың тапсырмаларын бір жағадан  бас, бір жеңнен қол шығарып, бір кісідей атсалысып орындау - ел тұрғындарының азаматтық парызы.

Ұлттың беріктігі, бекемдігі үшін Жолдауды сараптап қана қоймай, оны жүзеге асыруға белсене кірісуге аудандық мәслихат депутаттары әрдайым дайын.

 

Айдар Рустамбеков,

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың

депутаты.

 

Қаралды 36 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама