Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 11 Қазан 2018 12:06

Жолдауға қолдау

Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазанда «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында сол тұрмыс деңгейін  көтерудің алғы-шарттары − білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына баса назар аударылып,  алдағы 5 жылда ішкі жалпы өнімнің  бұл бағытқа жұмсалатын көлемін 10  пайызға жеткізу көзделетінін хабарлайды. Сонымен қатар көңілге қонымды жайттар – мұғалімнің статусын көтеріп,  қызмет аясынан тыс міндеттерді жүктемеуді қатаң ескертті Елбасы. Ал мектепке дейінгі білім беру жүйесін де нығайтып  балабақшалар қызметкерлерінің  жалақысын көтеруді тапсырды. Өйткені  екі-үш жас пен 6-ға дейінгі аралықта сәбилердің ақыл-ойы, мінез-құлқы қалыптаса бастайтын кезең.

Президент биылғы жолдауында  да кәсіпкерлерді жөнді-жөнсіз  тексере бермеу саясатын нығырлап қайталап, тексеру бағыттарындағы органдар басшыларына  тікелей құлаққағыс жасады.

Ал сонымен қатар отандық өнімді молайтып, қайта өңдеу салаларын да  дамытуды сырттан келетін тауарларды, әсіресе азық-түліктерді өз өнімдеріміздің  есебінен мейлінше  қысқартуды да тапсырды. Бұл жөніндегі  тақырып азық-түліктік қауіпсіздікке тірелетіні де түсінікті.  Ал сырттан келетін  өнімдер сапасы көп жағдайда ешбір сын көтермейтінін көзіміз көріп жүр. Елбасымыз  сондықтан азық-түлік сапасын тексеретін қызметтер жұмысын да жолға қоюды  талап етті.

Жасыратыны жоқ  ауда-нымыздағы азық-түлік, таза-лық басқа да санитарлық талаптарды тексеретін мекемеден журналистер қауымы үшін ақпарат алу қиынның қиыны екені шындық. Аталған мекеме қызметкерлерінің  уәжі: Елбасының кәсіпкер-лерді жөнсіз тексере бермеу туралы нұсқауы. Жөнсіз тексеруді...

Басынан аяғына дейін тікелей эфирден көріп, тыңдаған Президент Жолдауы ашықтығымен, нақты мысалдар, фактілер мен цифрлар келтірумен ерекшеленгенін осы жолдардың  авторы  ғана емес еліміздің  тұрғындарының  басым көпшілігі қолдағанын сенімділікпен айта  алар  едім.

Хайролла Ахметжанов,

«Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы, аудандық қоғамдық кеңес мүшесі. Қазақстанның құрметті журналисі.

Қаралды 31 рет
Толығырақ бұл категорияда: « Елбасы жолдауы Жолдауға қолдау »
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама