Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 11 Қазан 2018 12:08

Жолдауға қолдау

Елбасының 5 қазандағы «Қазақстандықтар-дың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы Түрген Бастауыш партия ұйымындағы 8 топтық ұйымда тікелей көрсетілім арқылы тыңдады. Жалпы  әр жыл сайынғы Жолдауда нақты тапсырмалар мен дамудың даңғыл жолы айқын көрсетіліп берілетіндігі анық. Күткеніміздей, кезекті Жолдау да көптеген тың тапсырмалар мен негізгі бағыттарды айқындады. Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктердің орасан зор екендігін қорыта келе, Елбасының жалпы ішкі өнім, инфляция, барлық макроэкономикалық көрсеткіштер жай ғана цифр емес, қазақстандықтардың өмірін жақсарту көрсеткіштері екендігін баса ескертіп, ел экономикасының әр саласы бойын-ша ең төменгі жалақы мөлшерінің 1,5 есеге өсетіндігі, бизнеске қолдау, ғылым, білім, денсаулық сақтауды дамыту мен халыққа ең керекті тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы олқылықтардың орнын толтыруды баса тапсырып, «Ауыл – Ел бесігі» жобасын ұсынғаны ауыл жұртшылығына тағы бір серпіліс берді.Сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу саласын дамыту, отандық өнімдерді қолдау көрсету мәселесі де ауылшаруашылық тауар өндірушілер тарапынан қызу қолдау табуда. Елбасының Жолдауын Түрген бастауыш партия ұйымындағы партия мүшелері толық қолдайды.                                                                

 Б.Елеусізова,

«Нұр Отан» партиясы

Түрген бастауыш ұйымының төрайымы.

Қаралды 43 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама